“Ұлттық құндылықтар:кеше және бүгін” танымдық шарасы оздырылды
Колледжімізде 1 ақпан күні Ағылшын кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлттық құндылықтар:кеше және бүгін” танымдық шарасы оздырылды.
Шараның мақсаты: студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Шара үш бөлімнен қамтылды: «Қолөнер – мол өнер»(Ата-аналардың шеберлік сыныбы),
«Әсем әуен сыңғырла» (қазақтың ұлттық аспаптары туралы) «Ата-ана сөзі-тәрбие көзі» Ата-аналардың шеберлік сыныбы бойынша 2асКШИ-9 тобының студенті Шамарова Арайдың апасы Серікқалиева Данара «Өңіржиек жасауды бірге үйренейік» тақырыбындағы шеберлік сыныбында аруларға кеудеге тағылатын әшекей түрлерінің жасалу жолдарымен таныстарды.
3сКШИ-9 студенті Габдулина Дильназдың анасының шеберлік сыныбы Карабалиева Гульзада Кенесовна Атырау қаласынан келіп «Кесте тесте тігу өнері»тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетіп қалай тігілетіні,тарихы және құралдаымен таныстырды.
1аКШИ-11тобының студенті Мәди Ерқанаттың анасы Нимова Мирамгүл Өмірзаққызы өз шеберлік сыныбы «Тоқыма қол өнері» онлайн видео арқылы көрсетті.Тоқыманың қалай тоқылатыны, қандай құралдар қолданатынын айтып өтті.
3сКШИ-9 тобының студенттері: Кисметова Насипханым, Сапарова Жангүл, Шүкірғали Ақерке, Муратова Көркем. Майданова Айсауле «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» және «Ұлттық аспаптарымыз –домбыра және қобыз егіз» туралы дайындаған мәліметтер айтылды. Танымдық ойындар ұйымдастырылды, ойналған күйлерді табу және мақалдардың басы беріліп ар жағын жалғастыр деп аталып, ата-аналар, оқытушылар және студенттер өз белсендіктерін көрсетті. 2асКШИ-9 студенті Ниязова Аңсана «Балбырауын» домбырада күйін ойнаса, қобызда 3сКШИ-9 студенті Ұзаққали Жансая «Қарылғаш» әнін қобызда ойнайды.
Сонымен қатар 3сКШИ-9 және 1аКШИ-11топтарының студенттері өз қолдарынан шыққан туындыларын көрмеге қойып, қалай жасалғаны турлы ақпарат берді. Шараға директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Л.Есенова, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Б.Каримова, ағылшын кафедрасының меңгерушісі: Ш.Мұхтарова, шараны ұйымдастырушылар ағылшын тілі пәні оқытушылыры: А.Давлетова және Н.Дербістің және көрермен ата-аналар, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
Шара соңында 3сКШИ-9 студенті Габдулина Дильназдың анасы Карабалиева Гульзада Кенесовна алғысын және лебізін білдірді және Л.Есенова сөз алып ата-аналарды колледж директорының алғыс хатымен марапаттады.