21 ақпан күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында 1аКШИ-9 топ студенттеріне қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуі және топтағы қарым-қатынасты жақсарту, өз-өзіне деген сенімін арттыру мақсатында оқытушы Р.М.Ғалымова тренинг өткізді.
Тренинг барысында жүргізілген жаттығулар арқылы студенттер бір-бірінің жеке ерекшеліктерін біліп, топ ішінде өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін құра алды. Сонымен бірге, жылы сөздермен жағымды тілектер айтылды.