HIGHER PEDAGOGICAL COLLEGE

    NAMED AFTER ZH. DOSMUKHAMEDOV

    СОЦИАЛЬНЫЕ ПАРТНЕРЫ

    Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж бітіруші түлектерінің алдын-ала жұмысқа бөлу шарасы.

    18.04.2019 ж күні колледжде 2018-2019 оқу жылы бітіретін түлектерді жұмысқа бөлу шарасы өтті. Жалпы бітіруші түлектер саны-409. Шараға 12-аудандық білім беру бөлім басшылары және Атырау қалалық білім беру басшылары қатысты. Түлектерді жұмысқа бөлу шарасын оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары М.С.Мұқашев ашып, бітіруші түлектер әлеуметтік серіктестермен бірге жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша семинарлар, шеберлік кластар, тәжірибелі мектеп мұғалімдерімен кездесулер ұйымдастырылғандығын. Түлектер теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес бірнеше байқау, сыныптан тыс тәрбие жұмысы технологиясы, дипломалдындағы практикаларынан өтіп, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес кәсіби тәжірибе жинақтағандығы туралы айтылды. Аудандық білім беру бөлім басшыларына биылғы бітіруші түлектердің мамандықтары, олардың оқу-тәрбиедегі жетістіктері туралы толық мәлімет берілді.Жұмысқа бөлуден бұрын бітіруші түлектерге жас мамандарды жұмысқа бөлу ережелерімен аудандық, облыстық білім басқармасының сұраныстарымен таныстырылып, болашақ жас мамандарға тұрғылықты мекен-жайы, өз аудандарынан басқа да көршілес облыс аудандарына жұмысқа орналасу мүмкіндігінің бар екендігі сөз етілді. Барлық мамандық бойынша бітіруші түлектердің тұрғылықты мекен-жайына сәйкес өз аудандарына алдын-ала жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғандығы туралы ақпарат берілді. Осы шара нәтежесінде бітіруші түлектердің 82%-н жұмысқа бөлінді.

    29 наурыз күні практика бөлімі математика мұғалімі, шетел тілі мұғалімі, бастауыш білім беру мұғалімі мамандықтарының 3-4 курс студенттері 1-2 курс студенттеріне шеберлік сағатын өткізді. Студенттерге мамандықтары бойынша үлгі сабақтарын практика жүзінде көрсетіп, 1-2 курс студенттеріне оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгертті.

    «Жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша музыка пәнін оқыту әдістері» тақырыбындағы облыстық және қалалық мектеп мұғалімдерімен практикалық семинар

    11 желтоқсан күні колледжде практика бөлімі мен муызка кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша музыка пәнін оқыту әдістері» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинарды ұйымдастырудағы мақсат- музыкалық білім беру мамандығында оқитын студенттерге жаңартылған білім беру жағдайында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту, мектеп мұғалімдерімен оқу мен тәрбие жұмыстарында әдістердің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу. Семинарға  қалалық қазақ мектептерінің және № 5 ЖОББМ жоғары санатты, музыка жетекшісі, С.А.Базаргалиева, қалалық орыс мектептерінің және № 9 ЖООБМ жоғары санатты, музыка жетекшісі Л.В.Бригида, № 1 ЖОББМ-тің І санатты мұғалімі С.А.Мұхамбеткалиева, № 30ЖОББМ-тің  І санатты мұғалімі Н.Б.Қазмағамбетова, №48 ЖОББМ-тің жоғары санатты мұғалім А.У.Батырова, №42 «Ақниет» гимназиясының І санатты мұғалімі Г.Ж.Елбаева, №49 ЖОББМ-тің жоғары санатты мұғалімі К.О.Тлеумагамбетов және музыка кафедрасының оқытушыларыС.А.Утешкалиев, Р.Ә.Сүлейменова, Б.К.Мукажанова, А.К.Утебаевалар қатысты.

