Астана қаласында қаза болған бүлдіршіндерімізді аза тұтып, «Қазақтың батыр арулары» ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды

06.02.2019 күні Орал қалалық ақпарттықталдау және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының мүшелері Астана қаласында қаза болған бүлдіршіндерімізді аза тұтып, «Қазақтың батыр арулары» ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды.

«Ізгілік әлемі»

1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің 4-ші күнінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, адам бойындағы адамгершілік, мейірімділік, рақымдылық қасиеттерін дамыту, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны қалыптастыру, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік бере отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ізгілік әлемі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

«Жаңартылған білім мазмұны- табысты сабақ кепілі» тақырыбындағы қалалық семинар

05 ақпан күні практика бөлімі математика, информатика, физика кафедрасымен бірге «Жаңартылған білім мазмұны-табысты сабақ кепілі» тақырыбындағы қалалық семинар ұйымдастырды. Колледждегі «Физика мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Информатика мұғалімі» біліктілігінің студенттері қатысты.Семинардың мақсаты- кәсіби және ұлттық адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасында жағдай жасап, әлеуметтік серіктестіктермен тәжірибе алмасу.

«Алтын жүрек анамыз»

Ағымдағы жылдың 1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында ақпан айының 05-ші жұлдызында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жалпы адамзаттық құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларға, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына үлкен үлес қосып, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегінде адамзат баласына бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізген, мейірім мен ізгіліктің символы «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның ұлағатты өмір жолына арналған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы оздырылды.

«Жетістікке бастайтын 7 қадам»

2019 жылдың 4 ақпан күні сағат 10:30-да «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты облыстық жастар жылының ашылу шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Облысымыздың әр түрлі санаттағы жастары, жас ұстаздар, кәсіпкерлер, жас дәрігерлер мен өндіріс қызыметкерлері жастар ұйымдары өкілдері және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттеріде қатысып келді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 29

Кеше 212

Осы аптада 241

Осы айда 9902

Барлығы 187421

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска