1 ақпан күні «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай Орал қаласының аумақтық сайлау комиссияның мүшелері:
Сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Хайруллин Бисенгалий Темирланович, Сайлау комиссиясының хатшысы Жумина Асия Тулейбаевнаның қатысуымен «Еліміздің болашағы жастарда» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: жастарға сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру, жастардың елдегі маңызды қоғамдық-саяси процестерге – республикалық және жергілікті сайлауға қатысуын арттыру болып табылады.
Студенттер көптеген ақпарат алып, сұрақтарына жауап алды.