Бүгін колледжімізге бауырлас Қырғыз елінен құрметті қонақтар келді. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кәсіптік колледжінің директоры Ардақбек Қаныбекұлы мен арнайы пән оқытушылары Назда Надырбекқызы, Бегайым Мақсатбекқызының аймағымызға арнайылап ат басын бұруларының басты мақсаты - екі оқу орны арасында әріптестік байланысты орнатып, серіктестікті нығайту.
«Кәсіптік білім беру саласындағы мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа әдіс-тәсілдері» атты халықаралық тәжірибе алмасу шарасының алғашқы күнінде келген қонақтарды колледждің кіре берісінде қазақы дәстүрмен дәм ұсынылды. Артынша тәжірибе алмасу шарасының арнайы ашылу рәсімінде директордың міндетін атқарушы Мұхамбет Сұпығалиұлы келген қонақтарға қош келдіңіздер айтып, колледж тарихына кеңінен тоқталып, серіктестік сапарларына сәттілік тіледі. Жүсіп Баласағұн колледжінің директоры Ардақбек Қаныбекұлы қос оқу орны арасындағы мұндай байланыстың маңыздылыған мән беріп, болашақта өз жемісін береріне сенім білдірді.
Шараның мәдени бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Ж.Сәлімова, Е.Жақыпов, Ж.Асқаров және Н.Өтесін ұлы ғалым Шоқан Уалиханов тұңғыш хатқа түсірген «Манас» жырының «Көкетай ханның асы» бөлімінен үзіндіні жатқа оқыса, Г. қырғыздың ұлы жазушысы Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесінен Алтынайдың монологін мәнеріне келтіріп оқыды. Колледж студенттері Қ. пен Е.Телман Жамбыл мен Тоқтағұлдың айтысынан көрініс көрсетті. Музыкалық білім беру мамандығының студенттері қырғыздың «Жылқышының әні» (жетекшісі Б.Н.Бакимов) және «Кім білет?» (Жетекшісі А.Тұрарбеков) әндерін әуелетті. Бүгінгі күні шымылдығы түрілген тәжірибе алмасу шарасы Жаһанша колледжінде бір апта бойына жалғасын табады.