Студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалануда үнемі жұмыстанудамыз. Сондай шаралардың біріне тәрбиеші Гүлбану Талғатқызы студенттермен бірге Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен «Бөлек болмыс» атты кештің куәсі болды.Бұл кеш басқа кездесулерден өзгешелеу болды.Тәрбиелік мәні зор, жастарға өмір сүрудің мәні мен маңызын терең түсіндіре білетін кеш болды.Кеш барысында кейіпкердің өз аузынан шыққан өмір дерегін тыңдап, жылап та, күліп те алып,өмірдің ағысына қарсы жүзген батыр ананы көрдік.
Осындай тағылымды кештен жастар Мәдениет үшін жанын салған өжет қызметкерді көрді.Тіл үшін күрескен жанашыр жанды көрді.Осындай ғибратнамалы кешке студенттерді жиі апарып,осындай қайратты аналарды, еңбегі орасан тұлғаларды дәріптеуіміз керек.