14 желтоқсан күні колледжде «Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік!» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу мақсаты: ұстаздар мен студенттерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу.
Аталған шараға Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасы инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Хайруллин Асыланбек Мұратұлы, басқарманың бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Г.Шабаров қатысты.
Шара барысында алғаш сөз алған Асыланбек Мұратұлы өрт қауіпсіздігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп, өрт сөндіру құралының қалай пайдалану керектігін көрсетіп өтті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, аталған сұрақтарға тиісті мамандар тарапынан жауап беріліп отырды. Өз кезегінде сөз алған Шабаров Е.Г бейнероликтен құтқарушы болам деген түлектерге оқу орынына қалай түсуге болатынын айтып берді.
Шара соңында қонақтар мен қатысушыларға колледж директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ақан Мәлікұлы сөз алып алғысын білдірді.