Қыз бұрымы қашан да қазақ қыздарының сұлулығының символы мен әсемдігінің белгісі. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу біздің мақсатымыз.
Бүгін жатахқанадағы бұрымды қыздарымыздың арасында “Қыз бұрымы - қорғаны” атты шарамыз колледждегі өтіп жатқан этно апталықтың жалғасы негізінде ұйымдастырылды.
Қыздың көркі – шаш болғандықтан, табиғат берген көркімізден айырылмай, айнымай жүрейік!