Жоба жұмысы аясында жобаға қатысушы БҚО ББДО әдіскері Жакина Жұлдыз Бауыржанқызы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры А.Ж.Кайрлиева және оқытушы-әдіскерлер мен қаланың бастауыш мектеп мұғалімдері әдістемелік көмек беру мақсатында Теректі ауданының «Ақжайық», Дуана, Шалқар, Пойма, Айтиев ауылдарының бастауыш мектептеріне барды. Олар бастауыш мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасап, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек берді.
Қаладағы №43 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Жалгасова Армангуль Жалгасовна мен ББДО әдіскері Жакина Жұлдыз Бауыржанқызы, №50 ЖОББМ бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісінің орынбасары Утегенова Замзагуль Рагуовна, №22 ЖОББМ оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Кабдрахманова Турсынгуль Гайнетденовналар мектептегі құжаттарды жүргізу және жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану және қалыптастырушы бағалауды жүргізу жолдарын көрсетті.
Мектеп мұғалімдері өздері қызықтырған сұрақтарға жауап алып, педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Колледж директоры А.Ж.Кайрлиева бастауыш мектептердің материалдық-техникалық базасымен танысып, АКТ-мен жұмыс жасау барысындағы жұмыстар ретімен танысты. Сабақта цифрлық технологиялар мен АКТ қолдану мүмкіндігі бойынша колледж тарапынан әдістемелік көмек жасалатынын айтты.