2021 жылы 17 қараша күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің Кәсіптік практика кестесіне сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» және «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын 4аКШК, 4сКШК, 3аКШО, 4сКШО топтарының байқау практикасының нәтижесін қорытыңдылауға байланысты конференция өткізілді.
Конференция барысында байқау практикасынан өтіп келген әр топ практика қорытынды есебін баяндады. Нәтижесінде студенттер колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибе жинақтаған. Өздерінің байқау сабақтарында жаңартылған білім мазмұнның оқу мақсаттарына сәйкес түрлі технологиялар мен әдіс-тәсіл, стратегияларды тиімді пайдалана білген. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі дидактикалық материалдар және цифрлық ресурстарды кеңінен пайдаланған.
Сонымен қатар студенттер оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға байланысты және мектепшілік сыныптан тыс тәрбие шараларына белсенді қатысып оқушылармен педагогикалық ұжыммен қарым-қатнас орната білген.
Конференцияда кері байланыс беру мақсатында студенттердің практика портфолиосының және сабақта пайдаланған дидактикалық материалдардың, оқушылардың орындаған практикалық жұмыстарының көрмесі қойылып, әр мамандық бойынша панорамалық сабақтар көрсетілді. Көрме материалдарына, ұсынылған панорамалық сабақтар мазмұна байланысты конференцияға қатысқан әдіскерлер өз ұсыныс, пікірлерін білдірді.
Шараны қорытындылау мақсатында сөз алған директорының оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары Мұқашев Мұхамбет Сұпығалиұлы топтарда өткізілген байқау практикасының жоспары толық орындалғаның мәлімдеп, практика барысында ескету алған 3аКШО тобының кейбір студеттеріне және әдіскерлеріне ұсыныс, ескертулер айтты. Алдағы уақытта практика есебі мазмұнында толық талдау, зерттеу, нәтижені қорытындылау және сабақ жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің №130 бұйрығына сәйкес құрастырылуы керектігін ескертті.