МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

11 желтоқсан күні 1аРШО топ студенттері «Мы, поколение Независимости» атты кездесу өткізді. Кездесуге 2019 жылдың колледж түлектері, «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері Серикова Кунсулу, Истлеуова Аксауле, Урузгалиева Диана қатысты.

Колледжде Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел тірегі болған Елбасы!» атты патриоттық ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 29 қараша күні ҚР-ның тұңғыш президентінің күніне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды. Тәрбие сағатында елбасының қызмет саласына «ассоциация» жасалып, елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы бейнероликті (презентацияны) көрсетілді. «Бағдарламаларды дайындау» ойыны ойнатылды.

Шара соңында рефлексия жасалды:

  • Болашақта өзімді қандай адам ретінде елестетемін?
  • Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бойында бар қандай қасиетті міндетті түрде өз бойымда дамытамын?
  • Қазақстанның дамуына қандай үлес қосар едім?

11 қазан күні латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің оңтайлы технологиялары негізінде колледж оқытушыларына латын әліпбиі мен емлесін меңгертіп, теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру мақсатында оқытушылар Б.М.Кәрімова, А.С.Құраубайдың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбындағы латын әліпбиі емлесі бойынша оқытушылар арасында семинар өткізілді. Семинар барысында оқытушыларға латын әліпбиінің емле ережелері таныстырылып, тапсырмалар орындалды. Оқытушылар әріптер бойынша топқа бөлініп, я, ю әріптері және э, ё, ц, щ әріптері бар сөздердің жаңа емлесі және оларға қосымшалардың жалғануы бойынша, сонымен бірге тч, дж, ст, сть, ий, нг әріп тіркестері бар сөздердің емлесі туралы мағлұмат алып, жаңа ережелер бойынша сөздердің дұрыс жазылуын үйренді. Семинар соңында қатысушылардың оқылым дағдысын жетілдіру мақсатында латын әліпбиіндегі мақалалар мен мәтіндер берілді. Латын жазуына көшу – бүгінгі күннің қажеттілігі, ал латын жазуы – әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол. Оқытушылар семинар соңында латын негізді қазақ әліпбиінің қазақың дүниетанымына барынша жақын , кірме дыбыстардың саны азайып, төл дыбыстарымызды еркін қолданатын мүмкіндікті байқағаны туралы  өз ойларын ортаға салды.

Абай-барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұятты,ұлттық намысы. Шара соңында мәнерлеп оқу сайысы туралы қатысушылар мен көрермендердің пікірлері тыңдалды.  Осы тақырыптағы тағы бір шара- қазақ топтары арасындағы оқытушы А.Т.Қойшекенованың ұйымдастыруымен өткен «Адамдықты көздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

 

18 студент қатысқан сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Абай әлемі» деп аталып,  қатысушылар ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша берілген сұрақтарға жауап берді.Екінші кезең «Абай өлеңдерін жатқа оқу». Қатысушылар алдын ала берілген өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды.       Үшінші кезең «Абай айтқан асылдар» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар Абайдың қарасөздерін түсініп, жатқа оқыды. Сайыс нәтижесінде «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  2 курс студенті Қазиханов Фархат 1 орын, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  1 курс студенті Амангелдиева Назерке 2 орын, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  2 курс студенттері Мукашева Аяулым, Нұрханова Алтын 3 орынды иеленді. Сайыс барысында «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Магданов Армат  Құрманғазының «Адай» күйін тартып берсе, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  2 курс студенті Әлібекұлы Ақтілек Абайға арнаған арнау өлеңін оқып, кешті одан әрі мазмұнды өлеңімен көркемдеді.

10 қазан күні студенттердің Абай шығармашылығына сүйіспеншіліктерін туғызу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру; дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жүйелі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ...» атты мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасындаоқытушы А.С.Құраубайдың ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шараға 1аРШО-9, 1аКШР-9, 2сРШИ-9, 3аРШО-9, 3аРДО-9 топтарының студенттері қатысты. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Сайыс екі бағыт бойынша өткізіледі:

  1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»;
  2. «Абай айтқан асылдар». «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде студенттер Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, осы бағытбойынша мына студенттер қатысты: Зеленёва Ольга, Иниятова Кәрима, Тулегенқызы Меруерт, Логашкина Виктория, Шапошникова Диана, Четвертакова Людмила, Юрьева Анна, Кузнецова Алина, Шаужан Асылгүл, Мусагалиева Диляра, Асетова Екатерина.

Шара барысында 1аКШР-9 тобының студенттері Ахмирова Карина мен Жунусова Дана«Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Сонымен бірге көрермендерге де Абайдың өмірбаяны, шығармашылығы, нақыл сөздері бойынша сұрақтар қойылып, мәліметтер берілді. «Абай айтқан асылдар» деп аталатын екінші кезеңінде студенттер Алиева Адина, Алтынбаева Алина, Тулгабаева Мадина, Мезрина Виктория, Ващенко КаринаХакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ...» атты мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасында мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі төмендегідей болды:

Студенттің аты-жөні

Бағыты

Орны

1

Логашкина Виктория

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

I

2

Кузнецова Алина

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

II

3

Иниятова Кәрима

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

III

4

Мезрина Виктория

«Абай айтқан асылдар»

I

5

Ващенко Карина

«Абай айтқан асылдар»

II

6

Тулгабаева Мадина

«Абай айтқан асылдар»

III

 

 

 

 

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 225

Вчера 154

На этой неделе 225

В этом месяце 3426

Всего 190999

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска