22 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Сен және Заң» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатында Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» қанатты сөзі білім алушыларға ой салды. Студенттер ҚР Конституциясындағы балалар құқығы туралы білімдерін толықтырды. Кері байланыс арқылы балалар құқығы туралы сұрақтарға жауап берді. Қорытынды бөлімде студенттер заң саласындағы балалар құқығы туралы құқықтық білімдерін толықтырып, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу жөнінде және Ата Заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткізетіні жөнінде өз ойларымен бөлісті.