"Жырымен әлдилеген Ақжайығын"

7 қазан күні кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен Ақұштап ақын шығармашылығын ұлықтау мақсатында "Жырымен әлдилеген Ақжайығын" атты жыр кеші өтті. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Құрмет" орденінің, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерейқызымен кездесуге колледж оқытушылары, студенттерімен қатар ақынның ізін басып келе жатқан інілері ақын Ғайса Ғали Сейтақ, облыстық "Орал өңірі" газетінің редакторы Б.Ғұбайдуллин, Жайық -Пресс медиа холдингінің директоры Р.Сәбитов, әнші-композитор Қ.Қисметов, шәкірті Г.Абдуловалар қатысып, ақын шығармашылығы туралы ой- пікірлерін білдірді. Кеш барысында Ақұштап ақын өз оқырмандарымен өмірден көрген -түйгендерімен бөлісіп, аналық ақ тілегін жыр жолдарымен жеткізді. Жыр сүйер қауым ақынның Жайықтың Ақ Шағаласынан Алаштың Ақұштабы дәрежесіне дейінгі өсу жолын оның өлеңдері арқылы таныды, түйсінді. Ақынның өзім туралы өлеңдер циклін, лирикалық өлеңдері мен өршіл рухты жырларын студенттер мөлдіретіп мәнерлеп оқу арқылы тыңдарманға Отанға деген махаббат туған жерге деген адал сезімнен басталатынын  ұғындырғандай болды.

Ақұштап Бақтыгерейқызының қазақтың біртуар тұлғалары Жұбан ақын, Қадыр ақын, Хамза Есенжанов, өр мінезді батыр қыз Мәншүк пен ақын Фариза  рухтарына арналған арнау өлеңдерінен тұлғаны таныту миссиясын аңғарды. Ақынның орыс тіліне аударылған "Лебединая верность" (Т.Кузовлева) жыр жинағынан оқылған өлеңдерінің де ақын табиғатының өзге тілге таза берілгенін байқады. RED x жобасы аясында автордың колледждегі ақын атындағы дәрісханаға өз қолтаңбасымен тапсырған жыр жинақтарының жарнамасы жасалып, қалың оқырманның жыр оқуға деген құлшынысын арттырды.  

Ақынның әнге айналуы да - бір бақыт, оның өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқовтан бастап ән жазған. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған І.Жақановтың "Оралдың ерке самалы", Қ.Қисметовтің "Алаштың Ақұштабы" атты сөзі мен сазы қабысқан әндері орындалып, тыңдарман қауымды ерекше күйге бөледі. Кеш соңында оқылған Ақұштап Бақтыгерейқызының Жайық туралы жүрекке жазылған жырыннан тыңдарман мерейтой үстінде де ақын көңілінде алаң барын танып, "Депутатыңмын қашаннан, дауыссыз, даусыз сайланған" деген жолдардың мәнін терең сезінді, ақын жырларының жүректерге жетуінің сыры жүректе жазылатындығын ұқты, сөйтіп талантқа тағы бір бас иіп, Ақжайығын жырымен тербей беруге сарқылмас шабыт, мықты денсаулық тіледі. Колледж директоры С.М.Бахишева ақын шығармаларына тән нәзіктікпен қатар өзіндік мінездің бар екенін, ол рухты жырларынан көрініс табатындығын  айта келіп, Ақұштап Бақтыгерейқызына , кеш қонақтарына алғысын білдірді.

Қазақ тілі әдебиеті мамандығының 2-курс студенті жас ақын Әлібекұлы Ақтілек Ақұштап Бақтыгерейқызына балғын жүрегінен жыр арнады.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 8

Вчера 148

На этой неделе 555

В этом месяце 2835

Всего 177220

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска