8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Барша әйелдер, қыздар қауымын мерекемен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, тек мол табыс тілейміз! Әрдайым күліп жүріңіздер. Себебі, сіздер ер азаматтар үшін, әлем үшін керексіздер.

БӘРІ ДЕ АНА БІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛДЫ…

6 наурыз күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде құрылған «Аналар кеңесінің» жұмыс жоспарына сай, 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған колледж студенттерінің әже, аналарының қатысуымен «Бәрі де ана бір өзіңнен басталды...» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - ұрпақ тәрбиесіндегі үштік одақтың жұмысын жандандыра отырып, «Қыз тәрбилей отырып, ұлтыңды, ұл тәрбиелей отырып рухыңды тәрбиелейсің» дегендей әжелер мен аналардың бала тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісу, пікір алысу алаңын ұйымдастыру.
«Жүрегі білім-нұрға бөленген»

Жаһанша жоғарғы педагогикалық колледжінде Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаз- Сапиев Біржан Кәрімұлымен «Ұстаз болу -жүректің асылдығы» атты кездесу кеші өтті.

МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

5 наурыз күні колледжімізде Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі Роман Сулейменович және орталықтың теолог маманы Наурыз Ибатұлымен кездесу өтті. 

Болашақтың дизайнерлері

04.03.2024 күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кафедрасының 10 күндік аясында «Болашақтың дизайнерлері» 1 курс студенттері арасында танымдық кеші ұйымдастырылды.

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ

Студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалануда үнемі жұмыстанудамыз. Сондай шаралардың біріне тәрбиеші Гүлбану Талғатқызы студенттермен бірге Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен «Бөлек болмыс» атты кештің куәсі болды.Бұл кеш басқа кездесулерден өзгешелеу болды.Тәрбиелік мәні зор, жастарға өмір сүрудің мәні мен маңызын терең түсіндіре білетін кеш болды.Кеш барысында кейіпкердің өз аузынан шыққан өмір дерегін тыңдап, жылап та, күліп те алып,өмірдің ағысына қарсы жүзген батыр ананы көрдік.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 179

Кеше 103

Осы аптада 1614

Осы айда 9650

Барлығы 187169

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска