Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Uncategorised

2019 жылдың 14 қараша күні I курс студенттерінің арасында өнерпаз жастарды анықтап, оларды көпшілік мәдени  шараларға тарту мақсатында  «Сенің жұлдызды сәтің» байқауы өткізілді.  Әр топ өзінің концерттік бағдарламасын дайындап, топтағы өнерпаздар өз өнерін көпшілікке көрсетті.

«Вокал» номинациясы бойынша  жеңімпаз атанған Хайруллина Жанель бас жүлде иегері,Батыр Нуризат  I-ші орын  иегері Даулетова Зарина II-ші орын  иегері болып марапатталды.  «Би» жанры бойынша  жеңімпаз атанған 1аКШР тобы , І орын  жеңіп алғаны үшін Сахитова Айнұр, ІI орын  жеңіп алғаны үшін 1аКШИ тобы, ІIIорын  жеңіп алғаны үшін 1аРШО тобы марапатталады.  «Мәнерлеп оқу»  жанры бойынша  жеңімпаз  атанған  І орын  жеңіп алғаны үшін Наурызбай Мердана, ІI орын  жеңіп алғаны үшін Қажым Толқын марапатталады.

Колледж  КТК клубын  үздік ойыншылармен толықтыру   мақсатында өзін өзі басқару ұйымы  «Қош келдің 1 курс!» атты жайдарман  ойындарын ұйымдастырды.  Шараға редакторлық тексерістен өткен үздік  6 команда қатысып, бақтарын сынады. Олар: 1асМК тобынан құралған  «Пед айти», 1ас КШМ тобынан құралған «Жаһанша тентектері», 1а ФК тобынан құралған «Колледж  тентектері», 1сКДО  тобынан құралған «Жаһанша», 1а КШИ тобынан құралған «Жаhанша түлектері» командалары қатысты.

Сайыс 3кезеңнен тұрды: 1. Сәлемдесу.

  1.   3жаңалық.
  2. Үй тапсырмасы.                  

Нәтижесінде I орынды 1асМК «Пед айти», II орынды «Жаһанша» III орынды иеленсе, ал  «Жаhанша түлектері» командасына «Көрермендер көзайымы» номинациясы, «Жаһанша тентектері» номинациясы «Колледж түлектері » командалары иеленді.

Жалпы, КТК сайысына командалар жауапкершілікпен дайындалғанын, жастардың КТК ойынын тамашалауға қызығушылықтары мол екенін бұл шарадан байқауға болады.

«Jahansha CUP- 2019» маусымының 1\8 ойыны.

Мақсаты: Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің топтарының арасында «ең үздік» топты анықтау.

Міндеті: «Ең үздік» топты облыстық жоғары деңгейге даярлау.

Қойылатын талаптармен, ережелер: командалардың киім үлгілері сахнаға сай болуы, белден төмен әзілдердің болмауы, редакторлық жұмыстарға уақытында келуі тиіс!

     Қатысатын командалар:

Команда аттары

Редакторлық жұмыс уақыты

Ойынның өтетін уақыты, орны

1аФК-«ФК құрамасы»

04.12.2019

16:00

06.12.2019

Колледж ғимараты

 25 аудитория

 

1аСП-«Амазонка»

1пКШМ-«Болашақ жұлдыздар»

1аКШО-«Өзге»

1сКДО-«Тіпті керемет»

 

 

05.12.2019

16:00

1аКБ-«Терең демал»

3аФК-«Біздің уақыт»

1асКШИ,1аКШР-

«Нұрболат және оның қыздары»

 

Биылғы оқу жылында «Отбасы құндылығы» үйірмесі ашылды. Жетекшісі- Л.С.Есенова. Қыркүйек айында үйірме жұмысының мақсатымен, міндеттерімен, мазмұнымен таныстыру мақсатында ««Отбасы құндылығы» үйірме жұмысының мақсаты, міндеттері, мазмұны» атты дөңгелек үстел өтті. Мұнда әр мүше өзінің ұсынысын айтып, өтетін жұмыстар бойынша пікірлерін білдірді. Үлгілі бала, үлгілі студент бейнелерін сипаттау арқылы отбасында үлгілі баланы қалай тәрбиелеуге болатындығын бала көзінше сипаттады.

Қазан айында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында тренинг сағаты ұйымдастырылды. Бұл тренинг барысында отбасы туралы нақыл сөздер, афоризмдер айтылып, оның мәні, мазмұны талданды. Белсенділік танытқан Джумагадиева Зарина мен Фатих Әсемгүл сәтті және сәттіз отбасының айырмашылықтарына тоқталып, өз өмірлерінен үзінділер келтірді.

Отбасындағы қыз баланың берекелі дастархан дайындауға әзірлігін шыңдау үшін берекелі дастархан айдарымен 25.10.2019ж «Берекелі дастархан» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шарада топ қыз балалары күз мезгілінде дастарханға қоюға болатын тез, әрі дәмді деп санайтын тағамдар дайындады. Кейін жатаханада тұратын топ студенттері Әсемгүл мен Айсананың бөлмесіне кешкі тағамға берілді.

15.11.2019 күні 2пКШИ тобында «Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі» атты ата – аналар жиналысы  өтті. Жиналысқа 14 ата – ана қатысты. Әр ата – ана өз балаларының оқу және тәрбие жұмысы бойынша жағдайларымен толық танысты. Адамгешілік құндылықты қалыптастыру жолдарына пікірлерін білдірді. Қазіргі уақыттағы жастарға адамгершілік тәрбиені беру жолдарына мысалдар келтіру арқылы ой тастады.

Құқықбұзушылықтың алдын алу колледжідегі талаптар бағытында өткізілген топ жиналысы.

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтері атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

 

25 қаңтар күні колледжімізде «Отбасы – тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта жалпы ата-аналар жиналысы оздырылды. Күн тәртібінде «Отбасы құндылықтарын қалыптастыру» баяндамасы негізінде педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Л.С.Есенова «Отбасы психологиясы» атты үйірмелерге бала мен ата-ананы қатыстыра отырып, отбасы құндылықтарын нығайтуды көздесе, «Роль матери в воспитании подростка» атты тақырыпта мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының оқытушысы А.Б.Сәрсенғалиева белсенді ата-аналармен қызықты тренинг ұйымдастырды. Сонымен қатар жалпы қоғам мәселесінде жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық көріністері белең алып жатқандығы алаңдатушылық туғызады. Осы мақсатта Орал қалалық ПБ Абай Пб ЖПҚб ЮП колледж инспекторы, полиция капитаны Н.А.Қадыров «Құқықбұзушылықтың себептері мен көріністері» атты баяндамасы негізінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің тәрбиесіне зор көңіл бөліп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және бала тәрбиесінде әке рөлінің маңыздылығын айқындау мақсатында жаратылыстану кафедрасының оқытушысы Б.К.Сапиев «Әке – бұл отбасының тірегі, ақылы, күші» аты баяндамасын талқылай келе, әкелер кеңесін құрып, оның алдағы атқарар жұмысы туралы баяндады. Ағымдағы мәселелер жөнінде ДӘІЖ орынбасары К.Х.Мажитов, ДТІЖ орынбасары Р.М.Ғалымова, бөлім меңгерушісі Ж.Бектаева тоқтала кетіп, «табысты үштік», яғни «колледж-бала-ата-ана» одағын құруды ұсынды. «Табысты үштік» қыз балаларды болашақ өмірге тәриелеу мақсатында «Ана тағылымы» шеберлік сағаттарын, «Колледж бен отбасы бірлігі» ашық есік күнін, «Балам менің болашағым» атты педагогикалық-психологиялық көмек көрсету т.б мақсатында семинар-тренингтер жүргізуді ұсынды. Жиналыс соңында ата-аналар колледж ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

 

Оқу жылының басында Директордың әлеуметтік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов арнайы сенбілік кестесін құрып, бекітілді. Бекітілген кесте сай колледж студенттері, оқытушылар мен топ жетекшілер сенбілікке қатысты. Сенбіліктер колледж ауласында және жақын аймақтарда жүргізілді.

2019 жылдың қазан айы бойы 1 курс студенттері, қараша-желтоқсан айлары 2-3-4 курс студенттерінің ата-аналарына «Отбасы – ұлт рухының айнасы» атты ата-аналар жиналысы топтарда өткізілді. Топ жетекшілер ата-аналарға әртүрлі тренингтер, көрме, бейнебаян көрсетілімдері, топтық жұмыстар жүргізіп, дәрістер оқыды.

25 қазан күні 1аКДО тобында «Бала ата-ана айнасы» ата–аналар жиналысын  өткізді. Жиналыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Жиналыс  «Жылы лебіз» ата–аналарға арналған тренингтен бастап, бірінші мәселе бойынша ата-аналармен қызықты тренинг өткізді. Бірінші «Сәлемдесу» жаттығуын, содан кейін «Өз балаларының есімдерін қорғау» тренингін ұйымдастырды. Бұл тренинг арқылы ата-аналар бір–бірімен танысып,өз ойларын ортаға салды.

 

 

Ата-аналар жиналысының негізгі бөлігі студенттердің колледждегі, сабақтағы тәртібіне қатысты «Менің құқықтық алаңым» атты тәрбиелік және ағартушылық бағыттағы шарамен жалғасын тапты. Жалпы баланың құқығын қорғайтын құжаттар, баланың құқықтары туралы студенттерді алдын ала дайындалған слайд арқылы таныстырды. Колледждің ішкі тәртіп ережесін негізге ала отырып, студенттердің құқықтары және міндеттерін айқындайтын нақты мысалдар келтірді. Студенттердің сөз бостандығына ие болу, мәдениет жетістіктерін пайдалану секілді құқықтары шектелетін жағдайларды айтып өтті.

 

Жиналыстың 3-ші мәселесі «Топтың колледжге бейімделу үрдісі» болатын. Колледж психологы Курмангалиева Назерке Хамитқызы топқа 1 курс студенттерінің колледж жағдайына бейімделу сауалнамасын өткізгенін айтып, нәтижелерін таныстырды. Топтағы 2 студенттің Ақынбекова Айымгүл мен Есмагулова Айкөркемнің сабаққа қиналып жүргенін айтып өтті. Жиналыстың 4-ші мәселесі бойынша топтың ағымдағы мәселелері бойынша сұрақтар қаралды. Ата-аналар  түсінбей немесе шеше алмай жүрген сұрақтарын сұрап, кейбір мәселелерінің шешімін тапты.

            

Жиналысқа директордың орынбасарлары қатысып, колледждегі оқу үрдісі қалай жүретіндігіне жан-жақты тоқталып, ата-аналардың түрлі бағыттағы сұрақтарына жауап берді.  Студенттердің әлеуметтік желідегі парақшаларының сараланатынын, сол бойынша зерттеу жұмыстарының жүргізілетінін айтып кетті. Ата-аналарға түрлі қылмыстар, келеңсіз жағдайлардың  алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Студенттердің кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау немесе парақшаларындағы посттарды тексеріп отыру тапсырылды. Ата-аналарға барлық сұрақтар бойынша түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналардың пікірі тыңдалып, жиналыс қортындыланды.

10-16 қыркүйек арасында «Тіл достықтың айнасы» атты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының этнос жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Исаева А.К., «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті  Алиева Залина Арбиевна қатысты. Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, жастар арасында Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін арттыру. Эстафетаны өткізу кестесі бойынша Тасқала колледжінен қабылдап, Жоғары аграрлық-техникалық колледжге жоладынды.Исаева Алина Константиновна Абайдың «Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап» өлеңін жатқа оқытып, Алиева Залина Арбиевна «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындатып бейнебаянға түсіріліп, инстаграмм желісіне жарияланды. Нәтижесінде эстафетаға өзге ұлт өкілдері оқитын 30 колледждің 26 колледжінен 7 ұлт өкілінің 40 студенті қатысты. Жинаған лайк саны-551. Исаева Алина, Алиева Залина 3 орынды иеленді.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні Тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғырту» жобасы аясында «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасы өтті. Шараның мақсаты- қазақтың салт-дәстүрін насихаттау. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттері «Бесікке салу» дәсүрінен көрініс көрсетті. Көріністі басқа ұлт өкілдері тамашалап, алғыс хатпен мараппаттады.

13 наурыз күні Көрісу мейрамы күніне орай «Жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу!» атты колледж дәлізінде музыка кафедрасының оқытушылары мен студенттері және студенттік өзінөзі басқару мүшелерімен бірге мерекені атап өтті.

3 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай жас ұрпақтың ақын мұрасын зерделеп, құрмет тұтатын дара туған талант иесі Жұбан ақынның көзін көрген ел аға-апаларының естеліктерінен ұлағат алу мақсатында «Жағаңда жанмын жаралған...» атты әдеби кездесу кеші өтті.

Шараға ақынның көзін көрген ардагер журналист Т.Әліпқалиев, саналы ғұмырын халықтың асыл мұрасын  жинап, насихаттау ісіне арнаған, ұзақ жылдар БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры болған, өлкетанушы С.Е.Танабаева, жұбантанушы Ү.Е.Елеубаева, «Жұбан оқуларының» алғашқы жүлдегері, «Ақжайық» арнасының тележүргізушісі  Б.А.Кухаев, «Ай Қанат» қоғамдық қозғалысының координаторы Г.Ж.Әлжанова, Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми кітапханасының қызметкері А.Р.Нуфтуллина қатысты. Кеш барысында эпик ақын Жұбан Молдағалиевтің әлемге қазақтың қазақтығын осыдан 56 жыл бұрын паш еткен, шоқтығы биік туынды - «Мен қазақпын» поэмасы мен туған жер, ана, әйел  тақырыбындағы арналған өлеңдері оқылып, «Еділ мен Жайық», «Ана туралы жыр», «Қазақстан» әндері  орындалды.

Шараға қатысушы студенттер Тихон ағаның әңгімесінен ақынның өмір сүрген дәуірі мен шығармашылығы, кісілік тұлғасы жөнінде мол мәлімет алса, Сара апа Софья анамыздың қазақ әйеліне тән болмысын танытты. Ал жұбантанушы ұстаз Үзілдік Елеубайқызының ақын туралы толғанысы Жұбан туған Жыландыдан басталып, елде атқарылып жатырған игі істер туралы деректермен жалғасты. Әсіресе, ақынның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жерлестерінің өз қаржысына тұрғызған (бүгінде құны 80 миллион теңге тұратын) ескерткіші, мәдениет сарайының жанына орнатылған Тәу тұғыр жөніндегі мәліметтер  студенттер үшін тың дерек болды. Сондай-ақ, Біржан Амангелдіұлы Қадыр Мырза Әлі мен Ақұштап Бақтыгерееваның ақынға арнаған арнаулары арқылы мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетті.  Гүлнар Жәрдемқызы отбасылық естеліктермен бөлісіп, бүгінгі кештің ұрпақтар сабақтастығының нағыз үлгісі екендігін атап өтті. Аягүл Рухоллақызы Жұбан ақынның студент шағында осы кітапханаға жиі келіп, алғашқы өлеңін де осы кітапханада отырып жазғандығы туралы әңгімелеп, үстіміздегі жылы халықаралық дәрежеде «Жұбан оқулары» өтетіндігін хабардар етті.

Ақынның шығармашылығына алтын арқау болған туған жері, анасы, жары туралы толғаулары парасатқа толы болмысымен үйлесіп халық есінен өшпес жырлар туғызды. 

Жұбан мұрасы келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін, ұлтпен бірге жасайтын аса құнды   мұра  болмақ.

27 ақпан күні студенттер үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мен алғыс білдіремін!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатады. Кеш барысында алғыс күні туралы бейнороликтер көрсетілді. Студенттер «Ана туралы жыр», «Анашым», «Әке-ана» т.б әндерді әуелете орындады.

28 ақпан күні Мұнайшылар алаңының «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған кең көлемді мәдени көпшілік шаралар жоспарына сәйкес «Алғыс айту күніне орай» мерекелік шара өтті.Шараға колледжімізден «Ынтымақ» волонтерлар тобы және БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, басқа да арнаулы оқу орындарының студент жастары қатысты.

