Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры, БҚО ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Светалана Меңдіғалиқызы Бахишева БҚО ақпараттық-насихат штабы алдында колледжімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Sanaly urpaq» жобасының жүзеге асырылуы, сонымен «Парасаттылық мектебінің» жұмысы жөнінде кеңінен ақпарат берді.