22 ақпан күні “Зорлық-зомбылықсыз әлем. Біз бірге жеңеміз!” тақырыбында әлеуметтік-психологиялық тренинг өтті.
Тренинг “Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек” жобасы аясында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында коледждің әлеуметтік педагогы мен психологтарының бірлесуімен жүзеге асты.
Студенттердің бойында сенімділік, ауызбіршілік, адамгершілік сынды құндылықтарды қалыптастыру мақсатында “Қарлы кесек”, “Барлығы, кейбіреулер және мен”, “Менің көңіл-күйімнің түстері”, “Бірге санайық”, “Кеседегі су”, т.б. қызықты тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, танымдық презентациялар мен видеороликтер көрсетілді.