5 желтоқсан күні колледжіміздің еріктілеріне арналған салтанатты шара өтті. Шараға Ынтымақ еріктілер тобының, Студенттік Парламенттің мүшелері қатысты. Колледжіміздің белсенділері бас қосып, керемет әсер қалдырған шара болды.
Шара соңында Жастар ісі комитетінің жетекшісі К.С.Бикитеева барша белсенді еріктілерді мерекемен құттықтап, Ынтымақ еріктілер тобына колледж директоры А.Ж.Кайрлиеваның алғыс хатын табыстады.