    Семинар аралға саяхат түрінде өтті. «Белгісіздік» аралында А.А.Батырханова музыкалық білім беру мамандығының 3-4 курс студенттермен оқу үрдісіндегі ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ айырмашылығын,  сын тұрғысынан ойлау, оқыту мен оқуда АКТ пайдаланудың жолдары туралы топтық жұмыс ұйымдастырды. «Білімділер» аралында  жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша студенттерімізге музыка пәнін оқытуда әдіс-тәсілдерді  қолданудың тиімділігін мектеп оқытушылары практикалық сабақтарды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасты.  «Тәжірибе» аралында 2,3,5 сынып оқулықтар арқылы сабақ үзіндісін көрсетті. «Қуаныш» аралында пальма ағашына әр түрлі жеміс жидектерге семинардан алған әсерлерін жазып, ойларын білдірді.Семинарға шақырылған мектеп мұғалімдеріне іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс хаттар берілді.

     

    Еркін микрофон- «Шеберге 100 сұрақ» атты кездесу

    06 желтоқсан күні колледжде Еркін микрофон- «Шеберге 100 сұрақ» атты облыстық және қалалық мектептердің шебер педагогтарымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- колледжіміздің жас мамандарымен бітіруші түлектеріне өз шеберліктерінің қыры мен сырын, ізденіс жолы мен бағыттарын, өсу векторлары жөнінде ой бөлісу.Кездесуге дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші педагог- Габбасова Ұлдай Қаресқызы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі- Оразова Анаргүл Қабдолқызы, №37 ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Бақытжамал Алибековна, №1 ЖОББ мектептің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Зерттеуші педагог»-Сахасова Шынжібек Хабдилшапихқызы, Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББ мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Жұмабаева Алма Әлібекқызы, №40ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші педагог- Бірәлі Ботакөз Мақсотқызы шақырылды.

    Мектеп мұғалімдеріне педагогикалық тәжірибе, педагогикалық ізденіс, педагогикалық шығармашылық т.б. ұғымдарға терең түсінік беріп, өз тәжірибелеріне арналған жеке сұрақтарға, жас мамандар мен бітіруші түлектеріміздің сұрақтарына кеңес беріп, ой бөлісті. Кездесу жас мамандарымыз үшін тиімді болды, қызметтерінде кездесіп жатырған қиындықтарды шешудің әдіс-тәсілдерін сырласа отырып таба алды. Жүрекше хаттарға өз тілектерін жазып, кездесуге келген қонақтарымызға ұсынды. Кері байланыс смайликтері арқылы мұғалімдердің кездесуден алған жағымды әсерлерін біліп, алғыс хаттар берілді.

    2018 жылдың 21 қараша күні педагогика, психология кафедрасының 10 күндігінің аясында практика бөлімі мен педагогика, психология кафедрасы оқытушылары «Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныпта оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасында жағдай жасап, әлеуметтік серіктестіктермен тәжірибе алмасу және студенттердің білімін практикамен ұштастыру. Семинарға облыстық және қалалық мектептердегі әлеуметтік серіктестер (№19ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері Дошаева А.Э., Тулешкалиева А.Ж., Утешкалиева Н.М., №46 ЖОББМ-тің директордың бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары Хамитова Ж. Х., №44 ЖОББМ-тің бастауыш сыныптың мұғалімі Рахматуллина С.Ғ., С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі, жоғары зерттеуші-педагог Суханова Г.Р.,Подстепной қазақ ЖОББМ-тің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Халиуллина Н.Х.), жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп, өз білімдері мен тәжірибелерін колледжде, практика базаларында қолданып жүрген әдіскерлеріміз Г.М.Сапахова және Б.М.Каримовалар, «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Семинардың алғашқы сөзі педагогика ғылымдарының докторы, колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызына ұсынылып, шақырылған әлеуметтік серіктестерге сәттілік тілеп, байланысымыз жалғасын таба берсін деп тілек білдірді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы танысып, ақылды алты қалпақ иелері анықталып, семинардың рефлексия бөлігінде бағдарлама бойынша баяндамашылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныпта оқытудың ерекшеліктерінаудиториядағы студенттермен топтық жұмыс арқылы ашып, бастауыш сынып мұғалімдері сабақтарында қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, шеберліктерін көрсетті. Семинар арқылы жаңартылған білім мазмұны бойынша студенттер алған білімдерін алдағы практикадажоғары деңгейде қолданатына сеніміміз мол.

    22 қыркүйек күні 4аРШО, 4асКШИ, 4аКШК, 4аКШФТ-9, 4асКШМ, 4асКШИЧ-9, 4сКШК, 4сКШФТ, 3аМК, 3аКШФ-11, 3пКШО, 3пКДО, 3пКШК, 3пМК, 3пКШФ топтарында жазғы педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы  өтті. Жазғы лагерлік практикасын, Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығанда сондай-ақ, Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығанда өткізген «Жайық жастары» педагогикалық жасақ мүшелері, Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығынан өткен 11 студент, Назарбаев зияткерлік мектептерінде практикадан өткен «Шет тілі мұғалімі» мамандығының 5 студенті есеп берді.

    Шара «Жайық жастары» отрядының әнімен ашылып, төмендегі бағдарлама бойынша өтті.  

    Бағдарламасы:

    1.Көрме дайындау. Барлық топтар практикадан алған жасақ жетістіктері мен нәтижелерінен газет, шиырмаларын дайындап, көрмелерін өздерінің жасаған қол өнерлерімен безендірді. Барлық топтардың ішінде 4асКШМ,4асРШО,3аМК, 4асКШИЧ топтарының көрмелері ерекше безендірілген.

    2.  Есеп беру. Практикадан өту барысында туындаған қиындықтармен ұсыныстар,  жетістіктер, нәтижелер бойынша 3-5 минуттық ауызша есеп берді. 4аРШО, 4асКШК,3пКШК, 4асКШИЧ топтарының есеп беруі практика жоспарына сай атқарылған жұмыстардың  мазмұнын ашып, өте жақсы баяндады. 

    3.  Лагердің бір күнінен көрініс. 4сКШФТ, 4аКШФТ, 3аКШФ, 3пКШФ топтары, 3пКШО, 4аРШО, 4аКШК, 4сКШК, 3пКШК, 3аМК, 3пМК, 4асКШИ топтары бірігіп лагерде ұйымдастырған тәрбиелік шаралары, эстафеталық, қимыл-қозғалыстық, логикалық ойындарды ұйымдастырды. 4сКШФТ, 4аКШФТ, 3аКШФ, 3пКШФ, 3аМК, 3пМК топтарының ұйымдастырған эстафеталық ойындары, 4асКШИ тобының ұжымшылдықты қалыптастыруға арналған шаралары, 4асКШК, 3пКШК  топтары өте жоғары деңгейде көрсетті.

    Колледждің әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланысы орта кәсіптік білімнің дамуының бірден-бір шарты болып табылады. Қалалық мәдени-ағарту бірлестігімен әлеуметтік серіктестік жөнінде еңбек келісімі негізінде және Орал қаласы әкімдігі, Қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меморандумы негізінде серіктестермен студенттерді тәжірибе жинақтау, еңбекпен қамтылу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде колледж облыстың 22 білім беру мекемесімен әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шартқа отырды.

    Колледждің білім беретін оқу орындарымен әріптестігін дамыту жұмыстарының негізгі бағыттары:

    - жұмыс берушілермен бірлесіп мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттар жасақтау;

    - базалық мектептер мен балабақшаларда ұйымдастырылатын кәсіби практиканың сапасын көтеру;

    - мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілердің біліктілігін көтеру мақсатында курстар, педагогикалық десант, әдістемелік семинарлар ұйымдастыру;

    - кәсіптік практика базаларындағы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін талдау, жинақтау, тарату;

    - түлектерді жұмыспен қамту.

    Әр түрлі мамандықтар бойынша кәсіптік практика арнаулы пәндердің белгілі бір циклдарының аяқталуына байланысты және мұғалім мамандығына тән тәрбие жұмысының әдістемесіне сай өткізіледі.

    Әлеуметтік серіктестік жұмысы бағытында колледжде үнемі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста жұмыс жүргізіліп отырады. Осы оқу жылы 2015-2016 жылы басталған эксперимент туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 25 сәуірдегі №327 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылы 30 сәуірде бекітілген «Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына» енгізілген өзгерістерді, жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін талдау бағытында семинар –практикаум ұйымдастырылды.