Ғалымдар «Алғыс айту» күнін тарих ақтаңдақтарын ашу үшін аса қажет шара деп, ал ұстаздар қауымы жастардың бойына адамгершілік, қайырымдылық, туған жерді сүю, еліңнің ізгі қасиеттерін біліп, бағалау қасиеттерін сіңіретін мереке деп бағалады.  1 наурыз  Алғыс айту мерекесінде бір-бірімізді қуанышқа бөлеп ерекше күнде  Жаһаншалықтар колледж тазалығының себепкерлеріне құрмет көрсетті. Биылғы оқу жылында да колледжіміздің директоры С.М.Бахишеваның  бастауымен, Студенттік өзін-өзі басқару мүшелерінің ұйымдастыруымен  “Алғысымыз шексіз” атты мерекелік концерт арқылы  студенттер бар жылы лебіздерін білдіріп, үлкенге деген сыйластықпен зор құрметтерін көрсетті.Студеттер белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды, бірі ән айтып, енді бірі би-билеп тазалық жанашырларының ризашылықтарына ие болды. Студенттік өзін-өзі басқару мүшелері, дәстүрлі түрде келесі оқу жылында да өз жалғасын табатынына сенімдері мол.

   

Сонымен қатар, колледж оқытушыларында назардан қалдырмады. Дәлізде тосын сый жасап, ізгі тілектері жазылған шарлар мен стикерлер таратты. 

26 ақпан күні студенттер үйінің 5 «а» қабаты тілдесу алаңында cтуденттерді қайырымдылыққа, мейірімділікке, имандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында тәрбиеші А. А. Бисариева «Бір шаңырақ астында» тақырыбында Орал қаласы, жастар ресурсы орталығының теологы Раманқұлов Әсет Исламбекұлымен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты жас ұрпақты асыл дінімізді түрлі жаман әдеттерден қорғап, дініміз туралы көбірек мәлімет беріп; қоғамды тәрбиелеуде хақ дініннің дұрыстығына сеніп, дәріптеу; тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу. Дін туралы білімдерін сұхбат, мәліметтер беру арқылы тереңдету. Студенттер өз сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.

21 ақпан күні «Ынтымақ» волотерлер клубының ұйымдастырумен «Қайырымдылық жасауға асығайық»а тты акциясы өтті. Акция барысында қала тұрғындарына тегін тамақ таратылып, бауырсақтан ауыз тиді. Көпшліктің көңілінен шыққан акцияны ұйымдыстырушылар қала тұрғындарынан алғыс естіді. Ұйымдастырушылар өзгеде еріктілер жалғастырса деген ниетте.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялануына байланысты 25 ақпан күні колледжде Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастар бөлімінің маманы Оразов Темиржан Абдыхалыкович және БҚО «Волонтерлар Лигасы» ҚҚ төрағасы Габдуалиев Оралбек Килышұлы, орынбасары Акмурзина Диана Нурбулатовна, «Ынтымақ» волонтерлар тобымен және 1аКШР, 1аРДО, 1аКШИ, 1аМК топ студенттерімен кездесті. Кездесу барысында волонтерлар түрлі жобалармен таныстырды. Аталған жобалар ең алдымен жігерлі жастарды елге шын ниетімен адал қызмет етуге шақырды.

19 ақпан күні 1сКШФ-9, 1асКБ-9, 1аФК-9, 1асКШО-9, 1аКДО, 1аКШИ-9, 1пКШТ-9 топ студенттері қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдени – ағарту бірлестігіне қарасты Гагарин атындағы балалар кинотеатрында, Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылған күніне орай, ҚР Парламентінің депутаты, әлеуметтік мәдени даму мүшесі ауған соғысы ардагерлер ұйымының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастықтың төрағасы және Ауған соғыс ардагері Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабының желісі бойынша түсірілген «Мен көрген соғыс» деректі фильмін тамашалады. Студенттер деректі фильмнен Ауғаныстан жеріндегі соғыс қимылдарын көріп, зұлмат соғыс жайында ақпараттармен танысты. Фильмнен жастар өз Отанына, еліне –жеріне деген сүйіспеншілігі оянып, патриоттық тәрбие алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Волонтерлар жылы» деп жариялануына байланысты 20.02.2020 ж. күні «Рухани жаңғыру» музейінде «Ерікті болу – болу» тақырыбында, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар тобы Батыс Қазақстан бойынша 2019 жылдың үздік еріктілері «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Жүсіпқалиев Дулат, Орал студенттер альянсының басшысы Кунаеев Муса және Батыс Қазақстан облысы бойынша жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесшілері Бисенғалиев Мейірбек, Шамұратов Дәуренмен кездесті. Таяуда Президенттің қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу салтанатына қатысып келген волонтерлер 7 бағытқа тоқталып, осы бағытта барлық жастарды мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, мейірімділік танытып қол ұшын созуға шақырды. Кездесу барысында биыл өңірімізде волонтер жылы аясында 200-дей іс-шара жоспарлап отырғандырын жеткізді. Кездесу кешінің соңы экскурсиямен аяқталды.

20 февраля 2020 года в Высшем педагогическом колледже им. Ж. Досмухамедова  в группе 1аРШО-9, провели классный час, посвященный 25-летию Ассамблею народов Казахстана «Под единым шаныраком!».

В группе 1аРШО по специальности «Начальное образование» обучаются студенты разных национальностей, такие как: русские, казахи, украинка, чеченка и др.  В классном часу принимали участие почетный гость -заместитель председателя Ассамблеи народа Казахстана ЗКО, председатель ОО «Чечено-ингушское общество «Вайнах» - Саратов Данильбек Алиевич, преподаватель кафедры «Дошкольного образования» - Маденова Тамара Утегеновна и Джакисова А.А., заведущий кафедры математики и информатики Суйнгалиева Г. С., заместитель директор по воспитательной части Галымова Р.М., заместитель директора по социальной работе  Мажитов К.Х.

Группа была разделена 5 национальностей, где полностью старались раскрыть основные особенности нации, традиции и обычаи.

Ассамблея народа Казахстана играет большую роль в укреплении мира и согласия между народами, проживающими в Казахстане. Целью проведения классного часа было  укрепление дружбы между студентами, любовь к Родине, уважения к традициям и обычаям всех национальностей.

Для студентов Саратов Данильбек Алиевич дал очень хороший воспитательный и патриотический настрой для изучения казахского языка, уважения и понимания ко всем окружающим нас.

11 ақпанда Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайды тану – ұлтыңды тану» атты шара ұйымдастырылды. Абайтанушы ғалымдардың еңбектері арқылы Абай шығармаларының тағылымын таныту, «кәміл адам» концепциясының мәнін, сондай-ақ ақынның заңгерлік қырын ашу мақсаты көзделген шарада Абайтану ғылымының негізін қалаған, ақын мұрасын бастыруға үлес қосқан тұлғалар – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Назипа Құлжанова, әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының т.б.еңбектері көрсетілді. Абайдың білім бұлағының бастауы туралы «Абай жолы» роман-эпопеясынан көріністер қойылып, студенттер ақынның шығармаларын, қара сөздерін үш тілде мәнерлеп жатқа оқыды. Сонымен бірге өздерінің өлмес туындыларын Абай рухына тарту еткен Шәкәрім, Мағжан, Мұқағалидың өлеңдері мен 2сКШК-9 тобының студенті Әлібекұлы Ақтілектің ақынға арнау өлеңі оқылды. Шара барысында абайтануға еңбек сіңірген Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Құдайберген Жұбанов, Қайым Мұхамедханов, Рабиға Сыздықова, Мекемтас Мырзахметов, Роллан Сисенбаев, Герольд Бельгер сынды көптеген ғалымдардың Абайды танытудағы еңбектері сөз болды.

Абайды тек ақын, философ, сазгер деп білетін көрермен Абайдың заңгерлік қырымен таныс емес. Бірнеше уақыт бойы назардан тыс қалған Абайдың қайраткерлік қызметіндегі жұлынды саласының бірі «Қарамола ережесі» болатын. Ел ішінде кесімді билік айтып, білім парасатымен көзге түскен Абайға орыс географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесі сенім білдіріп, 1885 жылы «Қарамола ережесін» жазуды ұсынғанда, Абай 3 күн бойына 73 баптан тұратын ережені жазып шыққан. Бұл заңгерлік құжат Дала заңына негізделген Абайдың «толық адам тұжырымының» түйініндей болды. Кештің соңында кафедра оқытушылары мен студенттері Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындады. Колледжіміздің директоры С.М.Бахишева шараның маңыздылығы мен мазмұндылығына баға беріп, «Әр оқытушының, студенттің өзінің таныған Абайы, өміріне бағыт берген өлеңі не қарасөзі болуы қажет» - деп,  ақынның 23, 38-қарасөздерін зерделеп оқуға кеңес берді.

