Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
2022-2023 оқу жылына бөлінген мемлекеттік тапсырыс иегерлерінің
ТІЗІМІ
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
2022-2023 оқу жылына бөлінген мемлекеттік тапсырыс иегерлерінің
ТІЗІМІ
Сөзімнің басын: "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”- деген халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлының даналығымен бастағым келіп отыр.
"Ұстаз болу - жүректің батырлығы" десек, "Ұстаздардың ұстазы болу - батырлықтың ең жоғары сатысы" шығар, бәлкім... Біз балаларды оқытамыз, тәрбиелейміз деген үмітпен ілім алсақ, колледж ұстаздары бізге болашақта бала тәрбиелейтін маман деген сеніммен қарайды. Мен Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 4 курс студентімін. 2018 жылы колледж табалдырығын аттап, "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі" мамандығына оқуға түстім. Өкінбеймін. Бүгінде Жаһанша ордасының түлегі атанғалы отырмын. Әлі есімде, алғаш Орал қаласына келіп, колледж ішіне енген сәтте Жаһаншаның "Еңбек қылмай білім жоқ" деген сөзі еріксіз көзге түскен. Жастардың "мотивация" атты ұғымын жүз жыл бұрын-ақ жазып кеткен екен ғой дедім ішімнен. Міне, ең үлкен мотивация.
06.2022 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық орталық демалыс саябағында "Дарынды жас, бізге қосыл!" тақырыбында шара өтті. Шараның негізгі мақсаты колледж жұмысын насихаттау, шығармашыл, белсенді студенттерді қолдау, педагогикалық мамандықтарды таныстырып, жаңа оқу жылына дарынды талапкерлерді тарту болды.
"Ақындар азамат бола алады, бірақ барлық азамат ақын бола алмайды" деп келелі ой айтқан ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы әуелден миымызға сіңіп қалған "Ақын болу - міндет емес, азамат болу - борышың" деген пікірдің нүктесін қойғандай болды. Иә, осындай жұртшылықты жырмен әуелеп, ұшқыр ой мен шешен тілді ұйып тыңдауға жетелейтін шығармашылық кеш Светлана Мендигалиевнаның жетекшілігімен, сонымен қатар, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен мамыр айының 30-жұлдызында өтті.
27.05 күні Жазғы педагогикалық практикаға дайындық слет өтті. Семинарға 13 топ қатысты. Жазғы педагогикалық практикаға дайындық барысында барлық жасақтар топ визиткасы яғни, топтың аты, ұраны, эмблемасы, әні, жар газеті, портфолиомен күнделіктер көрмесі болды.
«Оқуға құштар колледж» жобасы шеңберінде Білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында Арайлым Тайбасарқызының жетекшілігімен 1скКШИ-9 студенттері кітапхана қорындағы кітап қорымен және өздері танысып өткен көркем әдебиетпен, білім алушыларға кітап оқуға видеоролик арқылы кеңес берді.