«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» атты  мерекелік кеш өткізілді

15 желтоқсан күні студенттер үйінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» атты  мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге  желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

«Қаз дауысты Қазыбек би» атты тарихи танымдық кеш өтті

09.12.2022ж  күні Жаратылыстану және қоғамтану кафедрасының онкүндігі аясында  Қаз дауысты Қазыбек бидің  туғанына 355 жыл толуына арналған, кафедра оқытушысы А.Б. Журекенованың ұйымдастыруымен «Қаз дауысты Қазыбек би» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Ұстаздарды ұлықтаған күн болды!

2022 жылдың 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі   бірігіп ұйымдастырған педагогтардың озық  педагогикалық тәжірибесін  жариялау мақсатында аймақтық «Педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы семинар-практикум өз мәресіне жетті.

«СПИД не үшін қауіпті?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

05.12. 22 ж. күні Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтан педагог Умбетова Гульнара Кимовна «СПИД не үшін қауіпті?» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.

«Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өткізілді

1 желтоқсан күні студенттер үйінде тәрбиеші Г.Т.Шахаеваның ұйымдастыруымен Ш.Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты:Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Студенттің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешендік  шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы студент бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Кешіміз биші қыздарымыздың әдемі биімен ашылып,одан әрі Шерхан Мұртазаның жырлары мен қайталанбас ерліктері жайлы баяндама оқылды, нақыл сөздері айтылды.

«Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар

2022 жылдың қараша айының 25-де педагогика және психология кафедрасының «Жаңа Қазақстан-білімді жас, білікті маман» онкүндігі аясында оқытушы Л.С. Есенова мен практика бөлімімен бірге жоспарлы түрде «Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

«А.Байтұрсынұлы шығармармалары» тақырыбында ReadX

24 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжін кітапханасында «Оқуға кұштар колледж» атты республикалық акцияға үн қосу мақсатында А.Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «А.Байтұрсынұлы шығармармалары» тақырыбында ReadX жетекшісі А.Ж.Темрешеваның ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтті.

«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты пікірталас

Бүгін 24.11.2022 күні студенттер үйінде тәрбиеші Н.Д.Байтақованың ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты пікірталас өтті. Мақсаты: студенттердің үлкен өмірге нық қадаммен аттауына ат салысу, психикалық тұрғыда көмек көрсету, жол сілтеу.

Сәкен Ғұмаровтың музей-үйінде ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлымен кездесу кеші

23 қараша күні, Сәкен Ғұмаровтың музей-үйінде "Сәкен өнері-барлық ұлттарға ортақ рухты өнер" атты суретші-сазгер, ақын Ерсайын Жапақ Қайырлыұлымен кездесу кеші өтті. Кездесуге 2асКШТ тобы қатысты. Шара барысында өнер иесі өз шығармашылығы жөнінде әңгімеледі.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 147

Кеше 105

Осы аптада 147

Осы айда 1001

Барлығы 188574

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска