Диплом алдындағы практикаға дайындық деңгейін анықтау мақсатында конференция ұйымдастырылды

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 23 желтоқсан күні практика бөлімінің жоспарына сәйкес студенттердің диплом алдындағы практикаға дайындық деңгейін анықтау мақсатында конференция ұйымдастырылды.  Конференцияға «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру»,  «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Физика мұғалімі»,  «Математика мұғалімі», «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын студентер, практикаға дайндаған әдіскерлер және сараптау комиссиясының мүшелері ретін колледж директоры А.Ж.Кайрлиева, директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары С.М.Кенжегалиева, директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Р.М.Ғалымова, директордың оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары М.С.Мукашев, практика бөлімінің педагог ұйымдастырушысы Н.Б.Нурлановалар қатысты.

Бисен Жұмағалиевтың 100 жыл толуына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды

15.12.2022 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде  Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында «Қару мен қаламды қатар ұстанған майдангер» тақырыбында қазақ халқының ұлы перзенті, ұстаздардың –ұстазы, белгілі қоғам қайраткері, ҰОС ардагері, ақын, жазушы, журналист Бисен Жұмағалиевтың  100 жыл толуына арналған  еске алу кеші ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» атты  мерекелік кеш өткізілді

15 желтоқсан күні студенттер үйінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» атты  мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге  желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

«Қаз дауысты Қазыбек би» атты тарихи танымдық кеш өтті

09.12.2022ж  күні Жаратылыстану және қоғамтану кафедрасының онкүндігі аясында  Қаз дауысты Қазыбек бидің  туғанына 355 жыл толуына арналған, кафедра оқытушысы А.Б. Журекенованың ұйымдастыруымен «Қаз дауысты Қазыбек би» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Ұстаздарды ұлықтаған күн болды!

2022 жылдың 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі   бірігіп ұйымдастырған педагогтардың озық  педагогикалық тәжірибесін  жариялау мақсатында аймақтық «Педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы семинар-практикум өз мәресіне жетті.

«СПИД не үшін қауіпті?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

05.12. 22 ж. күні Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтан педагог Умбетова Гульнара Кимовна «СПИД не үшін қауіпті?» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.

«Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өткізілді

1 желтоқсан күні студенттер үйінде тәрбиеші Г.Т.Шахаеваның ұйымдастыруымен Ш.Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты:Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Студенттің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешендік  шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы студент бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Кешіміз биші қыздарымыздың әдемі биімен ашылып,одан әрі Шерхан Мұртазаның жырлары мен қайталанбас ерліктері жайлы баяндама оқылды, нақыл сөздері айтылды.

«Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар

2022 жылдың қараша айының 25-де педагогика және психология кафедрасының «Жаңа Қазақстан-білімді жас, білікті маман» онкүндігі аясында оқытушы Л.С. Есенова мен практика бөлімімен бірге жоспарлы түрде «Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 201

Вчера 145

На этой неделе 739

В этом месяце 346

Всего 187919

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска