«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

1қазан  күні студенттер үйінде, Халықаралық қарттар күніне орай ,студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Студенттер үйінен студенттік кеңестің төрайымы, 3пКШФ-11 тобының студенті Калиев Жұмағали, 5а қабатының басшысы, 2пКШО-11 тобының студенті Малаева Айнагүл, 2асКШТ-9 тобының студенті Кажимов Мұқтар, 1аКШИ-11 тобының студенті Кубаиева Айнара, 2сКШФТ-9 тобының студенті Бисенбай Ернұр, 2аКИНФ-9 тобының студенті Ерсайынов Тұрар Орал қаласының тұрғыны, зейнеткер Шинь Тамара апаның үйіне барып көмек көрсетті.

Мұғалімдер күні мерекеленді

Бүгінгі мұғалімдер күні мерекесінде колледжімізде ұстаздар қауымын ұлықтап, кәсіби мерекемен құттықтауға арналған ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мұғалімдерге колледжіге кіргеннен-ақ мерекені сезіндіретіндей оқу ғимараттына ұстаз туралы Ұлы тұлғалардан ғибратты сөздері жазылған банерлер ілініп, дәліздер түрлі құрал-жабдықтармен безендірілді.

ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

21 қыркүйек күні, сағат 15:00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырман залында өңірімізге белгілі ұлағатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінінің құрметті қызметкері Қырымжан Үмбетрзақызы Жақыпованың 60 жасқа толу мерейтойына орай «Білімі-дария, тәлімі-тәрбие» атты кездесу кеші болып өтті. Аталмыш шараны озық оқытушының өзі ширек ғасырға жуық қызмет жасап келе жатырған Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ұжымы ұйымдастырды.

"М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы" атты танымдық сағат өтті

29.09.2022 күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж інің Студенттер үйінде Мұтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай "М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы" атты танымдық сағат өтті. Кеште ғұлама жазушының өмірбаяны және арнау өлеңдер оқылып күмбірлеген "Көңіл Толқыны"  күйі орындалды. Танымдық сағатқа қонаққа болып шақырылған Х. Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы, ақын-жазушы, осы жатақхананың кезінде тұрғыны болған Едігенов Нұрлан Маралбекұлы Әуезов туралы ой айтып студенттік кезіндегі қызықты естеліктермен бөлісті. Танымдық сағатты ұйымдастырған жатақхана тәрбиешісі А. Т. Нугманова.

«Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші өтті

22 қыркүйек күні студенттер үйінде «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші өтті. Шарада 1курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар студенттердің өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында 2пКШО-11 тобының студенті Малаева Айнагүл ойын ұйымдастырып өткізді. 2пКШК-11 тобының студенті,  ақынымыз Маратов Ернар 1 курс студенттеріне өз арнауын оқыды. 2-3 курс студенттері де ән шырқап өнерлерін  көрсетті. Танысу кеші көңілді өтті.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 24

Кеше 151

Осы аптада 1267

Осы айда 3071

Барлығы 190644

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска