Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бірлескен «ТӘРБИЕ-ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ» әдістемелік жобасын таныстыру арқылы колледждердің оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы әдістемелік идеялармен бөлісу мақсатында семинар өтті. Семинарға оффлайн және онлайн режимінде БҚОББ білім беруді дамыту орталығының өкілдері, ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен психологтары қатысты.
БҚОББ білім беруді дамыту орталығы ТжКББ бөлімінің басшысы Р.Т. Куаншалиева семинар модераторы ретінде алғы сөзді БҚО ББДО директорының орынбасары Сабиров Нұрлан Меңешұлына жолдады. Басшы өз сөзінде, жаһандану заманында ұлттық тәрбие берудің өзектілігіне тоқтала келіп, «Тәрбие- ізгіліктің бастауы» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
Колледждің тәрбие жұмыс орынбасары Б.М. Каримова «Тәрбие-ізгіліктің бастауы» әдістемелік жобасын таныстырылымын жасап, жоба бойынша әдістемелік нұсқаулықтағы белгіленген шараларды атап өтті. Әрі қарай колледжде ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы, ұлтжанды, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу жолдары туралы әр мамандық бойынша оқытушылар, жатақхана тәрбиешілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасынан тәжірибелі ұстаз Қ.Ү.Жақыпова «Тұлғатану»- ұлттың ұлыларын таныту жолы» тақырыбында «Зерде» клубына жетекшілік еткендегі
20 жылдық тәжірибесінде ұлттың ұстыны болар тұлғалар С.Зиманов, Т.Н.Нұғманов, Ө.Жәнібеков, Қ.Жұмағалиев, Ж.Ақбай, С.Шарабасов, М.Сабыр, Ғ.Сейтақ, Ж.Жақсығалиев, Б.Губайдуллин т.б. сынды игі жақсылармен түрлі форматта кездесудер өткендігі туралы кафедра оқыушыларымен бірге баяндады.
“Ұлттық сезім - көркем мінездің айнасы” тақырыбында «Әй-керім» қыздар клубының бағыты туралы жетекшісіР.М.Ғалымова баяндап, топ мүшелері қазақ қызына тән бұрымның түрлері, бұрым қою дәстүрінің мән-маңызын әдемі көрініспен жеткізді. «Алаш идеологиясы арқылы білім алушылардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында «Жас саясаткер» клубы жетекшісі С.К.Бисенова колледждегі ұлттық патриотизмді қалыптастырудың 4 түрлі бағыты туралы әңгімелеп, клуб мүшелерінен ұлттық рухтағы жырлары мен жалынды сөздерінен әдеби монтаж көрсетті. Жатақхана тәрбиешісі Г.Т.Шахаева «Студенттер үйінде ұлттық тәрбиені насихаттау жолдары» тақырыбындағы баяндамасында «Қызыңды тәрбиелесең ұлтыңды, ұлыңды тәрбиелесең рухыңды тәрбиеле!» дегендей студенттер үйінде «Оймақ», «Көріктім» т.б үйірмелердің ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі , сондай-ақ ұл тәрбиесіне байланысты өткізілген шаралар туралы «Оймақ» үйірмесі мүшелерімен әсерлі әңгімеленді.
Педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Сахипова «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында жасақталған сайт, сайттағы психологиялық контент бағыттары туралы баяндады.
Семинардың бірінші бөлімі нейротренинг арқылы қорытындыланып, екінші бөлігі «Айналмалы бекет» әдісі бойынша шеберлік сыныптарында жалғасты.
«Орыс тілді аудиторияларда ұлттық құндылыққа баулу жолдары» (оқытушылар А.С.Бекбулатова , Н.Н.Шагиева,) фолклорлық практика барысында орыс тілі мен қазақ тілін салғастырудың жолдары интерактив тапсырмалар арқылы көрермендерді сергітсе, Абай-Пушкин шығармаларындағы үндестік әдемі көрініс арқылы танытылды,«Домбыра-ұлттық рухани жәдігер» тақырыбында «Атамұра» ұлттық ансамблі жетекшісі Қ.А.Есқайыров домбыраның қазақ үшін маңызын таныта келіп, қатысушыларға түрлі аспаптар (соның ішінде қолдан жасалған) сылдырмақ, домбыра, тайтұяқ, т.б. ансамбльмен бірге Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап шығуы өте әсерлі болды.
«Сандар шежіресі мен туыстық атаулар байланысы» А.Т.Утегенова, «Ұлттық ойындар» роботтар шеруі А.К.Джумагазиевалар математика, роботатехника әлемін қазақтың ұлттық дүниетанымымен байланыстыруы -сәтті жобалардың бірі болды.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ойындар мен дәстүрден тыс технологиялар арқылы ұлттық сезімді қалыптастыру» МДТ кафедрасының меңгерушісі А.Б. Сәрсенгалиева, "Ұлттық құндылықтарды тілдік дағдылар арқылы дамыту" шет тілі оқытушысы Н.С.Дербіс, «Ұлттық қолөнер бұйымдарын заманауи технологияда орындаудың ерекшеліктері»Ж.Ж.Жоңқарбаева, Л.Жайманова, «Ұлттық ойындар- ұлт қазынасы» А.А.Муратбекова, М.Ж.Нұрмұхановтар шеберлік сағаттарын көрсетті.
Шара соңында БҚОББ білім беруді дамыту орталығы ТжКББ бөлімінің басшысы Р.Т. Куаншалиева қорытынды сөз сөйлеп семинарды ұйымдастырушы колледж ұжымына алғысын білдіріп, «Тәрбие-ізгіліктің бастауы» жобасына сәттілік тіледі.