Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде көрісу айт мейрамында көршілес елден Татар елінің Арск педагогикалық колледжінен делегация келді. Арск педагогикалық колледжінен келген әріптестеріміз колледж кафедраларын жеке-жеке аралап, кафедра жобалары мен жоспарламен танысты.
Колледжімізге сапарының басты себебі жобалық жоспарлы жұмыстар мен танысып, әрі қарай екі колледж арасындағы алтын көпірді құру екенің айта кетті. Наурыз мейрамының қарсаңында келген Татар ағайындарымыз Наурыз көже жәнеде көптеген ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, қазақы қонақжайлығымызға тағы бір мәрте тәнті болды. Әр кафедраның жұмыстарын аралап көргеннен кейін, колледж акт залында оқытушылар мен дарынды студенттерінің концерттік қойылымын тамашалады.
Екі күнге созылған шараны қойылымнан кейінгі екі жақты жылы лебіздерін жеткізумен тәмәмдалды.