Ұжым жиналысы өткізілді

🔹Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 12 қыркүйек күні ұжым жиналысы өткізілді. Онда «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқолыққа қарсы заңнаманың ережелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оған жол бермеу жолдары туралы заңнамалық актілерге сүйеніп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаһанша колледжі студенттері тіл мерекесінің бел ортасында

Орал қалалық кітапханасының ұйымдастырумен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы танымдық шара өтті. Оған Жаһанша колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1 және 3-курс студенттері қатысты.

Білім күніне арналған салтанатты шара өтті

Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Жиынға колледжде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздар, «Алматы кітап» баспасының тренинг орталығының басшысы Айнагүл Берниязова, колледж ұжымы, студенттер мен олардың ата-аналары қатысты.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ГРАНТ топтарында босаған орындарға үміткерлерден өтініш қабылдайды:

Габбасова Гулнар Сагатовна Қазақстан Республикасының "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломымен марапаттауға ұсынылады

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, 30 жыл колледжде еңбек еткен, педагог-зерттеуші Габбасова Гулнар Сагатовна Қазақстан Республикасының "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломымен марапаттауға ұсынылады.  

Колледж студенттері республикалық TopIQ конкурсының 2-кезеңіне жолдама алды

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері республикалық TopIQ конкурсының 2-кезеңіне жолдама алып, радио, теледидардан қазақстандық тұңғыш цифрлық платформаның тиімділігі туралы өз ойларын ортаға салды.

«БАСТАУЫШҚА-БАСТАМАМЕН» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ШАРАЛАРДАН  «БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

Жоба жұмысы аясында БҚО ББДО  мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі бірігіп ағымдағы жылдың 09 маусымда  бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнап «Білім беру үрдісінде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізді.

«SKILIS BAZAAR» шарасы өтті

09 маусым  күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Молдағалиев атындағы саябақта  "Дарынды жас, бізге қосыл!" тақырыбында «SKILIS BAZAAR» шарасы өтті. Шараның негізгі мақсаты колледж жұмысын насихаттау, шығармашыл, белсенді  студенттерді қолдау,  педагогикалық мамандықтарды таныстырып,  жаңа оқу жылына  дарынды талапкерлерді тарту болды. 

«Бастауышқа-бастамамен» жобасы Теректі ауданының бастауыш мектептерінде

Жоба жұмысы аясында жобаға қатысушы БҚО ББДО әдіскері Жакина Жұлдыз Бауыржанқызы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры А.Ж.Кайрлиева және  оқытушы-әдіскерлер мен қаланың бастауыш мектеп мұғалімдері әдістемелік көмек беру мақсатында Теректі ауданының  «Ақжайық», Дуана, Шалқар, Пойма, Айтиев  ауылдарының  бастауыш мектептеріне  барды. Олар бастауыш мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасап, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек берді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 20

Кеше 212

Осы аптада 232

Осы айда 9893

Барлығы 187412

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска