Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Uncategorised

Тәрбие жұмысының 2019-20 оқу жылының жоспарына сәйкес 01.10-01.11.19 аралығында  өткен қайырылымдық айлығы барысында топ студенттері және жетекшілігімдегі «Руханият»еріктілер тобымен бірқатар қайырымдылық шаралар атқарылды.

«Арба»тірек-қимыл аппараттарының қызметі бұзылған мүгедек –азаматтарды қолдау қоғамы»қоғамдық бірлестігімен қазан айы бойы сенбіліктер жасалды.

Оған ай бойы белсене қатысқан студенттер:Абат Ермахан 2аКШФ тобы

Оқасов Рауан-2а КШФ,Хайыршақов Нұрсейіт-2аКШФ

Салауатов Саламат 2сКШК,Борис Мансур  2аКШФ,Қазиханов Фархат 2сКШК,Темиргалиев Назар-Али 2сКШК тобының студенті

Маликов Расул 2аКШФТ,Қадыржанов Рахат 2аКШФТ,Сағынғали Бекнур 2аКШФТ

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты»оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Жанұя бақыт мекені» «Арба»тірек-қимыл аппараттарының қызметі бұзылған мүгедек –азаматтарды қолдау қоғамы»қоғамдық бірлестігімен «Екі жұлдыз»музыкалық байқауы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық –тексеру және оларды консультациялық көмек көрсету»орталығы ата-аналарымен кездесу.

Орал қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен «Тәуелсіздік төл мерекем тұғырлы»шаралары ұйымдастырылып өткізілді.

7 қараша күні Ақжайық ауданының Чапаев ауылында техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында А.Т. Таспаевты еске алуға арналған шахматтан облыстық турнирге Султангалиев Р.С. А.О. Кидришева Б.Мусин қатысып Б. Мусин “Жас ойыншы” А.О. Кидришева әйелдер арасында “Үздік ойыншы” номинациясымен марапатталды.

8 қарашада Орал гуманитарлық колледжінің 20-жылдығына арналып өткізілген спартакияда Ж. Досмухамбетов атындағы жоғары педагогикалық колледжі командасы 1-ші орынға ие болса, тоғызқұмалақтан 1аМК студенті Жомартқызы А. 1-ші орынды жеңіп алды.

20 қараша күні оқушылармен жастар сарайында кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өткен спартакияда шахматтан колледж командасы Б. Мусин Ә.Иманкулова 3аКИНФ Ә.Абдіғалиев 4аКШФТ командалық және жекелей чемпион атанды. Осы жарысқа 21-күні осы спартакиядада тоғызқұмалақ жарысында Б. Ахметкалиев А.Зайдагалиев А.Жомартқызы 3-ші орынға ие болды. Жарыс жеңімпаздары қалалық , спорт басқармасының медаль дипломдарымен марапатталды.

22 қараша күні БҚМУ спорт кешенінде өткен самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы КСРО спорт шебері ҚР құрметті спорт қайраткері Ж.С.Жардемовтың жүлдесі үшін өткен тоғызқұмалақтан жоғарғы және колледж студенттері арасындағы қалалық ашық турнирде Б.Ахметкалиев 2-ші орынды қанағаттанды.

3  желтоқсан күні волейболдан колледж оқушылары арасында «Колледж лигасының» облыстық кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп қыздар 1 орынды иеленді.

 

Жоғары аграрлық – техникалық колледжінде Тұңғыш Президент күніне және Жастар жылына орай кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында баскетбол жарысы 1-орын.

Баскетболдан колледж студенттері арасында өткізілген «Колледж лигасы» жарыстарының облыстық кезеңі қыздар 1 орын, ұлдар 3-орын

Шағын футболдан колледж студенттері арасында өткізілген «Колледж лигасы» жарыстарының облыстық кезеңі ұлдар 2-орын

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2019-2020жылғы Спартакиада бойынша шағын футболдан  1-орын

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2019-2020 жылғы Спартакиада бойынша шағын баскетболдан  2-орын

Спартакиада қорытындысы бойынша:

Спорт түрі

Қатысқан студент саны

Нәтижесі

1

Волейбол ұлдар

9

1 орын

2

Волейбол қыздар

9

1 орын

3

Футбол ұлдар

10

2 орын

4

Футбол қыздар

9

-

5

Баскетбол ұлдар

7

3 орын

6

Баскетбол қыздар

7

1 орын

Барлығы:  51

5

 

Қараша айында 2 а ТМ тобының студенттерінің жүргізуімен Шаған өзені жағалауына және Махамбет пен Исатай батырларымыздың ескерткіштеріне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия кезінде топ студенттері экскурсовод орнында өздері болып, қалған студенттерге ескерткішті таныстырып, батырларымыздың ерлігі мен өлеңдерінен сыр шертті.

 

Махамбет өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ЖОО және АОО арасында калалық жарысқа колледж командасы қатысып жүлделі 3 орынға ие болды.

