Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың мамандық таңдау бағыты бойынша талапкерлерге арналған ақпараттар мен өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қосымша кәсіптік бағыттар беріп, қабылдау ережелері мен колледж студенті болған жағдайдағы міндеттері, оқу үрдістері мен колледж мақтаныштарымен, оқу орнының артықшылығына тоқталып өтілді. Колледж аумағында студенттер үйі орналасқанын айтып, бейімделген колледж сайты мен байланыс қызметтерімен таныстырылды.