12 ақпан күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында 1с КШО-9 тобына «Дос бол LIKE!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Студенттердің позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту және достық қарым-қатынас орнатуда белсенді болуға ынталандыру. Тренинг амандасу жаттығуынан басталып, қатысушылардың бір-бірінің сүйікті істерін айтумен жалғасты. Тренинг барысында «Өрмек торы», «Достық белгісі» жаттығулары орындалды. Тренинг соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырушы: В.А.Даулетова