12 желтоқсан күні ағылшын тілі апталығы аясында пән мұғалімдері Даулеткалиева А Т., Сагатова Б.Д., Давлетова Ә.Е. 1-2 курс студенттерімен "Intellectual heritage of Alash" атты ашық тәрбиелік шара өткізді.
Мақсаты: Студенттерге Алаштың бес арысын сонымен қатар, Алаш көсемдерін таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу.
2аКШИ-9 топ студенті Ниязова Ансана, 1аКШИ-11 топ студенті Жилкайдар Меруерт А.Байтұрсыновтың, 1аКШИ-11 топ студенті Абдрахманова Агнесса, 1аКШИ-9 топ студенті Абат Инабат Ш.Құдайбердіұлының, 1аКШИ-11 топ студенті Мади Ерканат М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығын ағылшын тілінде баяндады. Ж. Досмұхамедов және оның мұрасы туралы 2аКШИ-9 топ студенттері Мағумат Айнұрым, Еслямғалиева Нұржанат 1аКШИ-9 топ студенті Бисалиева Диляра, 1аКШК-9 Оракова Айша айтты. 1сКШИ-9 топ студенті Курмашева Акмаржан "Тәуелсіз қазақ қызымын" атты әннің салды. 1аКШИ-11 топ студенттері қазақ биін билеп, 1сКШИ-9 топ студенті Самиева Назым «Балбырауын» күйін ойнады. Х. Досмұхамедов және оның мұрасы 1аКШК-9 топ студенті Урынгали Гулбану, 1асРШО-9 топ студенті Талғат Азиза, Кучерявая Анастасия айтты. М.Дулатұлының «Оян қазақ» өлені оқылып, көрініс қойылды. Шара соңында студенттерге Алаш тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды.