Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Uncategorised

2011 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке деп белгілеген Заң қабылдағанын баршамыз білеміз. Нұрсұлтан Назарбаев – егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазақстандық мемлекеттіліктің бастауында тұрған аса көрнекті тұлға. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі колледжде өткен «Жетістік жолы» атты кездесуде  студенттердің назарын Ұлт Көшбасшысыларының жетістіктеріне назар аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға, сондай-ақ олардың бойында тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталды. Кездесуге қаламыздағы жеке де жас кәсіпкер, «Ақұштап Құспан» сұлулық салонының директоры, 2017 жыл World Skills Kazakstan чемпионатына өңірлік эксперт, ұлттық өнім көрмесінде «жарқын дебют» номинациясын иеленген, Ақұштап Құспан және Батыс Қазақстан облысының танымал киномотографы, урбанист, қоғамның белсенді азаматы, «Үркер» фондының директоры Ғұмар Алишер Ғаниұлы қатысып, студенттерімізге жетістікке жету жолы, іскерлік, кәсіпкерлік, көшбасшылық тақырыптарында ой салды. Студенттер тарапынан да сұрақтар қойылып, керемет кеш болды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Колледж студенттері кездесу арқылы қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді ала алды.

05.12.19 күні 1 курс студенттеріне «Білім –асыл қазына, тәрбие тал бесіктен!» тақырыбында колледж директоры Бахишева Светлана Мендіғалиқызымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты колледж табалдырығын аттап отырған І курс студенттеріне колледж директоры Светлана Меңдіғалиқызының көшбасышылық қасиеттерін үлгі етіп, өз бойларына сіңіру. Кездесудің кіріспе бөлімінде кеш қонағымен таныс болу үшін, шағын дайындалған бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян арқылы студенттер  білім саласындағы қол жеткізген табыстары, ғылыми-педагогикалық жұмыстары, ғылыми-әдістемелік еңбектерімен ғылыми – педагогикалық басылымдардың авторы екендігін туралы ақпараттар алды.  Кездесудің ерекшелігі Светлана Меңдіғалиқызының көшбасшылық қыры, ұстаздық шеберлігі, білім жүйесіндегі жаңаша өзгерістері тақырыбындағы әңгімелер тілге тиек етілді. Студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды. Педагогика саласының түрлі қызықтары мен қиыншылықтары  туралы әңгімелерде қозғалды. Бір ғасыр тарихы бар, қоғам қайраткері Ж.Досмұхамедовтың атын  иеленген, республикаға танымал  тұлғаларды тәрбиелеген оқу орнында білім алу студенттер үшін мәртебе екенін айтты. Светлана Меңдіғалиқызының колледжде қолға алынып отырған мысалы, колледж атауын өзгерту, жаңа эмблема жасау, сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды. Ел десе жүрегі елжірер, ұлт жанды ұрпақты тәрбиелеу ұстаздың қолында екендігін еске салып, студенттерге деген ыстық ықыласын білдірді. Шара соңында колледжіміздің 2 курс студенті Орынбасар Ермаханның «Қазақ жастары» әнімен қорытындыланды. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор екен, сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленетіні білім көшін алға жылжытып келе жатқан  қасиетті тұлғалардың  қатарынан біз колледжіміздің басшысын мақтан ете аламыз.

Өлкемізге танымал тарихшы-ғалым-ұстаз, қадірлі ел ағаларының бірі Тұяқбай Зейітұлын үлкендер жағы жақсы танығанмен, кейінгі жастардың бәрі бірдей тани бермейтіні рас. Ұстаздың педагогикалық еңбек жолындағы игі істерін жастарға таныстыру мақсатында 07.11.19 күні ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик  Т.З.Рысбековпен кездесу кеші өтті. Кездесуді колледждің тарих мұғалімі, ғалымның шәкірті А.Қайырлиева мағыналы да мәнді жүргізіп, ғалым еңбегін еліміз бен өлкеміздің тарихи баспалдақтары мен байланыстыра білді. Тұяқбай Зейітұлы салмақты да, сабырлы қалпымен алғашқы сөзін Жамбыл педагогикалық училищесінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығына қалай қабылданғанынан бастап, нағыз ұстаздар негізінен педагогикалық учлище, қазіргі колледждерде қаланатынын айтып, қоғамдағы бастауыш сынып мұғалімі, мәртебесін көтеріп шынайы бағасын берсе, ұстаздықтыңұлы қызмет екенін айтып, жастардың бойына жауапкершілік сенімін ұялатты.Кездесу барысында ел тарихы, қоғамдық өмір мен өлке тарихына байланысты әңгімелер қозғалды.Кешке келген шәкірттері Жаңабек, Самат сынды азаматтар ұстаздың ғылыми жетекшісі ретінде  шеберлігі мен табандылығын, сабырлығы мен қарапайымдылығын, адамгершілігі мен жауапкершілігін айтты. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де ректор болған кездегі  оқу орнындағы жаңа істер мен биік белестерді бағындыру, жаңа факультеттер мен академиялық мобильдік оқуды енгізу, Болон жүйесіне ену т.б. көрсеткіштер өз жүйесімен орынды жүргенін айтып, оқу орнының беделі республикада өз бағасын алуы көп жылғы еңбектің нәтижесі екенін шәкірттері мақтанышпен айтты.

01.11.19 күні Жастар  мәдениет үйінде колледж жанынан құрылған «Руханият» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Арба» тірек-қимыл аппараттарының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі  мен колледждің музыка пәнінің мұғалімі мамандығының 3пКШМ топ студенттерімен бірге «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.

Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында  «Достыққа шекара жок: Жастар. Диалог. Мәдениет» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы  аясында «Бірлік -Дружба» фестиваліне Ж.Досмұхамедов колледжінің белсенді студенттері қатысып келді.

21 желтоқсан күні жатақхана студенттеріне «Өмір қымбатсың маған» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренингке 25 студент қатысты. Мақсаты: «Өмір», «бақыт» ұғымдарын тереңірек  үңілуге ықпал жасау

Міндеттері:

  • Өзіңде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету
  • Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу
  • Өмірге құштарлықтарын арттыру

Жүру барысы: 

Тренинг психологтың кіріспе сөзінен басталды.

Алдымен танысу мақсатында «Өрмек» жаттығуы  орындалды. Жаттығу барысында өзінің есімі мен өмірлік мақсатын айтып, бір-бірі туралы қосымша ақпарат ала алды.

 

Танысудан соң «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы арқылы өздерінің өмірлік позициясын анықтады. Ортаны сергіту,қызғушылығын ояту  мақсатында бірнеше ойын жаттығулар ойнатылды.

  

«Күлтешелер» жаттығуы арқылы әр студент өзінің ойымен бөлісті. Қатысушылар өздеріне берілген «күлтешелерге» «Өз өмірімді сүюіме әсер ететін  себеп»,»Мен сенетін үш адам», «Естігім келетін үш сөз», «Мен мақтан ететін тұлға», «Менің жоспарлаған ісім, мақсатым», «Мен мақтан ететін жағдай, жетістігім», «Өзімді жақсы сезінетін орта» тақырыптары бойынша өз ойларын айтып, өз жазбаларын таныстырды.

«Өмір таразысы» жаттығуында студенттер "басқалар үшін өмір сүру" және "өзі үшін өмір сүру" екі өмірлік позицияны не себептен таңдағанын айтып, өз пікірлерін дәлелдеді. 

Тренингке «Жақсылық ағашын» толтыру арқылы рефлексия жасалды.

Ағаштың тамырына – жақсы сөздер, ағаштың жапырағына– жақсы ойлар мен .ғаштың жемісіне – жақсы істер жазылып, оқылды.

  

Батыс Қазақстан облысы әкімімен бекітілген «Өзіңнен баста-Начни с себя!» жобасын жүзеге асыру шаралары жоспарының 11 тармағын орындау, жасөспірімдер мен жастар арасында ұсақ бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру мақсатында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің спорт алаңында «Өзіңнен баста-Начни с себя!»флеш-мобы өткізілді. «Өзіңнен баста – Начни с Себя!» акциясының мақсаты: қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтар мен күрес жүргізе отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшлік және қылмыстық құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Акцияның ашылу салтанатында директордың әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрлыбек Закариянұлы сөз сөйледі. Ұсақ бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік қағидасының көрнекіліктері пайдаланылды.

 

«Сенімділік күш береді» тақырыбында 2пКШО-11 топ студенттеріне тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты: оқушылардың сенімділігін, мінез – құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.Ең алдымен студенттермен Сәлемдесу – жаттығуы орындалды.Нұсқау барлықтарыңыз орындықтарыңыздан тұрып өз жұптарыңызды табуларыңызды сұраймын. Бір – бірлеріңізге жимия қарап слайдтағы қызықты қимыл – қозғалыс арқылы бір – бірлеріңзге сәлем жолдау қажет. Мынадай сөздер айтылу керек. Сәлеметсіңбе? Қалайсын? Қайда болдың? Сен келдіңбе? Мен сағындым? Жақсы болды?

Видеролик: Мен сенімді тұлғамын

2 жаттығу «Мен саған сенімдімін»

Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту, оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін жаздыра отырып басқалардың көзімен жақсы қасиеттерін білдіру арқылы сенімділіктерін арттыру.

 4 жаттығу «Менің көңіл - күйім» тест

Мақсаты:әдеттері, жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік беру.

Нұсқау: Сіз төменде берілген пікірлерге «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест қорытындысы туралы мәлімет, ең алдымен сізге қажет. Ол тренинг жаттығуларына қатысу кезінде өзіңіз, әдеттеріңіз және жеке ерекшеліктеріңіз туралы ойлануыңызға мүмкіндік береді. Егер тесттегі мінез – құлық бойыңызда болса, онда «иә» деп жауап бересіз.

Рефлексия

Сұрақтар:

1.Бүгінгі кездесу сізге не берді?

2.Несімен ұнаған жоқ?

3.Тілегіңіз?

«Дос болайық бәріміз!» тақырыбында  5 қараша мен 10 қараша аралығында1аКШО, 1пКШО, 1пРШИ, 2сРШИ топтарында және жатақхана студенттеріне тренинг ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  • Студенттерге дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
  • Студенттерді адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
  • Студенттердің адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Тренинг барысында достық туралы студенттердің ой пікірлері тындалды.  Достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу мақсатында «Дос іздейміз» жаттығуы өткізілді.

Бір-бірін қаншалықты білетіндіктерін анықтау мақсатында «Біз екеуміздің ұқсастығымыз…» жаттығуы ұйымдастырылды. Сағат тілімен әр қатысушы өзінің көршісіне қалайша ұқсас екенін айтып өтті. 

Топтық ұйымшылдықты дамыту мақсатында «Үлкен отбасылық фотосурет» жаттығуы орындалды. Жаттығудың соңында рефлексия жасалды.

Топ студенттерін толғандырып жүрген мәселелерін білу мақсатында «Хат» жаттығуы өткізілді.

