«Жастар шығармашылығы»

05.11.19.БҚО тарихи-өлкетану мұражайындағы көрме залында  «Жастар шығармашылығы» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында «Жаһанша жолымен» экспедиция мүшелері Орынбор сапарымен бөлісті.

Жобаның мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестеріне жол бастаған «Алаш» идеясы тарихы мен сол бағытқа өмірін арнаған Алаш қайраткері Ж.Досмұхамедовтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттеулермен танысу және ізі қалған тарихи орындарға экскурсия жасау арқылы зерделеу.

Міндеттері:

- Жаһанша жолы бойынша зерттеу тақырыптарын анықтап, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу;

-Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы Жаһанша жолының картасын құру;

-Экспедиция мүшелерімен (жобаның ғылыми жетекшілері, оқытушылар, студенттер) Орынбор қаласына іссапарға бару;

- Орынбор қаласындағы Жаһанша есімімен байланысты тарихи-танымдық ғимараттар, жәдігерлермен танысу;

-БҚО тарихи-өлкетану мұражайында экспедиция бойынша тарихи-танымдық шаралар ұйымдастыру;

- «Жаһанша оқулары» атты Республикалық ғылыми конференция  өткізу және конференция жинағын басып шығару;

Экспедиция мүшелері төмендегідей маршрут бойынша сапар шегіп қайтты.

  • Орал
  • Ж.Досмұхамедов ескерткіші
  • Ж.Молдағалиев ескерткіші
  • Тақсай қорғаны
  • Елек БҚО шекарасы
  • Орынбор қаласы
  • Керуен сарайы
  • Хусайне мешіті
  • Алаш партиясының І-ІІ сьезі өткен жер
  • Қазақ қайракері А.Байтұрысновтың үйі (1913-18ж )
  • Қазақ АКСР-нің үкімет үйі (1920-25ж)
  • И.Калугин ат. Педагогикалық колледж
  • Орал

 

     

Колледжге оқуға қабылданған 1 курс студенттерін «Рухани мұра» музейімен және Жаһанша өмірімен қызметі туралы сағаттар өткізілді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 102

Вчера 150

На этой неделе 501

В этом месяце 2781

Всего 177166

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска