Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде оқытушы Б.М.Каримова «Қазіргі қазақ тілі, әдістемесі, каллиграфия» пәнінен 3аКШО-9 тобына «Бастауыш сыныпта сөз тіркесін оқыту әдістемесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ бастауыш сыныпта сөз тіркесін оқыту оқытудың жолдарын мектеп бағдарламасы мен оқулықтары негізінде талдауға, ҚМЖ құруға, өз бетінше жұмыстануға дағдыландыру. Лексикалық тақырып ретінде балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 толуына орай, жазушының шығармашылығынан, соның ішінде «Менің атым Қожа» фильмі туралы қосымша мәлімет беру арқылы шынайылыққа үндеп, кітап оқу мәдениетін арттыруды мақсат тұтты.
Қызығушылықты арттыру кезеңінде «Менің атым... Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.» деген шығарманың әйгілі фразасынан басталып, сөз тіркестері ажыратылды. Өтілген материалдарға сұрақтар арқылы шолу жасалды. Топқа бөлінуде жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, «Менің атым Қожа» бойынша мәліметтер берілді.
Сабақ барысында бастауыш сынып бағдарламасымен, оқулықпен жұмыстанып, бастауыш сыныпта сөз тіркесі алдымен «Сөздердің байланысы» тақырыбында 1,2 сыныптарда оқытылып, шиыршық әдісімен 3-сыныпта «Сөйлем мүшелерінің байланысы», 4-сыныпта «Сөз тіркесі» деген тақырыптар өтілетіндігін, негізінен тірек сызба, жаттығу, интерактивті әдістерді, сандық технологияларды қолдану жолдары меңгертілді.
Ski Lift (youtube.com) бейнематериал көрсетіліп, https://learningapps.org/, https://www.jigsawplanet.com сайттары арқылы тапсырмалар беріліп, білім алушылардың қызығушылығын арттырды.
Сергіту сәтінде «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді беріліп, «Кино-тайм» ойнатылды.
https://padlet.com/ сайты арқылы кері байланыс орнатылып, үйге тапсырма (тақырып бойынша ҚМЖ құру) берілді.
Топ басшылары бағалау парағы арқылы өзара бағалау жүзеге асты.
Сабақ барысында қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева "Менің атым Қожа" повесін орыс тіліне аударғандығы, 1967 жылы халықаралық Канн фестивалінде "Менің атым Қожа" фильмі арнаулы жүлдеге ие болғандығы, Астана қаласында кейіпкер Қожаға арналып ескерткіш қойылғандығы туралы да қосымша ақпараттар берілді.