Студенттер өздерінің достарымен арасызда туындап жүрген келіспеушілік жайлы, досыңыз шешімін таба алмай жүрген жағдаят жөнінде және т.б. тұлғааралық қарым-қатынасындағы проблемалар, толғандырып жүрген жайттар жөнінде ананимді түрде хат жазды. Содан соң топ болып мәселелер қарастырып, дұрыс ақыл-кеңес берілді.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттер үйі 1981 жылы пайдалануға берілген, қабырға материалы кірпіш. Студенттер үйі 9 қабатты, алып жатқан жалпы аумағы - 4095,8 шаршы метр, тұрғын аумағы - 2079,1 шаршы метр, орындар саны 314. Әр қабат 2 секциядан тұрады. 1 секцияда 8 бөлме, 2 дәретхана, 1 душ бөлмесі, 1 ас әзірлейтін бөлме және жуынатын жермен жабдықталған. Әр бөлмеде үш есікті шкаф, екі қабатты кереует, бір қабатты кереует, тумба. Тамақ ішетін үстелмен, отырғышпен және төсек орындармен қамтамасыз етілген. Студенттер үйінде толықтай заман талабына сай безендіру, жұмыстары жүргізіліп, жиһаздары да жаңартылды. Студенттердің жеке басының қажетіліктерін қамтамасыз ету мақсатында асхана, медициналық пункт, демалыс холлы,«Интернет кафе» және «Кино зал» қызмет етеді. Студенттер үйінің тұрғындары өз бетімен сабақтарына дайындалуы мен демалуына қажетті жағдайлар жасалды. Барлық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 32 бейне бақылау камералары орнатылды. Студенттер үйінде «Әуен» алаңы, «Тілдесу» алаңы, «Өнер» алаңы, «Ойын» алаңы жабдықталды. Студенттердің қалағанынша білім алуына бар жағдай жасалды. Бөлмеде тұрғындар 2,3,4 кісіден тұрады. Студенттер үйінде 1 меңгеруші, 1 комендант, 4 тәрбиеші, 4 вахтер, 4 кіші қызметкер қызмет атқарады. Студенттер үйі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішін барлық бейнебақылаулар «Полиция Департаменті» Жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар 1-ші қабатта колледж студенттері мен студенттер үйінің тұрғындарына медициналық көмек көрсететін медициналық бөлме және оқшаулау бөлмесімен жабдықталған. Онда 1 бірлік медбике қызмет атқарады. Тәрбиешілердің басты міндеті келген студентті жаңа ортаға, жаңа жағдайға бейімделуіне көмектесу, жағдай жасап, өзара сыйластық пен мейірімділікке, сенімге негізделген, ұйымшыл ұжым қалыптастыру. Тәрбиешілер оқу жылының басында бекітілген жылдық жоспар бойынша жұмыс жасап тәрбиелік шаралар өткізеді.

Студенттер үйінің жоспары: сілтеме

Студенттер үйінің ішкі тәртібі: сілтеме

 

7 қазан күні кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен Ақұштап ақын шығармашылығын ұлықтау мақсатында "Жырымен әлдилеген Ақжайығын" атты жыр кеші өтті. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Құрмет" орденінің, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерейқызымен кездесуге колледж оқытушылары, студенттерімен қатар ақынның ізін басып келе жатқан інілері ақын Ғайса Ғали Сейтақ, облыстық "Орал өңірі" газетінің редакторы Б.Ғұбайдуллин, Жайық -Пресс медиа холдингінің директоры Р.Сәбитов, әнші-композитор Қ.Қисметов, шәкірті Г.Абдуловалар қатысып, ақын шығармашылығы туралы ой- пікірлерін білдірді. Кеш барысында Ақұштап ақын өз оқырмандарымен өмірден көрген -түйгендерімен бөлісіп, аналық ақ тілегін жыр жолдарымен жеткізді. Жыр сүйер қауым ақынның Жайықтың Ақ Шағаласынан Алаштың Ақұштабы дәрежесіне дейінгі өсу жолын оның өлеңдері арқылы таныды, түйсінді. Ақынның өзім туралы өлеңдер циклін, лирикалық өлеңдері мен өршіл рухты жырларын студенттер мөлдіретіп мәнерлеп оқу арқылы тыңдарманға Отанға деген махаббат туған жерге деген адал сезімнен басталатынын  ұғындырғандай болды.

Ақұштап Бақтыгерейқызының қазақтың біртуар тұлғалары Жұбан ақын, Қадыр ақын, Хамза Есенжанов, өр мінезді батыр қыз Мәншүк пен ақын Фариза  рухтарына арналған арнау өлеңдерінен тұлғаны таныту миссиясын аңғарды. Ақынның орыс тіліне аударылған "Лебединая верность" (Т.Кузовлева) жыр жинағынан оқылған өлеңдерінің де ақын табиғатының өзге тілге таза берілгенін байқады. RED x жобасы аясында автордың колледждегі ақын атындағы дәрісханаға өз қолтаңбасымен тапсырған жыр жинақтарының жарнамасы жасалып, қалың оқырманның жыр оқуға деген құлшынысын арттырды.  

Ақынның әнге айналуы да - бір бақыт, оның өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқовтан бастап ән жазған. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған І.Жақановтың "Оралдың ерке самалы", Қ.Қисметовтің "Алаштың Ақұштабы" атты сөзі мен сазы қабысқан әндері орындалып, тыңдарман қауымды ерекше күйге бөледі. Кеш соңында оқылған Ақұштап Бақтыгерейқызының Жайық туралы жүрекке жазылған жырыннан тыңдарман мерейтой үстінде де ақын көңілінде алаң барын танып, "Депутатыңмын қашаннан, дауыссыз, даусыз сайланған" деген жолдардың мәнін терең сезінді, ақын жырларының жүректерге жетуінің сыры жүректе жазылатындығын ұқты, сөйтіп талантқа тағы бір бас иіп, Ақжайығын жырымен тербей беруге сарқылмас шабыт, мықты денсаулық тіледі. Колледж директоры С.М.Бахишева ақын шығармаларына тән нәзіктікпен қатар өзіндік мінездің бар екенін, ол рухты жырларынан көрініс табатындығын  айта келіп, Ақұштап Бақтыгерейқызына , кеш қонақтарына алғысын білдірді.

Қазақ тілі әдебиеті мамандығының 2-курс студенті жас ақын Әлібекұлы Ақтілек Ақұштап Бақтыгерейқызына балғын жүрегінен жыр арнады.

2019 жылғы 4 қазан  Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде  Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз– ұлы тұлға!» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға колледж директоры. Колледж  директоры С.М.Бахишева ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға облыстық басқарма атынан   алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған колледжіміздің  ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп,  гүл шоқтары табыс етіліп, кәсіподақ төрайымы А.С.Бекбулатова колледжіміздің  мерей той иелеріне ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтарын табыс етті.

01 қазан күні колледж студенттері «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресін!» атты акция ұйымдастырды. Сонымен қатар, жақсылыққа – қайырымдылықпен, мейірімділікке – ізгілікпен, достыққа – адалдықпен жауап беру нағыз адамгершілік қасиет. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – деп, хәкім Абай айтқандай, жүрегі жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогикалық ұжымы және белсенді жастары 1 қазан 1 қараша «Қайырымдылық» айлығы аясында «Нұр Отан» залында Бәйтерек ауданы, Трекино ауылының кішкентай бүлдіршіні Ұлықпанов Дәулетке көмек қолын созу мақсатында «Үміт сыйла» атты қайырымдылық концертін өткізді. Шарада Дәулеттің нағашы атасы Бауыржан Бисенгалиев  және туыстары ұйымдастырушы топқа өз алғысын білдірді. Колледж ұжымы «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалына, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әртістеріне, атап айтқанда «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері Күләш Қуанышқалиеваға. «Мәдениет саласының үздігі» Майра Хайдароваға, филомонияның оркестр мүшелеріне,  сонымен қатар колледждің белсенді жастарына алғысын білдіреді.

Бүгінгі бой жарыстырар емес ой жарыстырар заманда дәл осындай қадамға барып, қайырымдылыққа бет бұрып, орталықтың қамқорланушыларының көңілін табуға келген жүрегі кең, мейірімі шексіз жастардың игілікті шаралары әсте бұнымен тоқтамайды.

04 қыркүйек 1-курс студенттерінің жаңа өмір жағдайларына бейімделулеріне байланысты колледжіміздің «Өзін өзі басқару» ұйымының ерікті студенттері жастар ісі комитетінің жетекшісі Махамбетова Айнаш Махамбетованың жетекшілігімен студенттерге арнап тренинг өткізді. Тренинг бағдарламасы бойынша танысу мен топ тұтастығына байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Мұндай ойындар барлық қатысушылардың көңіл-күйлерін көтерді. Тренингтің мақсатына – топ құра білу, бірінші курс студенттерінің бір-бірімен, жоғары курс студенттерімен танысулары жатты. Іс-шара жоғары әдіснамалық деңгейде өтті. Студенттер өздерінің өмір дағдарыстарынан құтылу жолдарын тыңдады және ойындар ойнады. Қойылған мақсаттар жүзеге асырылғанын атап өту қажет. Ерікті-студенттер семинар-тренингті өткізу кезінде оқытудың белсенді әдістерін қолдана білді. Өздерінің коммуникативтік қабілеттері мен тиімді қатынас дағдыларын қолдана білді.Бірінші курс студенттері ерікті студенттерге іс-шараның өткізілуіне алғыстарын білдірді және психологиялық мәдениетті арттыратын осындай тренингтердің пайдасын атап өтті.

25-26 ақпан күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлықтың үлгісін қалыптастыру жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатындағы «Жаһанша – адалдық алаңы» жобасы аясында студенттер арасында сурет және эссе байқаулары өтті. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын және колледждегі «Академиялық адалдық алаңы» жұмысының тиімділігін өз шығармашылықтарымен жазылған эсселерде және суреттерінде ашып көрсетті. «Үздік» деп танылған суреттер мен эсселерге арнайы мараппаттар дайындалды.

27 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ұсынысымен педагогикалық колледжде ашылған «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі облыстық семинарда біз өз тәжірибемізбен облыстың жоғары және арнаулы оқу орындары басшылары және студенттерімен бөлістік.Студенттер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаевпен, "Nur Otan" партиясы БҚО филиалының төрағасының орынбасары М.Р.Мұқаевпен бір дөңгелек үстел барысында пікір алысу мүмкіндігіне ие болды."ЖаҺанша адалдық алаңы" аясында студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарастарын білдіретін үздік суреттер мен эссе байқауының жеңімпаздары анықталды.
«Парасаттылық мектебі» тыңдаушылары облысқа белгілі ғалымдар мен практиктердің өзекті тақырыптардағы шеберлік сағаттарына қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен танысты, шетелдегі білім саласындағы адалдықты қамтамасыз ету жұмысымен Кристиан Сорилья таныстырды. Бұл істер жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындауға жол ашады.

19 ақпан күні 1-2 курс студенттерін қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге студенттердің құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру мақсатында БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің психолог-инспекторы Сарманов Миржан Жұмағалиұлы және колледж жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Қадыров Нұрбек Аманжолұлымен кездесті. Кездесу барысында түрлі қылмыстар жасап түзету мекемелерінде отырған жөспірімдердің өмірі жайлы бейнероликтерді тамашалап өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар студенттер келген қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Адамгершіліктің, ізгі қасиеттері мен ар–ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттайтын құқықтық тәрбие шаралары әлі де өз жалғасын табады.

Нұрлы күн мен ашық аспан, бейбітшілік таңды, арыстандай алысқан жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, «Біз жеңіс-мұрагерлеріміз» атты акцияға колледж оқытушыларымен студенттеріде қатысып, 13 ақпан күні ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының маршалы, төрт дүркін Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысы кезінде аты аңызға айналған Георгий Константинович Жуковтің ерлігіне тағзым етті. Тыл еңбеккері Красников Николай Григориевич студенттерге әр кезде батырлық пен ерліктің, қаһармандық күрескен батырларымызға құрметпен қарап, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың белгісін көрсету парыз екенін айтты. Студенттеріміз ерлікке тағзым етер ыстық ықыласпен жүрек жарды өлеңдер оқып, гүл шоқтарын қойды. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашан мақтан етеміз.

06 ақпан күні ҰОС Жеңістің 75 жылдығының ашылу салтанатына арналған «Аталар ерлігін дәріптеу» атты ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы, Батырханов Ахмедияр Қуанұлы және ғылыми зерттеуге көмек көрсету қорының директоры Құрымбаев  Айболат Шамұратовичпен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісін және ұрпаққа аталар ерлігін дәріптеу мақсатында қызмет етіп жүрген,  2009 жылдан бері ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы Батырханов Ахмедияр Қуанұлы өлке тарихын зерттеу, іздестіру жұмыстарына белсене араласып, жеткіншек ұрпақты патриоттық  және ізденімпаздық бағытта тәрбиелеу жұмысына қосып жүрген үлестеріңіз туралы ой бөлісті.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 15

Кеше 146

Осы аптада 828

Осы айда 1682

Барлығы 189255

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска