23 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде практика бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – болашақтың кепілі» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - мектеп оқушыларына педагогикалық мамандықтармен таныстырып, мамандыққа таңдау жасауға ықпал ету.
Ашық есік күніне №1, №38, №30 қаламыздың мектептерінің 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Бағдарлама бойынша келген қонақтарға экскурсия жүргізіліп, кітапхана, студенттердің шығармашылық көрмесі, Жаһанша кабинеті таныстырылды.
Шара соңында колледж туралы жарнамалық ролик көрсетіліп, келесі оқу жылына қабылданатын мамандықтарымен педагог ұйымдастырушы Н.Б.Нурланова таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар шара туралы интервью беріп өздерінің алған жағымды әсерлерін, қызығушылық танытқан мамандықтары туралы өз пікірлерін білдірді.