«Латын әліпбиі – өркениет жолы»

11 қазан күні латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің оңтайлы технологиялары негізінде колледж оқытушыларына латын әліпбиі мен емлесін меңгертіп, теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру мақсатында оқытушылар Б.М.Кәрімова, А.С.Құраубайдың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбындағы латын әліпбиі емлесі бойынша оқытушылар арасында семинар өткізілді. Семинар барысында оқытушыларға латын әліпбиінің емле ережелері таныстырылып, тапсырмалар орындалды. Оқытушылар әріптер бойынша топқа бөлініп, я, ю әріптері және э, ё, ц, щ әріптері бар сөздердің жаңа емлесі және оларға қосымшалардың жалғануы бойынша, сонымен бірге тч, дж, ст, сть, ий, нг әріп тіркестері бар сөздердің емлесі туралы мағлұмат алып, жаңа ережелер бойынша сөздердің дұрыс жазылуын үйренді. Семинар соңында қатысушылардың оқылым дағдысын жетілдіру мақсатында латын әліпбиіндегі мақалалар мен мәтіндер берілді. Латын жазуына көшу – бүгінгі күннің қажеттілігі, ал латын жазуы – әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол. Оқытушылар семинар соңында латын негізді қазақ әліпбиінің қазақың дүниетанымына барынша жақын , кірме дыбыстардың саны азайып, төл дыбыстарымызды еркін қолданатын мүмкіндікті байқағаны туралы  өз ойларын ортаға салды.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 111

Вчера 150

На этой неделе 510

В этом месяце 2790

Всего 177175

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска