ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    «Ерікті – 2020»

    Колледждердегі волонтерлік ұйымдары арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, волонтерлік ұйымдардың жұмысын жетілдіру, Еріктілер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдап, жоспар құру мақсатында 08.01.20 күні Республикалық жоғары техникалық колледжінің базасында қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы волонтерлық жұмысқа жауапты жас мамандардың отырысы оздырылды. Кеңес отырысы барысында БҚО Білім басқармасының оқу-әдістемелік бөлімінің жауапты маманы Т.Б Киясов «2020 жыл – Еріктілер жылы» болып қабылдануына байланысты бірқатар атқарылатын шаралар мен оларды жүзеге асыру барысындағы жас мамандардың ой-пікірін тыңдап, жылдық жоспарды талқылады.

    Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова