18 наурыз күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Студенттік Парламенттің және “Әй-керім” қыздар клубының ұйымдастыруымен ұлттық киімді насихаттау мақсатында “Жаһанша аруы 2024” байқауы өтті.
Байқауға колледжіміздің 1, 2 курс студенттерінен 9 ару қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды:
І. “Сәлем - сөздің анасы” таныстыру кезеңі
ІІ. “Қыз еркем - кестесімен көркем” үздік қолөнер кезеңі
ІІІ. “Зерделінің ойы озық” танымдық сұрақтар кезеңі
ІV. “Ұлттық киім - ұлтымыздың айнасы” сән көрсетілімі
V. “Мен және қоғам” бейнеролик кезеңі
Бес кезең бойынша аруларымызды әділ бағалап, сын-пікірін білдірген әділ қазылар алқасының мүшелері:
1. Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы - Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы
2. Каримова Бақытханым Мақсотқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Жайманова Лиза Акбулатовна - көркем еңбек және технология кафедрасының оқытушысы
4. Уахит Айкөркем Айбекқызы - музыка кафедрасының оқытушысы
Байқау нәтижесі бойынша:
ІІІ орын - Отарбай Асемжан 2асКШР-9 тобының студенті
ІІ орын - Ербайқызы Ақгүл 1апКДО-11 тобының студенті
І орын - Мулдашева Сабина 1асКШК-9 тобының студенті
“Жаһанша аруы 2024” байқауының жеңімпазы - 1сКШИ-9 тобының студенті Аманғали Жанбота
Барша қатысушылар арнайы номинациялармен, дипломдармен марапатталды.
Байқауға қатысушы Жаһанша аруларына алғысымызды білдіріп, шын жүректен құттықтаймыз!