26 қараша күні Орал қаласының жоғары гуманиарлық-экономикалық колледжінде «Baby Skills жобасы» жүзеге асырылды.
Осы шараның негізгі мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы бастапқы дағдыларды көп сатылы алуы (ерте кәсіптік бағдарлау сынамаларының полигонын құру).
Жобаның қысқа мерзімді мақсаты - көп сатылы оқытудан өту нәтижесінде балалар әр түрлі қызмет салаларында бастапқы кәсіби дағдыларға ие болады: өнімді қызметте сәтті әлеуметтену тәжірибесі; әр түрлі мамандықтарда өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі бар.
Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты - ерте кәсіби сынамалардың тұрақты жұмыс істейтін полигонын құру, Baby Skills чемпионатын өткізу, бұл әрбір мектепке дейінгі жастағы балаға және бастауыш сынып оқушыларына кәсіби мамандардан білім алып, отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, заманауи кәсіби құзыреттер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде
- Жеке тұлғаға бағытталған өзара әрекеттесу
- баланың жеке басын терең құрметтеу негізінде тәрбие процесін ұйымдастыру
- жеке даму ерекшеліктерін ескеру
- тәрбие процесінің саналы,
- толыққанды қатысушысы ретінде қарау
«BabySkills» жобасы бойынша Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінен «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» құзыреттіліктері бойынша бес студент қатысты.
«Бастауыш сынып мұғалімі» құзыреттілігі бойынша Макулова Жансая Рысқалиқызы 3 курс (жетекшісі Л.С.Есенова), Зюзь Ирина Валентиновна 3 курс (жетекшісі А.К.Джумагазиева); «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша Ізімғали Зарина Аршатайқызы 4 курс (жетекшісі Н.Е:Нурланбаева), Плигунова Камила Олеговна 3 курс (жетекшісі А.Б.Сарсенгалиева), «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша Абат Ермахан 4 курс (жетекшісі А.А.Муратбекова) қатысты.
«Бастауыш сынып мұғалімі» құзыреттілігінде қатысушылар флешмоб «Мың мамандық бәрі бар. Таңдап, талғап бірін ал!», кәсіпке бағдарлау ойыны: «Мен және мектеп», Әбілхан Қастеев - «Сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, анамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім» сурет салу шеберлігі, «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» мәнерлеп оқу кеші; «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша мектеп жасына дейінгі балалармен таңертеңгілік жаттығулар жасау, «Қыс келді» (аппликация); «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша танымдық сағаты: «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің қоғамдағы орны және міндеті», кәсіпке бағдарлау ойыны: «Мен және мектеп», «Гимнастикалық жаттығуды үйретемін, көңілін көтеремін және сергітемін», «Тоғыз құмалақ» атты ұлттық ойындар атты тапсырмалары қатысушылармен орындалды.
Нәтежесінде:
«Бастауыш сынып мұғалімі» құзыреттілігі бойынша Макулова Ж.Р. І Дәрежелі Диплом, Зюзь И.В. ІІ Дәрежелі Диплом; «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша Ізімғали З.А. І Дәрежелі Диплом , Плигунова К.О. ІІ Дәрежелі Диплом, «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша Абат Е. І Дәрежелі Дипломға ие болды. Ал жетекшүілеріне «Алғыс хат» табысталды.