10 ақпан күні колледжімізде мемлекет басшысы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын насихаттау және «2020 жыл- Еріктілер жылы» қолдау мақсатында жас оқытушылар мен студенттер арасында пікірсайыс турнирі өткен болатын. Турнир ерекше атмосферасымен есте қалды. Турнирде қаралған қарар: «БП ұлттық кодтың негізі тілде» осы тақырып аясында АПФ форматында пікір алмасу болды. Бір байқағаным: көрермендердің ерекше ықыласы мен қызығушылығы. Әртүрлі топтардан жиналған студенттер бірінен соң бірі өз ойларын, көзқарастарын айтып жатты. Турнир соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Турнир нәтижесі бойынша І орын- жас маман Құрманғалиева Назерке, 2 курс студенті Жамбылова Нұрбақыттың жеңісімен шешілді.

7 ақпан күні «Кешегі түлек-бүгінгі кәсіби маман» тақырыбында түлектер форумы өтті. Форумға қалада, аудандарда, ауылдық жерлерде қызмет етіп жатқан кәсіби мамандар жиналды. Форумға 65 түлек қатысты. Түлектерге алдымен колледж №6 «Рухани мұра », №3 «Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиі емілесін оқыту әдістемесі», №34 Лингафон, №37 «Мектепке дейінгі білім берудің жеке әдістемесі», № 27 «STEM» кабинеттері таныстырылды.
Форум отырысын колледж директоры Бахишева Светлана Мендығалиқызы түлектерге жылы лебізімен бастады.
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Мұхтар Зинур Гафурұлы мен директордың стратегиялық даму және инновация жөніндегі орынбасары Кошанова Зауреш Аманқосқызы колледждің уақыт талабы мен еңбек нарығының сұраныстарына сай құрылған стратегиялық жоспарымен таныстырды.

Өткен оқу жылында колледжде түлектер ассоциациясы құрылып өз жұмысын бастаған болатын. Форумда ассоциация мүшелері осы уақыт аралығында колледжбен жасалған түрлі байланысты: тәжірибе алмасу, түлектердің кәсіптік, ғылыми, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға ықпал ету барысындағы жұмыстар туралы есеп беріп, өз әсерлерімен бөлісті. Түлектер Ассоциациясының мүшелері атқарған жұмыстары үшін «Алғыс хаттармен» марапатталып, мүшелікке жас мамандарды қабылдау рәсімі өтті. Форум бағдарламасына сәйкес әрі қарай түлектермен кездесу әрбір кафедраларда «дөңгелек үстел» форматында жалғасты. Түлектер өз кафедраларына бөлінбес алдында ассоциация төрағасы Хамза Жандос ассоциация мүшелерімен жабық жиналыс жасады.

3 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің аясында өзін-өзі тану мұғалімдері Б.К.Сапиев, А.Т.Зайнуллина, А.К.Мухсинова, Ж.Молдағалиева әр топқа С.А.Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сүйіспеншілік өмір негізі» атты ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабаққа өңірдегі оқу орнының ұстаздары мен білім алушылары қатысып тәжірибе алмасты. Сабақ барысында ойындар, жаттығулар, тренингтер, шаттық шеңбері т.б әдістер студенттердің шығармашылығын шыңдауға септігін тигізді. Махаббат пен шығармашылық білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына қызмет етеді.

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің аясында 1курс студенттеріне «Мен өмірді сүйемін» атты тәрбиелік сағаты оздырылды. Шара барысында студенттер аталмыш тақырып аясында бейне-роликтер мен тренингтер арқылы үнемі позитивті көзқараста, айқын мақсатпен ғана өмір сүре білгенде қоршаған ортасы жақсы адамдарға толы болып, жетістіктерге жетуге толық мүмкіндік бар екенін ұғынды. Сонымен қатар шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сүйіспеншілік нұрын сыйлады.

04 ақпан  күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің аясында 1аСП-9 тобы және «Ынтымақ» волонтерлар клубының жақсылыққа жаны құштар белсенді мүшелері студенттердің бойында сүйіспеншілік, сыйластық, кішіпейілділік құндылықтарын арттыру бағытында
«Ізгі ниет – ақ тілек» акциясын ұйымдастырып өткізді. Акция барысында студенттер колледж ұстаздарына ізгі тілектері жазылған қаламдарға байланған шарлар сыйлай отырып, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Шәкірттерінің ізгі тілектеріне риза болған ұстаздар оқуда озат болуларына деген алғысын білдірді.

«Мен OFFLINE» республикалық акциясы аясында, әрбір топта «Интернетсіз 1 күн» тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, хаттамасы толтырылды.

3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің өткізілуіне байланысты ақпан айының 3-інде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде онкүндіктің ашылу салтанаты аталып өтті. Салтанатты шараға колледж директоры С.М.Бахишева қатысып, адамгершілік рухани білім беруде студенттерді адами құндылықтар әлеміне тартуда өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігін атап өтті. «Өзін-өзі тану» мұғалімдері ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды: мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі екендігін түсіндіріп өтті. Өз кезегінде студенттер онкүндіктің ашылуында флешмоб билеп, ән шырқады.
Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» дегендей «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз.

13-17.01.2020 күндері аралығы барлық топтарда 2020 жылғы 26 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының (бұдан әрі – Акция) тұжырымдамасын талдау сағаттары өтті. Өздерінің тұжырымдама бойынша ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Жазбаша түрде ойларын жазып тапсырды.

Ыбыраймова Айсана:

- Интернетсіз бір күн акциясы әр адамға тиімді болар еді. Қазіргі таңда интернеттің кең ауқымда таралуда. Көпшілігіміздің әр күніміз интернет қараумен өтуде. Интернеттің тиімді және тиімсіз де жағы бар. Ол физикалық, медициналық жағынан теріс әсер етеді. Осы акцияны ұйымдастыру арқылы жақын адамдармен араласып, кітап оқуға боалды деп ойлаймын.

Іңірбай Айдана:

- Қаңтардың соңғы жексенбісі – «Халықаралық интернетсіз күн» болып жарияланған. Оның мақсаты – бір күн болса да интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Бос уақытты бір мезгіл өзіңізге, отбасыңызға арнаған дұрыс деп ойлаймын.

Елбасымыз  Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқандай Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Жас Отан ЖҚ» БҚО филиал төрағасы: Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы  және студенттер Алянс лидері  Кунеев Муса Сансвайұлы мен  «Мен таңдаған жол!» атты  1-2ші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты «Мамандық дегеніміз не?», «Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек?», оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Кездесу барысында келген қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестер беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, келген қонақтарға сұрақтарын қойып ойларымен  пікірлерін білдірді. 

13 желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасында оқып, білім алып жатқан студенттерге тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты кездесу кеші өтті. Шара қонақтары әр түрлі салада еңбектеніп жүргенмен, мақсаттары бір озық ойлы, елжандылықтарын көрсетті. Аралас жекпе - жектен  әлем біріншілігінің жеңімпазы, әскери самбодан Азия ойындарының күміс жүлдегері,ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ихсанғалиев Темирлан Мерданұлы жастарға спорттағы жеткен жетістіктерін елге, атан – анағасоның ішінде әкесіне берген уәдесінің беріктігінің арқасындағы еңбек еткені туралы айтып өтті. Келесі қонағымыз колледжімізде білім алған «» жастар қанаты БҚОФ төраға орынбасары, белсенді жас, жыл үздігі жас көшбасшы, жастар премиясының иегері Шамгалиев Ерлік Мерекеұлыда әкімнің ақ батасымен еңбекте алда болуды мақсат қылып, қазіргідей тыныш заманда еліміздегі  жастарға жасалынып жатырған жағымды жаңалықтармен, оған жетудің жолдарымен бөлісті. Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.М.Ғалымова шараның маңыздылығына тоқталып, қонақтарға қош келдіңіздер айтты. 1 -4 курс студенттері бұл кештен жақсы әсер алды.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 7

Кеше 146

Осы аптада 820

Осы айда 1674

Барлығы 189247

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска