1 ақпан күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Діни экстримизм және терроризм» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Діни экстримизм және терроризм ұғымының мәні түсіндірілді. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» сұрағына пікірталас болды. Терроризмнен және діни экстримизмнен сақтанудың және қорғанудың тәсілдері бейнеролик арқылы көрсетілді. Студенттер қорғану шаралары бойынша өз ойларын ортаға салды. Топ жеткешісі Алтынай Жауарбекқызы осындай жағдайлардан сақтану үшін ең алдымен,өз әрекетімізді білу керек екенін және адам бойында адамгершілік қасиеттерді,ұлттық құндылықтарды сіңіру керек екенін айтып тәрбие сағатын қорытындылады.