20 ақпан күні "Студенттердің ғылыми қоғамының" мүшелері «М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығын талдау» тақырыбында отырыс өткізді. Отырыста СҒҚ мүшелері оқулықтың мазмұнына сай өз презентацияларын даярлап, қазіргі педагогика мен психологиядағы ұғымдармен салыстырып, өз ойларымен бөлісті.
Шара соңында оқытушы В.А.Даулетова көпшілік алдында сөз сөйлеуде орындалу керек шарттарды айтып, презентацияны даярлау бойынша ұсыныстар мен визуализация технологиясын пайдалану жолдары туралы ақпараттар беріп өтті.