23 ақпан күні педагогика және психология пәндерінің оқытушысы В.А.Даулетова 3аКШФ-9 тобына «Психология және спорт психологиясы» пәнінен «Жаттықтырушының бала темпераментімен санасуы» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Темперамент, олардың типтері, психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы өз қызметінде бала темпераментін ескеруге үйрету. Сабақтың түрі: практикалық.
Сабақтың ұйымдастырушы кезеңінде «Мадагаскар» мультфильмдегі кейіпкерлердің темперамент типтерін анықтау арқылы тақырыпты ашып, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын оятты. Топқа бөлу үшін “Смайлик” әдісін қолданды. Сабақ барысында "ғалым және теория" әдісі, сәйкестендіру, кластер құру, жағдаяттарды шешу және сомдау секілді әдіс-тәсілдер қолданды. Білімді бекіту мақсатында view.genial.ly платформасы арқылы интерактивті ойын ойнатылды. Топтық жұмыста студенттер темперамент типтеріне сәйкес келетін спорт түрлерін анықтап, постер қорғады. Сабақ соңында рефлексия жасалып, студенттердің пікірі тыңдалды.
Зерттеу сабағына зерттеу тобының мүшелері Н.Н.Шагиева, К.Г. Каналиев және кафедра оқытушылары Ж.К.Даулетбаева, Н.Б.Нурланова, Ж.Серікқызы қатысты.