16 қыркүйек күні «Салауатты жастар - қуатты ұлттың негізі» атты 10 күндіктің ашылуы салтанатты түрде өтті. Ашылу салтанатын «Руханият» еріктілер тобы флешмобпен ашып, колледж директоры С.М.Бахишева және кафедраның ардагер ұстазы Б.К.Набидоллин құттықтау сөз сөйледі.

Кафедра меңгерушісі А.Г.Шапанов 10 күндік апталықтың жоспарымен таныстырып, «кермеге тартылу», «шалқадан жатып денені көтеру», «мылтық ату», «қол күресі», «асық ату» спорт түрлері бойынша ерлер мен қыздар арасында жарыс жалғасты.

Кермеге тартылу жарысының қорытындысы бойынша:

1 орын –  Ахметкалиев Б. 4сКШФТ

2 орын –  Қазиолла Г.  2аКШФ

2 орын -     Мұхсит Т.  2сКШФ

3 орын –  Сулейманов 1аКШР

Шалқадан жатып денені көтеру қорытындысы бойынша :

1 орын –    Аманкелдиева Нұрсезім 2сКШФ

2 орын –    Алмаутова Несібелі  2асКШФТ

3 орын –    Мақсотова Айзада 1 а ФК

Қол күресі жарысының қорытындысы бойынша (-60кг)( ұлдар):

1 орын –  Бұқарбай Ғалымбек 2пКШФ

2 орын –  Зайзагалиев Аманай 4аКШО

3 орын –  Абат Ермахан

Қол күресі жарысының қорытындысы бойынша (+60кг)( ұлдар):

1 орын –  Оқасов Рауан

2 орын –  Аманқұл Ерқанат 4сКШФТ

3 орын – Беріков Айберген 3пКШФ

Қол күресі жарысының қорытындысы бойынша (-60) ( қыздар):

1 орын –  Асанова Дана 2асКШФТ

2 орын –  Алмаутова Несібелі 2асКШФТ

3 орын -   Жоламанова Нұрдана 1аСП-9

Қол күресі жарысының қорытындысы бойынша (+60) ( қыздар):

1 орын –  Алшинова Анель 2аКШФ

2 орын –  Асанова Дана 2асКШФТ

3 орын –  Аманжол Мөлдір 2асКШФТ

Гір көтеру жарысының қорытындысы бойынша (3-4 курстар):

1 орын –  Тапанов Нұрғали 4скКШФТ

2 орын –  Рахматуллин Арсен 2пКШФ

3 орын –  Абдрахманов Хамидолла 4скКШФТ

Гір көтеру жарысының қорытындысы бойынша (1-2 курстар):

1орын: Бақтыгереев Біржан 1сКШФ

2орын: Малабаев Қайнар 2асКШФТ

3орын: Гимранов Еламан 1сКШФ

 

16 қыркүйек мылтық атудан колледж біріншілігі оздырылды. Жарыс кезінде жақсы жетістік көрсетіп ұлдар арасында 1 орынды Қазыбай Даурен 2аКШФ, 2 орынды Төлегенов 2асКШФТ, 3 орын Умаров Алмат 4скКШФТ тобының студенттері жеңіп алды.

 

17 қыркүйек күні 2019ж. Жастар үйінің 5А секциясында «Салауатты жастар-қуатты ұлттың негізі» атты дене тәрбиесі және спорт кафедрасының 10 күндік спорттық шараларының жоспарына сәйкес оқытушылар Б.Қ.Набидоллин, Ә.С.Мұхамбеталиева шахмат, дойбы,тоғызқұмалақ спорт түрлерінен студенттер арасында жарыс ұйымдастырып өткізді.Жарысқа 32 студент қатысты. Жарыс қорытындысы;

 Тоғызқұмалақ  жарысы бойынша:

I-орынстуденті Жомартқызы Ақжүніс 1аМК

II-орын Гумарова Бибинур 

III-орын Ибраймова  Айымгуль

Дойбы жарысы бойынша:

I - орын Есболат Әлжан 3аМК

II- орын Досымбай Ислам 3аКИНФ

III-орын Тулегенов Бекжан 2аКИНФ

Шахмат жарысы бойынша:

I-орын Мусин Бахтияр 3аКИНФ

II-орын Есболат Әлжан 3аМК

III-орын Сатыбалдин Нұрболат 1аКШР

Қыздар арасында шахмат жарысы бойынша:                 

I-орын Иманкулова Амина 3аКИНФ

II-орын Ундасын Фариза 1асМК тобы студенттері иеленді. Жеңімпаздар колледж әкімшілігінен диплом,грамоталармен марапатталды.