    22 сәуір күні колледжде М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен біріккен семинар өтті. Семинарға мектептің 1,2 сынып мұғалімдері, психологы және пән мұғалімдері мектептен келсе, 40 колледждің әдіскерлері қатысты. Теориялық бөлімде психолог Ақнұр Бейісқызы тренингпен, әнмен бастаса, одан кейін «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында Макаримова Гаухар Абылайқызы сөз сөйледі. 30 пилоттық мектептің бірі ретінде 2015-2016 жылы басталған эксперимент туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 25 сәуірдегі №327 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылы 30 сәуірде бекітілген «Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына» сай жұмыстанатындығын айтып өтті. «Сауат ашу», «Математика», «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәндерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетті. 2 сынып мұғалімі Жайманова А.А. пәндер бойынша оқу жоспарларына, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар туралы түсінік берді. Одан соң 2 сынып мұғалімі Базарбаева Б.К. «Критериалды бағалау-оқушы білімін нақты бағалау» тақырыбында сөйледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау ерекшеліктері мен олардың қалыптасуына тоқталды. 1 сыныптың 1,2 тоқсанында жиынтық бағалаудың болмайтындығын, тек 3 тоқсанда ғана басталатындығын айтты. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін түсіндірді. Әріптестер қалыптастырушы бағалау үшін қолданылатын әдістер туралы сұрақтарын қойып пікір алмасты. Галимов Е.С., Батырова А.У. «Көркем еңбек, музыка пәндерінің ерекшеліктері» тақырыбында сөйлесе, Галиева А.С., Джоламанова Р.Т. «Ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінің ерекшеліктері» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті. 1 сыныпта сөйлеу, есту дағдылары қалыптастырылса, 2 сыныпта оған жазу қосылатындығы т.б өзгерістер туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Келесі кезеңде аудиторияларға бөлініп практикалық шеберлік кластарымен жалғасты.

    №21 кабинетте Макаримова Г.А. І санатты, ІІ деңгей, Ибраимова Н.А. І санатты, ІІІ деңгей 1-сыныптың «Жиын және логика элементтері. Пиктограмма» тақырыбында, Жайманова А.А. І санатты, ІІІ деңгей, Абдирова А.А. І санатты, ІІІ деңгей, 2-сыныптың «Жиын. Жиындардың бірігуі және бөлімдерге бөлінуі. Мені қоршаған орта табиғаты» тақырыптарында шеберлік кластарын берді. Шеберлік сыныбына 4 а,с КШО тобының студенттері қатысты. Студенттерге тарау атауын, одан сабақ атауын қалай әдіс-тәсілдердің көмегімен қалай анықталатындығын, сабақ барысында нақтылап, қайталап отыру көрсетілді. Шапалақтау –от шашу әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Зерттеу жұмыстары орын алды. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс үлгілері көрсетілді. Жиынтық бағалау үлгісі берілді. Тақырыпқа байланысты сергіту сәті қалай орындалатыны көрсетілді. Басбармақ, палау, салат жасау арқылы жиынның тиісті және тиісті емес элементтері анықталды. Шеберлік класс соңында Г.М.Сапахова рефлексия өткізіп қорытындылады.

    №26 кабинетте Батырова А.У. І санатты, Галимов Е.С. жоғары санатты 2- сыныптың «Көктемгі әуендер» тақырыбында музыка, көркем еңбек пәндерінен кіріктірілген сабақ өткізді. Металлофон аспабын қолданып, ми, соль дыбыстарымен дауыстарды келтіріп, балалардың жауаптарын шапалақтау түрінде бағалады. Жаңбыр әдісін ұрмалы шулы аспаптар көмегімен орындады. Көркем еңбек пәні мұғалімі бәйшешек суретін салып В.Чайковский музыкасы «Вальс цветов» үзіндісін тыңдатты. Талдау барысында баян аспабын қолдануды ұсынылды. Шеберлік класс соңында А.А.Батырханова рефлексия өткізіп қорытындылады.

    №28 кабинетте Галиева А.С. ІІ санатты, ІІІ деңгей, Джоламанова Р.Т. ІІ санатты, ІІІ деңгей «Еда для праздничного стола» тақырыбында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен кіріккен сабақ өткізді. 3аКШО және 3пКШО тобы студенттері мен 10 оқытушы қатысты. Пицца дайындау сергіту сәтінен басталып, ағылшын тілі пәні бойынша мерекелік дастархан мәзірі даярланды. Тағамдардың пайдалы және зиянды түрдері анықталды. Қатысушы студенттер орыс және ағылшын тілдерінде бұл тағамдарға сипаттама берді. Мерекелік торт макетін даярлап, өз жобаларын қорғады. Студенттер мен оқытушылар, мұғалімдер арасында пікірталас болды. Шеберлік класс соңында Б.М.Каримова рефлексия өткізіп қорытындылады.№30 кабинетте Базарбаева Б.К. І санатты, ІІІ деңгей «Жарық көздері» тақырыбында жаратылыстану, дүниетану пәндерінен шеберлік класс өткізді. Жарық көздерін бос қорапты қолдану арқылы түсіндіруге болатынын көрсетті. Шеберлік класс соңында Р.М.Галимова рефлексия өткізіп қорытындылады. Семинар жұмысын колледж оқытушылары мен «Бастауыш білім беру» мамандығын бітіруші курс студенттері жоғары бағалады.

    2017 жылдың 11, 12, 15, 16 сәуір күндері Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі» тақырыбында қысқа мерзімді ақылы 4 күндік оқу семинарынан колледждің 29 оқытушысы бастауыш кластың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімін жетілдірді. Семинар барысында бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Көркем еңбек», 3-4 сыныптар үшін Ақпараттық коммуникациялық технология «АКТ» пәні, 2-4-сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу» пәні, 1-4-сыныптары үшін «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Дүниетану», «Математика», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламасын және «Сауат ашуды» оқу мен оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне, жиынтық бағалау мен қалыптастырушы бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар, тапсырмалар, электронды журнал толтыру үлгісі бойынша сипаттама беріп, оқытушылар пәндері бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлар жасақтап қорғады.

    «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі» тақырыбындағы семинар нәтижесінде 29 әдіскер білімдерін жетілдіріп сертификаттар алды

    Ағылшын тілі айлығының жоспарына сай Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ағылшын тілі оқытушылары мен әдіскерлеріне арналған «Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі» тақырыбында қалалық ғылыми –тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға қала колледждерінен ағылшын тілі пәні оқытушылары мен әдіскерлер қатысты. Конференцияда қазіргі кезде ағылшын тілін үйренудің қажеттілігі, қазіргі заманғы көптілділікті оқыту жолдары туралы баяндамалар мен шеберлік сыныптары көрсетілді.

    Конференцияда оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушы оқытушылармен көптілділік бағдарламасы тапсырмаларына сай ойындар ,тренингтер ұйымдастырды. «Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі» тақырыбында өткен қалалық ғылыми –тәжірибелік конференциясына қатысқан әрбір оқытушыға қатысқанын растайтын сертификаттар берілді.

    У.А.Алтаева конференцияға «The trinity of languages is the core component of the Language policy in Kazakhstan» атты тақырыбына баяндамасымен қатысты.

    А.Т.Даулеткалиева «Ағылшын тілін меңгерту- заман талабы» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.

    Бұл конференцияға «Көптілділік- әлемтану көпірі» атты баяндамаcымен З.Е.Ахметова қатысты. Баяндама барысында көптілділіктің қоғамда алатын рөлі мен нәтижесі туралы сөз болды.

    Ш.Е.Мұхтарова конференцияда «Көптілділік: танымдық мүмкіндіктері мен проблемалары» атты баяндама оқыды. Баяндамада «Көптілділік», «Көптілділік деңгейлері», «Көптілділіктің түрлері», «кіріктірілген сабақтар» т.б. ұғымдарға анықтама беріліп, көптілділікті енгізу проблемалары талданды. Үш тілде білім беруді енгізу бағдарламасынан туындайтын, колледж оқытушыларының алдында тұрған міндеттер талданды, пікірталас болды, ұсыныстар айтылды.

    Н.У.Ахметова «Үш тұғырлы тілді меңгеру-заман талабы» тақырыбында баяндамамен қатысты. Баяндамада үштілді білім беруді енгізу негізінде полимәдениетті тұлға, бәсекеге қабілетті маман даярланатыны, президентіміз айтқандай, әлемде Қазақстан үш тілді де еркін әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы үшін қазіргі кезеңде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылғаны осы мақсатта Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері де облыстық, республикалық олимпиадаларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, байқауларға жиі қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүргені айтылды.

    Колледж әдіскерлері 11.05.17ж -16.05.17ж күндері аралығында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп интернаты кешенінде «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбындағы семинар – практикумына қатысты. Семинар – практикумда оқытушылар Суханова Г.Р., М.Е.Уразалинаның және Д.Е.Айтқалиеваның «Parts of the body» тақырыбындағы сабақтарына және критериялды бағалау, бағдарламалар, ресурстар, рефлексия туралы «Дөңгелек үстел» түрінде ұйымдастырып , тәжірибе алмасты.