Төрешілер: Б.К.Набидоллин, Ә.С. Мұхамбеталиева

 

"Салауатты жастар - қуатты ұлттың негізі" атты 10 күндік спорттық шараға байланысты колледжінің топ ұлдары арасындағы футбол жарысы қыркүйек 18-і  күні өтті.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері

-студенттерді дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту;

-колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту;

-дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту,колледж студенттері арасында отан сүйгіштік тәрбиесін күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау;

жастар дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту;

- колледж құрамасына жас спортшыларды іріктеу жүргізу.

Жарысқа қатысқан топтар.

1пКШФ,1аКШФ,1пКШФТ,1аКШФТ,3скКШФТ,3сКШФТ,1аТМ,4аКШФ,3аКШФ,3пКШФ,4аКШФТ,1асКШФ,1пкКШО,3аКШР,1аКШК,1пкКШО,1аТМ,1пКШИ,1сКШИ

Жарысқа колледжімізден ұлдар арасында 16 команда және қыздар арасында 10 команда қатысып 1- кезеңде олимпиадалық бағыт бойынша жүргізіліп  команда  жартылай финалға,1п КШФ, 1аКШФТ, 3аКШФ 3с КШФТ өтті.Жартылай финалға өткен командалар айналмалы кезең түрі бойынша ойнады.

Жарыстың  қорытындысы бойынша:

Ұлдар бойынша:

1-орын. 2пКШФ

2-орын. 2аКШФ

3-орын. 4скКШФТ

Қыздар бойынша:

1орын: 2асКШФТ

2орын: 1аФК

3орын: 1аКШР

19 қыркүйек күні қыздар арасында волейбол  жарысы оздырылды. Жарыстың мақсаты: Студенттер арасында спорттық шеберлікті жетілдіру, студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру, волейбол ойынын дамыту және насихаттау.

Жарыстар қолданыстағы ережелер бойынша өткізіледі. Жарысқа 11 топ қатысып, айналмалы жүйе бойынша өтті. Жарыс қорытындысы  бойынша 1 орын – 2асКШФТ, 2 орын – 1аКШО, 3 орын 2пкКШО топтары иеленді.

"Салауатты жастар - қуатты ұлттың негізі " атты 10 күндік спорттық шараға байланысты колледжінің топ ұлдары және топ қыздары арасындағы баскетбол жарысы қыркүйектің 23-24 аралығында өтті.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері

-студенттерді дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту;

-колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту;

-дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту,колледж студенттері арасында отан сүйгіштік тәрбиесін күшейту мен салауатты өмір салтын насихаттау;

жастар дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту;

- колледж құрамасына жас спортшыларды іріктеу жүргізу.

Жарысқа қатысқан топтар:

1пКШФ,1аКШФ,1пКШФТ,1аКШФТ,1аТМ,1асКШФ,1пкКШО,1аКШК,1пкКШО,1аТМ,1пКШИ,1сКШИ, 2пКШТ

Жарысқа колледжімізден ұлдар арасында 13 команда  қыздар арасында 6 команда қатысып 1- кезеңде олимпиадалық бағыт бойынша жүргізіліп  команда  жартылай финалға ұлдар арасында 3скКШФТ, 1аКШФТ, 4аКШФТ, 3пКШФ өтсе,қыздар арасында 3аКШР,1аКШК,1пкКШО

Жартылай финалға өткен командалар айналмалы кезең түрі бойынша ойнады.

Жарыстың  қортындысы бойынша:

Ұлдар арасында.

1-орын. 2асКШФТ

2-орын. 2пКШФ

3-орын. 1асКШМ

Қыздар арасында

1-орын. 2аКШФ

2-орын. 2аКШМ

3-орын. 3пКШО

25 қыркүйек күні Денсаулық күніне орай волейболдан ұлдар арасында жарыс оздырылды. Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту; колледж құрамасына жас спортшыларды іріктеу жүргізу. Бұл жарысқа 1-2курстар арасында 8 топ студенттері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:

1 орын: 2пКШФ

2 орын: 2аКШФ

3 орын: 2асКШФТ топтары  жеңіп алды.

26 қыркүйек күні колледж студенттері арасында үстел теннистен жарыс ұйымдастырылды. Оған 17 студент ер балалар және 8 қыз  қатысып ерлер арасында жүлделі 1-орынды 2пКШФ студенті Куандыков Наурызбек , 2-орынды 4скКШФТ студенті Айбар Мағзомов  және 2пКШФ студенті Бигалиев Бағдат  3-орынды жеңіп алды. Қыздар арасында 1-орынды 1пКШТ студенті Қуанышқалиева Динара, 2- орынды 3аКДО студенті Уразбаева Алма. 3-орынды 2пкКШО студенті Амангелдіқызы Перизат жеңіп алды.

100 метрге жүгіру (ұлдар)- Тулеутаева Ж.Г. , Габдушев Қ.С. Барлығы – 40 студент.

І орын  - Тілекқабылов Жалғас  2асКШФТ

ІІ орын – Хайыршахов Нұрсейт 2аКШФ

ІІІ орын – Қылыш Азамат 2аКШФ

100 метрге жүгіру (қыздар)-Тулеутаева Ж.Г. , Габдушев Қ.С. Барлығы – 40 студент.

І орын – Алмаутова Несібелі 2асКШФТ

ІІ орын – Егізбай Индира 2асКШФТ

ІІІ орын – Айдарбекова Жансая 2сКШО

 Арқан тарту – Таубаев Қ.Б.

Жарысқа қатысқан топтар.

2асМК, 2аКДО, 2пКШМ, 2асРШО, 2асКИНФ, 2пКШК, 2асФК, 2асКШТ, 2пКШО, 2аКШО, 2пКШФ, 1аКШК, 1сКДО, 1пКШО, 1аКШФТ, 1пкКШО, 1сКШК, 1аКШИ, 1бКДО, 1пКШИ, 1аТМ, 1сРШИ, 1сКШИ, 1аКШО, 1пКДО. Жарысқа колледжімізден ұлдар арасында 10 команда  қыздар арасында 26 команда қатысып  олимпиадалық бағыт бойынша жүргізілді. Жарыстың  қорытындысы бойынша:

Ұлдар арасында.

1-орын. 2а КШФ

2-орын. 2с КШК

3-орын. 2ас КШФТ

Қыздар арасында

1-орын:  2пКДО

2-орын:  2с КДО

3-орын:  1аКШР

3-орын: 1а ФК

Көңілді старт – Сабиева А.С.

Көңілді старт эстафетасына 24 топ қатысты,  әр топтан 7 қыздан, ойындар қорытындысы бойынша:

I орын – 2аКДО

II орын – 1сКШИ

III орын - 1 аКШО

 Эстафета 100х4 жүгіру ( ұлдар) – Тулеутаева Ж.Г. , Габдушев Қ.С.

I орын – 1аКШФТ

II орын – 2а,сМК

III орын -2аКШТ

Эстафета 100х4 жүгіру

( қыздар) – Тулеутаева Ж.Г. , Габдушев Қ.С.

I орын – 1бКДО

II орын – 1аКШФТ

III орын -1 пКШИ

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (ұлдар) – Қайрғали Б.Б.

I орын – Каримов А 1пКШФ

II орын – Казиолла Д 1аКШФ

III орын –Алибеков Н 1аКШФ

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (қыздар) – Қайрғали Б.Б.

I орын – Распутиняя З 2аРДО

II орын – Алтынбаева А 1сРШИ

III орын -  Умарова Д  1пКДО

Топ жетекшілер сайысы  - Набидоллин Б.К, Сағналы  С.Т.

 Пән  оқытушыларымен, топ жетекшілері арасында өткен спорттық шараларды  арасында өткен спорттық шараларда Ұлттық «ләңгі» тебу ойынынан 1-орын алған Н.А Хамзин  технология кафедрасы  2-орын Б. Бакимов Саз кафедрасы  3-орын Р.С.Сұлтанғалиев информатика кафедрасы оқытушылары иеленді.  «Қармақ» қимыл- қозғалыс ойынынан ер оқытушылар 1-орын алған Н.А. Хамзин  технология кафедрасы 2-орын алған Б.Бакимов Саз кафедрасы  3-орын М.К. Дүйсенгалиев қоғамдық пәндер -   Әйел адамдар арасында 1-орын алған А.Р.Малышева, 2-орын  А.О.Кидришева 3-орын Р.Маратовна колледж әкімшілігі оқытушылары   жеңіп алды. «Секіртпемен секіру» ойынынан 1-орын А.О.Кидришева, 2-А.Ж. Каирлиева колледж әкімшілігінің оқытушылары жеңімпаз атанды. Оқытушылармен өткізілген ойындарда әкімшілік мүшелері белсенді қатысты.Ер оқытушылар тарапынан белсенділік аз болды. Алдағы уақытта оқытушыларды дене жаттығуларымен, ойындарға белсенді қатыстыруға жұмыстану қажеттігі байқалды.

Ядро итеру жарысы – Шапанов А.Г.

Қыздар I орын – Алмауытова Н. – 2 ас КШФТ

                        II орын – Шапочникова Д. – 2 с РШИ

                        III орын –Болатжанқызы Н. – 2 с КШК

Ұлдар  I орын – Қазиолла Д. – 2 а КШФ

                       II орын – Маликов И. – 2 а КШФ

                       III орын –Ескайров С – 2 а КШФ

Жарыс жеңімпаздары шара соңында арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

   

Ел басының жолдауында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау әрбір Қазақстандық азаматтардың міндеті болуға тиіс. Осы мақсатқа сай дене тәрбиесі және спорт кафедрасының 10 күндік өткізілген шаралар жастар денсаулығын, спорттағы жетістіктерін одан әрі дамытуға бағытталған игілікті істер. Сондықтан бұндай жұмыстар алдағы уақытта одан әрі өз жалғасын таба бермек.

Қазан айының 2-4 күндері спорттық бағдарлаудан жастар және ересектер арасында БҚО ашық кубогіне колледж студенті Болатжанов Эльдар қатысып, «Ұзақ» және «Спринт» қашықтықтары бойынша жүлделі 1 орынға ие болды.

 

9 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасындағы спартакиадаға оқытушылардан құралған колледж командасы қатысып, төмендегідей нәтижелерге ие болдық:

Волейбол – 3 орын;

Көңілді эстафета – 1 орын.

 

19 қазан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде сенбілік өтті. Бүл сенбілікке 2асКШФТ тобының студенттері белсенділікпен қатысып,колледж аймағын жинастырды.

8-11 қараша күндері ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақсан облысының ашық чемпионатында 61кг салмақта Хамидолла Сержан және 94кг салмақта Булатов Темирлан 1 орынға ие болды.

18 қараша күні волейболдан қыздар арасында «Колледж лигасының»облыстық кезеңіне  аймақтық іріктеу өтті. Бұл жарыста колледждің қыздар волейбол командасы 1 орын алып облыстық кезеңге жолдама алды.

 

22-23 қараша күндері аралығында Тасқала ауданында спорт ардагері Ә.Т.Алдамжаровты еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы Х облыстық турнирге колледж командасы қатысып жүлделі орынға ие болдық.

 

13 ақпан күні  студенттер үйінің тұрғындары арасында студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында машықкер Рахым Айзада мен колледж психологы Н.Х Курмангалиева «Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: Студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, ортада сыйластық қарым-қатынас орнату, күнделікті кездесуі мүмкін эмоционалдық соққыларға төтеп беру иммунитетін қалыптастыру.

13 ақпан күні 2аКШО-11 тобының студенттерімен БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресуртсық орталығы кеңес беру бөлімінің басшысы Қабошев Аман Бауыржанұлы және қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Амреев Оразбек Жамбылұлы діни сауаттылықты арттыру жат ағымдардан сақ болу, қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында студенттермен кездесу өткізді. Өз кезегінде колледж студенттері аталған тақырыпқа байланысты қонақтарға сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

Биыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай “Birgemiz”: “Bilim” жалпыұлттық жобасы бойынша "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" тақырыбында өткізілген эссе байқауында ІІ орынды 2 а ҚМҚ тобы студенті Төлеген Сәттігүл алды.

 

13 ақпан күні Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби әлемі» атты студенттер арасындағы конференциясы өтті.

Конференция мақсаты:

¨ студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу –танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

¨ студенттер мен жас ғалымдардың қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

¨ студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету;

¨ студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

Конференцияға қатысқандар:

Тасқала ауданы

1) Избанов Диас Радикұлы, Тасқала колледжі;

Жоғарғы инженерлік технологиялық колледжі

2) Искакова Аружан Тимуровна, Высший инженерно-технологический колледж;

3) Муталиева Сабира Бауыржановна, Жоғарғы инженерлік технологиялық колледжі;

4) Қаналиева Ақерке Алмасқызы,  Жоғарғы инженерлік – технологиялық колледжі;

5) Өтемісова Гулназ Өтемісқызы, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі;

6) Ғаділжан Ботагөз, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;

7) Сагиева Гаухар Темиржанқызы, Жоғарғы инженерлік технологиялық колледжі;

8) Қуанова Назерке Арнурқызы, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі;

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі

9) Жақсығалиева Тілекші Ержанқызы, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;   

10) Нағым Ботагөз Жасталапқызы, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;

11) Рахметова Айнұр Русланқызы, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;

12) Анисов Рахат, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық жоғары колледжі;

13) Ергалиев Ербол, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық жоғары колледжі.

14) Жексенғалиева Перизат Жанбулатқызы, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық жоғары колледжі;

15) Кабдошева Аида Аскаровна, Жоғарғы Батыс Қазақстан Медициналық колледжі;

16) Имангалиева Диляра Амантайқызы, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;

Құрманғазы атындағы саз колледжі

17) Токтасинов Эльдар Тұрланұлы,  Құрманғазы атындағы саз колледжі;

18) Төлегенқызы  Ұлжан,  Құрманғазы атындағы саз колледжі;

Орал Гуманитарлық-техникалық колледжі

19) Байзулина Нұргүл Мақсотқызы, Орал Гуманитарлы-техникалық колледжі;

 Орал Сервис технологиялық колледжі

20) Рамазанова Мадина Мырзабекқызы, Орал Сервис технологиялық колледжі;

«Жоғары аграрлық – техникалық колледжі»

21) Қайыржан Нұрайым Ақанқызы, «Жоғары аграрлық – техникалық колледжі»;

  

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы » ұйымдастыруымен  «Bastau» коворкинг орталығында «Enactus» жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған тренингке колледжіміздің «Өзін өзі басқару» ұйымы және әр түрлі жоғары оқу орындарынан жиналған жастар бір арнада тоғысты.  Алматы, Нұрсұлтан қалаларынан келген кәсіпкер жастар «Печа –Куча» форматы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында қатысушыларға проект ұсыну қажет болды. Басқа оқу орындарының студенттерімен команда құрап, «Futur-up» атты жобаны 15 минут ішінде жасап шықты. Сайысқа түскен 10 команда  10жобаны тыңдай отырып керемет тәжірибе жинақтады.  

Ағымдағы  жылдың 17 қазанында Ж.Досмұхамедов колледжінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен  жастардың бойында коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз оқу орнының тарихы мен мәдениетін терең білуге тәрбиелеу, логикалық ойлауын, зеректілігін, шапшаңдылығын дамыту, танымдық мәдениеті мен зияткерлігін қалыптастыру мақсатында ««Jahansa Quest»» атты квест ойыны  өткізілді. Аталмыш шараға  I курс топтарынан  бес адамнан құралған 4 команда қатысып, бақтарын сынады. Ойын барысында жастар коледжіміздің тарихын зерттей отырып және де Абай атамыздың 175жылдығын ескере отырып, әртүлі қызықты жұмбақтармен, логикалық сұрақтарды шешті және үстел үсті «мозайка» ойыны ойнатылды. Біліктіліктері мен білімдерін ортаға салған жастардың квест ойынының қорытындысы бойынша жүлделі бас жүлдені иеленген «Алғырлар» командасы, І орынды «аКДО» комндасы иеленсе, ІІ орынды «Форсаж» командасы және  ІІІ орынды  «Звезда андреналин» командасы алды. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға ұйымдастырушылар тарапынан  диплом мен сыйлықтар табыс етілді. 

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттерінің қатысуымен колледжішілік фотоквест ойындары өткізілді.Ойынның мақсаты студенттерді салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақыра отырып, жастарды топ ішінде бірлікпен жұмыстануға жұмылдырып, логикалық ойлау қабілетін дамытып, шапшаң ойлауын арттыру.

Аталмыш ойынға колледжміздегі 1аФК тобынан құралған «ФизNew» командасы, 1аМК тобынан «Динамит», 1аКШТ тобынан «Жалын», 1аКИНФ тобынан «Олимп» командалары қатысып белсенділік көрсетті.Ойын колледж аймағынан бастау алып, Құрманғазы мен Дина ескерткіші аумағына дейінгі аралықта жалғасты. Студенттер уақытпен жарысып, берілген сұрақтарға тез жауап тауып, тапсырмаларды тапқырлықпен орындап, ойын ережелерін толық сақтап, команда болып жұмыс жасады.

22 қараша күні өзін-өзі басқару ұйымының және Жас Отан ЖҚ бөлімшесінің ұйымдастыруымен ҚР жастар саясатының жүзеге асыру, білімді жастар мен үздік ұжымдарды анықтау, қатысушыларға зияткерлік байқауды түсіндіріп, топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету қатысушылардың шеберліктерін, ой-өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, студенттердің  жұмысын жандандыру мақсатында «SMART STUDENTS» интеллектуалдық-ойыны өткізілді.

Зияткерлік ойынға 1курс студенттері қатысып,  1 орынды «1аФК» тобынан иеленсе, 2орын «1аМК», 3орын «1аКШО» орындарға ие болды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

2019 жылдың 15 қараша күні 1 курс студенттеріне «ЖАҺАНША студенттерінің қатарына қабылдау» кеші өтті. Кеш 2асКШМ топ студенттерінің «Emotion” тобының жастар биімен ашылды.1 курс студенттеріне ұйымдастырылған кеш арқылы еліміздегі алдыңғы қатарлы бірі әрі бірегейі, білім мен ғылым ордасы, 106 жыл тарихы бар, Жаһанша атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатарына қабылданатындарын айтып, қабылдаудың өз рәсімдеріне тоқталып өтті. Осы уақыт аралықтарында колледжді түлеп шыққан түлектеріміз еліміздің білім, ғылым, өнер саласына өз үлестерін қосып жүргендерін мақтан етіп, оларға да сенім мол екенін айтты. Алғы сөз колледж басшысы С.М.Бахишеваға беріліп, сахнада сынақ кітапшалары топ басшыларына табысталды. Сонымен қатар, колледжде қызмет етіп жұрген ардагер ұстаздарымыз Галимова Абила Утепкалиевна және Набидоллин Бисенбай Куанышқалиұлы студенттерді құттықтап, студенттік билеттің маңыздылығы мен қажеттілігі айтып, олледж студенті екенін дәлелдейтін негізгі құжаттың бірі екенін жеткізді. Бойындағы бар асыл қасиеттерді баласының бойына сіңіріп, қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын деп барынша жақсы тәрбие беретін  ата-ана екенін еске ала, студент қатарына қабылдау  салтанатты кешіне анамыз Жубанова Ләйлім Бақытқызын және колледж қамқоршылық кеңесінің төрағасы Теміралиев Рақымғали Сергалиевичте шақырылып, құттықтау сөзі берілді. Колледждегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президенті Серикова Жанаргул құттықтау сөзін айтып, адалдық, адамгершілік ережелерін ұстануға шақырды. Залдағы студенттерге адалдық, адамгершілік ережелері үйлестірді. Колледжде дәстүрлі түрде 1 курс студенттерінің шығармашылығын, қабілеттерін насихаттау, жас ұрпақты рухани құндылықтармен сусындату мақсатында өткен «Сенің жұлдызды сәтің!» байқаудың қорытындысын хабарлау үшін, байқаудың талаптары бойынша жоғары деңгейде көрсеткен студенттерді музыка кафедрасының меңгерушісі Батырханова Армангул Айдаровна марапаттады. Жаһанша студенттерінің қатарына қосылу үшін ұрпақтан ұрпаққа берілетін ант қабылдау рәсімі жасалды. Барлық студенттер ант қабылдап, «Гаудеамус» әнұранын орындады.

 

02-06 қыркүйек күндері 1 курс студенттерін колледж оқу үрдісіне бейімдеу мақсатында арнайы «Назарбаев зияткерлік мектептері» және ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» мамандары «Мамандыққа алғашқы қадам» атты апталық сағат ұйымдастырды.  Мақсаты: педагогикалық қызмет туралы білім алуға ынталандыру, мамандыққа деген қызығушылықты арттыру критерийлерімен таныстыру, заманауи мектептегі жас мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру мен жұмыс істеу әдістерін қалыптастыру. Әр күн мынадай тақырыптардан тұрды: «Менің болашақтағы мектебім», «ХХІ ғасыр білімі», «Зияткерлік мамандық.Ақпаратпен қалай жұмыс істеуге болады?», «Табысты студент- кәсіпқой маман», «Қоғамдастықтағы мұғалім».

 

10 қыркүйек күні 1 курс студенттеріне кітапханаларды таныстыру мақсатында Ж.Молдагалиев атындағы БҚО әмбебап ғылыми кітапхананың апталығына қатысты.

    

           

2019-2020 оқу жылындағы 1 курс студенттерін колледждегі кітапханамен таныстыру кестесі

Кітапхана баратын күні

Кітапханаға баратын уақыты

Топ

Студент саны

Топ жетекшісінің аты-жөні

1.         

18.09.19.

 14.00-14.30

1асКШР-9

27

Заруцкая Нина Николаевна

2.         

1аРШО-9

25

Джумагазиева Асель Каримовна

3.         

18.09.19.

15.25-16.00

1пКШО-11

27

Кидришева Айнагуль Уразаевна

4.         

1аКШО-11

25

Зайнуллина Анаргул Талгатовна

5.         

19.09.19.

14.00-14.30

1аКШИ-9

25

Габбасова Гулнар Сагатовна

6.         

1аФК-9

25

Габдрахманова Сауле Алмасқызы

7.         

20.09.19.

 

14.00-14.30

1асКБ-9

27

Султангалиев Рустам Сатгалиевич

8.         

1асСП-9

29

Молдагалиева Женисгул Ермековна

9.         

23.09.19.

 

14.00-14.30

1асРДО-9

27

Сарсенгалиева Ажар Батырбаевна

10.      

1асМК-9

28

Сапахова Гулбаршин Мутигуллиевна

11.      

24.09.19.

 

14.00-14.30

1аКДО-9

25

Даулетова Венера Аманкосовна

12.      

1асКШО-9

30

Бисенова Светлана Куспановна

13.      

25.09.19.

 

14.00-14.30

1пКШФ-11

16

Қайырғали Баян Болатұлы

14.      

1апКШМ-11

36

Жайғали Айжамал Мусагалиқызы

15.      

26.09.19.

 

14.00-14.30

1сКДО-9

15

Қойшыкенова Алтынгүл Тұрсынғалиқызы

16.      

1пКШТ-11

15

Жалдыбеков Естай Амангелдіұлы

17.      

27.09.19.

 

14.00-14.30

1сКШИ-9

28

Тлеккабулова Гульназ Нурболатовна

18.      

1сКШФ-9

22

Шапанов Аскен Габиденович

   

    

 

 

 

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға "Құрмет" орденінің және халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы, колледжіміздің "Ұрпақтар сабақтастығы" клубының төрағасы, белгілі өлкетанушы-ғалым Жайсаң Ақбай ағамыз, педагогикалық еңбек ардагерлері Цымбал Надежда Николаевна, Белоконь Лидия Ивановна, Губашева Балғаным Салауатовна, Нугманов Максим Капаевич, Сулейменов Мақсот Насикенұлы  және Батыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы  Мұстафин Асан Абайұлы қатысып, ұстаздар мен шәкірттерді білім күнімен құттықтады. Өз сөзінде ақын апамыз А.Бақтыгереева: Білімді ұрпақ ел келешегі екендігін, студенттерді оқу мен білімнің теңізіне еркін жүзуге шақырды. "Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу - маржан" дегендей жас ұрпақтың білім арқылы ғана әлемдік деңгейге құлаш ұра алатыны анық. "Қызға қырық үйден тыйым" деген халқымыздың ұлағатын студент қыздардың санасына тағы бір ескертіп өтті. Ал тарихшы-өлкетанушы Жайсаң Ақбай ағамыз болса, жас ұрпақтың өз өлкесін сүйе білетін, жігерлі, намысты, елжанды азаматтар болуына тілек білдірді. Колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы С.М.Бахишева өз сөзінде ата-аналар мен студенттерді, ұстаздар қауымын "Білім күні" салтанатымен құттықтады. "Мейірімді, таза болса тәрбиесі, Баланың еркін өсер тәртібі-есі" - деген Жүсіп Баласағұн бабамыздың ойымен ұштастырып, студенттерімізді тәрбиелі, білімді, саналы болуға үндеді.

06 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Әлемді жүрегімен әлдилеген»  атты мерекелік шара өткізілді. Колледж ерлері ұжымдағы әйел адамдарды мерекелік концерт арқылы құттықтады.Сонымен бірге кәсіподақ төрайымы А.С.Бекбулатова мерейлі жас иелерін құттықтап, колледж директоры оқытушалардың атқарған жұмыстарына алғыс айтып, облыстық басқарманың «Құрмет грамотасын» табыстады.

05 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Көктем шуағы» атты колледж директорының мерекелік қабылдауы өтті.  Директордың қабылдауына колледж оқытушыларының ішінен арнайы шақырумен 20 оқытушы қатысты. Алғы құттықтау сөзі колледж директорына берілді. Шара барысында дөңглек үстел жанында ән мен күй, биге жалғасып, бір-біріне жылы лебіздермен құттықтау айтылды.Сонымен бірге, Кәсіподақ мүшелерінің сыйлықтарымен директордың алғыс атымен марапатталды.

27 желтоқсан күні жаңа жыл мерекесіне орай колледж студенттерінің «Үздіктер кеші-2020» өтті. Үздіктер кешіне «Жаһанша шәкіртақы» иегерлері, өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты педагогикалық бөлімшесінің мүшелері, халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялар, жобалар мен байқаулардың жүлдегерлері, спорттық жарыстар мен ән байқауларының жеңімпаздары, оқу озаттары қатысты. Кештің мақсаты: колледж студенттерінің ішінен үздіктерді анықтап, олардың жетістіктері мен қабілеттерін ынталандырып, мадақтау. Сонымен қатар, кешке колледж әкімшілігі мен топ жетекшілер, оқытушылар қатысты. Үздіктер кешінің алғы сөзі колледж директоры С.М.Бахишеваға берілді. Басшымыз үздік студенттерді ерекше күнмен құттықтап, 2019 жылы оқудағы және қоғамдық жеткістіктері үшін «үздік көшбасшы», «үздік топ басшы», «үздік ерікті», «үздік белсенді», «үздік жүргізуші», «үздік ақын», «үздік оқырман», «білім үздігі», «үздік домбырашы», «үздік спортшы», «үздік әнші», «үздік биші» номинацияларымен марапаттады. Сонымен қатар, құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші - мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарынада алғыс білдірді. Кеш концерттік бағдарлама және би кешімен жалғасын тапты.

20-31 желтоқсан аралығында «Жаңа жыл-2020» мерекесіне орай колледж қабырғасында «Үздік безендіруші топ» байқауы ұйымдастырлды. Байқау нәтижесі бойынша колледж ғимараты және аудиториялары жаңа жыл мерекесіне сай безендіріліп, 3асКШТ. 1аРДО, 1аКШИ, 4сКДО, 1аКДО, 1аКШР, 2аКДО, 1аРШО, 2аКШФ, 3асРШО,4сКШО, 2бКДО, 1аСП, 1пКШТ топтары  «үздік безендіруші топ» деп анықталды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күз мерекесі 2019 жылдың 20 қараша күні 1-2 курс студенттерінің арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау арқылы ұйымдастырылды. Байқау топтар арасында топ жетекшілерімен «Өзін өзі басқару» ұйымдарының белсенді студенттерімен бірлесіп өтілді. Аталмыш шара студенттердің тапқырлығын, шеберлігін бақылау, сахналық мәдениетті қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал жету, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

1аКДО тобы

1аМК тобы

 

1аКШИ тобы

 

1аРДО тобы

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 28

Кеше 146

Осы аптада 841

Осы айда 1695

Барлығы 189268

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска