МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Ғылыми ізденіс - шығармашылық үдерістің ең биік шыңы. Оқытушы: Ильясова Р.К.

ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ЕҢ БИІК ШЫҢЫ

Баяндамашы Ильясова Р.К.

Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина «Педагогикалық колледж жағдайында бастауыш кластар мұғалімі кәсіби мамандығына даярлау ісін жетілдірудің дидактикалық негіздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын 1996 жылы қорғаған. Кандидаттық диссертацияның жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Алматы мемелекеттік университетінің профессоры Т.К.Оспанов, ғылыми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы Б.И.Муканова, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Е.Чакликова.

Бұл диссертациясының басты жаңалығы - жаңа типті оқу орны педагогикалық колледж жағдайында бастауыш кластар мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісіне жүйелі түрде өзгеріс енгізуді теориялық және эксперименттік тұрғыдан негіздеп, жүзеге асыруға қажеттті құжаттарды жасау болды. Бастауыш класс мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісіне реформа жасауды негіздеу және оны дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету зерттеудің басты мақсаты болды. Диссертацияда педагогикалық колледж жағдайында бастауыш класс мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісін жетілдірудің дидактикалық негізі ең алдымен оның мақсатын, мазмұнын, ұйымдастыруын, технологиясын, құралдарын, басқарылуы және құрылымын жандандыру мен олардың өзара байланысын жүйелі түрде реттеумен сипатталатындығы тұжырымдалды.

Авторефераттың кіріспе бөлімінде ондаған жылдар бойы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қалыптасқан дәстүрлі оқыту үрдісінің жағымды да, келеңсіз тұстары да болғаны атап көрсетілген. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты туындаған келеңсіз құбылыстар, тереңдей түскен қарама - қайшылықтар білімдік практиканың көптеген қырларына ықпал етуіне байланысты білім беру жүйесін реформалау қажеттілігі пайда болды.

Қазіргі уақыттағы практикада жүзеге асырылып жатқан реформа педагогикалық мақсатқа сай келетін көптеген жаңалықтарды енгізуді талап етеді. Ш.Х.Құрманалина бұл істе асығыстыққа жол бермеуді талап ете отырып, жаңалықтардың экономикадағы және әлеуметтік саладағы қайта құрулармен байланысты болуын негіздейді. Жаңалықтарға біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарды кезеңдер бойынша жүзеге асыратын жаңа оқу орындарын – колледждерді ашу жатқызады. Сонымен қатар практикадағы кәсіби және арнайы білім дамуына қажетттілік пен жаңа оқу орындарын жүйелі реформалаудың теориялық негіздемесі арасындағы қарама – қайшылықтарды анықтағанын негіздейді.

Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау мәселесін мектепке педагог кадрларды дайындаудан бөліп алып қарауға болмайды. Бұл салада жинақталған тәжірибені тарихи – педагогикалық тұрғыдан талдау мұғалімдерді дайындаудың проблемаларды зерттеу арқылы Шалқыма Хайроллақызы келесі бағыттарды бөлген: әдіснамалық негіздерін жасау, болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының алуан түрлі мәселелері, студенттерді орта арнайы оқу орындарында педагогикалық мамандыққа кәсіби дайындау.

Ғылыми әдебиеттерді зерттеу нәтижесінде автор педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бастапқы кезеңде тұрғандығын анықтаған. Сонымен қатар мамандарды даярлаудың көптеген аспектілері әлі зерттелмей отырғандығын ескертеді. Олар: мамандар даярлау жүйесі қызметінің ерекшеліктерімен байланысы, педколледж жағдайында оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару.

Авторефератта зерттеудің ғылыми аппараттары талапқа сай белгіленген. Зерттеу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жүйесін реформалау негізделген. Зерттеу нысаны ретінде педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби дайындығы алынған. Пән ретінде педколледж жағдайында бастауыш сынып оқушыларын дайындаудың біртұтас педагогикалық үрлісін жүйелі түрде өзгерту қарастырлған. Жетекші идеясы: педагогикалық колледждегі жүйелі қайта құру оқу орнының болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындауды жетілдіру бағытындағы ғылыми дидактикалық қамтамасыз ету деңгейіне тәуелді. Зерттеу гипотезасы: егер бастауыш сынып мұғалімінің профессиограммасы вариативтік және инвариаттық бөліктен , ал күтілетін нәтиже педагогикалық үрдіс компоненттерін жүйелі өзгерту есебінен қамтамасыз етілсе, онда педколледждегі бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау тиімді болады.

Ш.Х.Құрманалина өзінің диссертациясында бірнеше міндеттер қойған:

Олар:

1. Орта арнайы оқу орындарындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындығы жағдайын анықтау;

2. Педагогикалық колледж жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жүйелі түрде өзгерту керектігін теориялық негіздеу.

3. Педколледж жағдайындағы мамандар даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттарын эксперимент арқылы тексеріп көру.

Зерттеудің теориялық әдіснамалық негізі: тұтас пен жекенің бірлігі туралы философиялық тұжырымдама, жүйенің элементтерін бірлікте және өзара байланыста қарастыратын жүйелі тұрғы, жеке тұлға және іс - әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы,; пәнаралық аксиологиялық теория.

Зерттеу міндеттерін шешу үшін зерттеуші төмендегідей әдістерді қолданған: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, әлеуметтік - экономикалық, психологиялық педагогикалық әдебиеттерді оқу және талдау; педагогикалық училищелердегі мамандар даярлау тәжірибесін, және олардың мектептегі іс - әрекетін зерттеу және талдау; педучилищелердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын салыстырмалы талдау; жаңа типті оқу орны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық үрдісін модельдеу.; педагогикалық эксперимент және оның нәтижелерін өңдеу; автордың өзінің оқытушылық, Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі ретіндегі, директордың оқу- өндірістік істер және оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, педколледж директоры ретіндегі тәжірибесін талдау.

Зерттеу жұмысының кезеңдері және процедуралары.

Зерттеу кезеңдер бойынша жүргізілген. 1988-1990 жылдары керекті әдебиеттерді және педучидщлищенің тәжірибесін зерттеу негізінде зерттеудің бастапқы ұстанымдары, проблемасы, мақсаты, гипотезасы, нысаны, пәні,міндеттері, сонымен қатар теориялық ережелері және бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды жүйелі өзгертудің негізгі бағыттары анықталған. 1991-1993 жылдары, яғни зерттеудің екінші кезеңінде жаңа типті оқу орны педагогикалық колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың біртұтас педагогикалық үрдісін модельдеу жүзеге асырылған, сонымен қатар колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесін қайта құруды жүзеге асыру кезеңін реттеуші нормативтік құжаттар дайындалды.

Үшінші кезеңде(1993-1995жж.) педагогикалық эксперимент жүргізіліп, педагогикалық колледжде мамандар даярлаудың негізгі бағыттары сынақтан өтті.

Зерттеу базасы: ҚР –ның, Орал педагогикалық училищесінің, қазіргі педколледждің, Орал қаласының №17, №11, Зеленов ауданының Камен орта мектебінің, БҚО Шыңғырлау және Бөрлі ауданы оқу бөлімдерінің жанындағы ерексектерге білім беру орталықтарының оқу -бағдарамламалық құжаттары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: педаколледж жағдайында мамандар дайындауды жүйелі түрде қайта өзгерту, жетілдірудің негізгі бағыттары теориялық және эксперментальдық тұрғыдан негізделді.

Зерттеудің практикалық маңызы педколледж жұмысының практикасында 0307 - «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша оқу жоспарлары жасалып, сынақтан өткізілуімен анықталады. «Бұл мамандық бойынша білім алушыларға «Ағылшын тілінің мұғалімі», «Көркем еңбек және бейнелеу іс - әрекеті мұғалімі», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімі деген қосымша мамандықтар беріледі. Жаңа оқу жоспарына бейімделген педагогика, психология, жеке әдістемелер, оның ішінде бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі бойынша эксперименталдьдық бағдарламалар, педаколледждерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары дайындалды.

Зерттеу нәтижелерінің шынайлығы және негізділігі оның ғылыми- теориялық базасымен қамтамасыз етілді.

Қорғауға зерттеудің төмендегідей ережелері ұсынылды:

- Педколледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындығын жетілдірудің дидактикалық негізі оның мақсатын, мазмұнын, ұйымдастырылуын, технологиясын, құралдарын, басқару және құрылымын өзара байланыста жүйелі өзгертумен сипатталады.

- жасақталған және сынақтан өткен нормативтік құжарттар(біліктіліктің сипаттамасы, оқу жоспарлары, бағдарламалары), оқу құралдары (бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесісі үлгісінде) педколледждегі мамандар даярлауды жетілдіруді дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге көмектеседі.

Зерттеудің сынақтан өтіп (апробация) нәтижелерінің енгізілуі: зерттеудің негізігі нәтижелері Орал педучилищесінің, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының, Орал облыстық білім беру басқармасының, мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының әдістемелік кеңестерінде , мұғалімдердің тамыз мәслихаттарында (1990 – 1995 ж.ж.), Республикалық ғылыми практикалық конференцияларда(Орал қаласы - 1990 ж.; Арқалық-, 1991 ж. Ақтау-1993ж., ; Алматы қ-1995 ж.; Шымкент – 1995 ж.), мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бастауыш мектеп педагогикасы, бастауыш мектептегі математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедраларында, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру проблемалары институттарында талқыланды. Жасақталған нормативтік құжаттар Қазақстан Ресубликасының Білім беру министрлігінде талқыланып, бекітілді.Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі бойынша жасақталған бағдарламаны және оқу құралын (типтік және негізгі) Білім министрлігі педагогикалық колледжде қолдануға ұсынды. Зерттеуші жасаған оқу үрдісін жетілдіретін, жаңартатын, кіріктіретін 10 бағыт бойынша тәжірибелік педагогикалық жұмысты қамтитын оқу - әдістемелік кешен жұмыс жасауда.

Бастауыш сыныптың мұғалімдерінің жұмыс практикасына барлық тілдерде оқитын мектептер үшін бастауыш сыныптарға арналған математика пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен енгізілді. Онда зерттеудің негізгі ережелері практикада жүзеге асты.

Диссертацияның құрылымы. Кіріспе зерттеудің ғылыми аппаратына арналған. Онда зерттеудің көкейтестілігі негізделеп, нысаны, пәні, мақсаты, гипотезасы, міндеттері, әдістері анықталған., жетекші идеяларға, теориялық деректерге, зерттеудің жаңалығына және практикалық маңызына, этаптарына және процедураларына, зерттеу базасына, апробацияға және оның нәтижелеріне сипаттама берілген.

Бірінші бөлім. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жетілдірудің теориялық және практикалық алғы шарттары». Бұл бөлімде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін қайта құрудың әлеуметтік - экономикалық алғы шарттары қарастырылған, орта оқу орындарындағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жағдайы талданған, педколледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жүйелі өзгертудің теориялық алғы шарттары және мәні негізделген.

Екінші бөлім. Педколледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жетілдіру бойынша педагогикалық экспериментті ұйымдастыру.Бұл бөлімде екі өзара байланыста бағытта өткізілгенпедагогикалық эксперименттің мазмұны және әдістемесі сипатталады.: педколледжде болашақ мамандарды дайындаудың дидактикалық үрдісін сипаттайтын нормативтік құжаттарды апробациялау; математиканы оқыту әдістемесі үлгісінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық үрдісін жетілдіру.

Қорытындыда зерттеудің негізгі қортындылары баяндалып, онда қойылған проблемаларды зерттеудің болашағы көрсетілген.

Қосымшаға педагогикалық эксперименттің бастапқы материалдары енгізілген.

Сонымен зерттеу нәтижесінде Шалқыма Хайроллақызы төмендегідей қорытынды жасаған.

1. Педагогикалық колледж бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды қосымша мамандық берумен ұштастыратын жаңа типті оқу орны

2. Оқу орны ретіндегі педколледждің мақсаттық қызметі және мәртебесі аяқталмаған жоғары білімі бар бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаумен анықталады. Негізгі мамандық бойынша және аз комплектілі мектептер үшін мұғалімдер дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Педагогикалық кадрларға деген сұраныстарға байланысты қосымша мамандықтардың көп нұсқалы болуы.

3. Қосымша мамандығы бар бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың біртұтас педагогикалық үрдісті жетілдіруді қарастыратын жүйелі өзгертудің педагогикалық маұсатқа сайлығы теориялық тұрғыдан негізделіп, экспериментальдық тұрғыдан дәлелденді.

4. Бастауыш сынып мұғалімдерін қосымша мамандықтар беру арқылы дайындау педагогикалық кадрларды дайындаудың көп деңгейлік жүйесіне өтуді жүзеге асыруға қажетті база және қолайлы жағдай жасайды

5. Педколлеждің жұмысы нормативтік құжаттармен (оқу жоспарлары, бағдарламалары, біліктілік сипаттамасы, жарғы ) реттеледі, ал қосымша мамандығы бар бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың тиімділігі студенттің кәсіби дайындығының қалыптасуын дидактикалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты.

Қорытындылар негізінде төмендегідей ұсыныстар берілген

· педколледж жағдайында мұғалімдер даярлауды екі бағытта жүзеге асырған тиімді: негізгі мамандық бойынша - бастауыш сынып мұғалімі және қосымша - негізгі мектептің қандай да бір пәнінің мұғалімі;

· теориялық, ғылыми - практикалық, әдістемелік және практикалық дайындық деңгейін көтеру үшін педколледжегі біртұтас педагогикалық үрдістің жүйесін өзгертуді меңгеру, қолдану және тарату;

· педколледж қызметкерлері қосымша мамандығы бар бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың гипотетикалық моделі, сонымен қатар нормативтік құжаттар(жарғы, оқу жоспарлары және бағдарламалары, біліктілік сипаттамасы) қолданылуы мүмкін;

· педколледждің мамандар даярлау үрдісінде жаңа оқу жоспарлары және бағдарламаларына сай жасалған оқулықтар мен оқу құралдарын, оның ішінде бастауыш сыныптағы математика және оны оқыту әдістемесі бойынша жасақталғандарын қолдануға болады.

Зерттеу болашағын Шалқыма Хайроллақызы бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық колледждерде және педагогикалық жоғары оқу орындарында бакалавриат деңгейінде дайындауды дидактикалық тұрғыдан негіздеп, мақсатын айқындау және сол арқылы негізгі мамандық бойынша дайындықтың бірдей деңгейін қамтамасыз ету деп біледі. Сонда ғана педколледждің қабілетті түлектері ғылым бакалавры атағына ие болып, ірі университеттердің магистратурасында білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.

Шалқыма Хайроллақызы Құрманалина «Педагогикалық колледж жағдайында бастауыш кластар мұғалімі кәсіби мамандығына даярлау ісін жетілдірудің дидактикалық негіздері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын 1996 жылы қорғаған. Кандидаттық диссертацияның жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Алматы мемелекеттік университетінің профессоры Т.К.Оспанов, ғылыми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы Б.И.Муканова, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Е.Чакликова.

Бұл диссертациясының басты жаңалығы - жаңа типті оқу орны педагогикалық колледж жағдайында бастауыш кластар мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісіне жүйелі түрде өзгеріс енгізуді теориялық және эксперименттік тұрғыдан негіздеп, жүзеге асыруға қажеттті құжаттарды жасау болды. Бастауыш класс мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісіне реформа жасауды негіздеу және оны дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету зерттеудің басты мақсаты болды. Диссертацияда педагогикалық колледж жағдайында бастауыш класс мұғалімдерін кәсіби мамандыққа даярлау ісін жетілдірудің дидактикалық негізі ең алдымен оның мақсатын, мазмұнын, ұйымдастыруын, технологиясын, құралдарын, басқарылуы және құрылымын жандандыру мен олардың өзара байланысын жүйелі түрде реттеумен сипатталатындығы тұжырымдалды.

Авторефераттың кіріспе бөлімінде ондаған жылдар бойы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қалыптасқан дәстүрлі оқыту үрдісінің жағымды да, келеңсіз тұстары да болғаны атап көрсетілген. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты туындаған келеңсіз құбылыстар, тереңдей түскен қарама - қайшылықтар білімдік практиканың көптеген қырларына ықпал етуіне байланысты білім беру жүйесін реформалау қажеттілігі пайда болды.

Қазіргі уақыттағы практикада жүзеге асырылып жатқан реформа педагогикалық мақсатқа сай келетін көптеген жаңалықтарды енгізуді талап етеді. Ш.Х.Құрманалина бұл істе асығыстыққа жол бермеуді талап ете отырып, жаңалықтардың экономикадағы және әлеуметтік саладағы қайта құрулармен байланысты болуын негіздейді. Жаңалықтарға біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарды кезеңдер бойынша жүзеге асыратын жаңа оқу орындарын – колледждерді ашу жатқызады. Сонымен қатар практикадағы кәсіби және арнайы білім дамуына қажетттілік пен жаңа оқу орындарын жүйелі реформалаудың теориялық негіздемесі арасындағы қарама – қайшылықтарды анықтағанын негіздейді.

Бастауыш сынып мұғалімдерін дайыдау мәселесін мектепке педагог кадрларды дайындаудан бөліп алып қарауға болмайды. Бұл салада жинақталған тәжірибені тарихи – педагогикалық тұрғыдан талдау мұғалімдерді дайындаудың проблемаларды зерттеу арқылы Шалқыма Хайроллақызы келесі бағыттарды бөлген: әдіснамалық негіздерін жасау, болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының алуан түрлі мәселелері, студенттерді орта арнайы оқу орындарында педагогикалық мамандыққа кәсіби дайындау.

Ғылыми әдебиеттерді зерттеу нәтижесінде автор педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бастапқы кезеңде тұрғандығын анықтаған. Сонымен қатар мамандарды даярлаудың көптеген аспектілері әлі зерттелмей отырғандығын ескертеді. Олар: мамандар даярлау жүйесі қызметінің ерекшеліктерімен байланысы, педколледж жағдайында оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару.

Авторефератта зерттеудің ғылыми аппараттары талапқа сай белгіленген. Зерттеу мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жүйесін реформалау негізделген. Зерттеу нысаны ретінде педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби дайындығы алынған. Пән ретінде педколледж жағдайында бастауыш сынып оқушыларын дайындаудың біртұтас педагогикалық үрлісін жүйелі түрде өзгерту қарастырлған. Жетекші идеясы: педагогикалық колледждегі жүйелі қайта құру оқу орнының болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындауды жетілдіру бағытындағы ғылыми дидактикалық қамтамасыз ету деңгейіне тәуелді. Зерттеу гипотезасы: егер бастауыш сынып мұғалімінің профессиограммасы вариативтік және инвариаттық бөліктен , ал күтілетін нәтиже педагогикалық үрдіс компоненттерін жүйелі өзгерту есебінен қамтамасыз етілсе, онда педколледждегі бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау тиімді болады.

Ш.Х.Құрманалина өзінің диссертациясында бірнеше міндеттер қойған:

Олар:

1. Орта арнайы оқу орындарындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындығы жағдайын анықтау;

2. Педагогикалық колледж жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жүйелі түрде өзгерту керектігін теориялық негіздеу.

3. Педколледж жағдайындағы мамандар даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттарын эксперимент арқылы тексеріп көру.

Зерттеудің теориялық әдіснамалық негізі: тұтас пен жекенің бірлігі туралы философиялық тұжырымдама, жүйенің элементтерін бірлікте және өзара байланыста қарастыратын жүйелі тұрғы, жеке тұлға және іс - әрекет теориясы, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы,; пәнаралық аксиологиялық теория.

Зерттеу міндеттерін шешу үшін зерттеуші төмендегідей әдістерді қолданған: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, әлеуметтік - экономикалық, психологиялық педагогикалық әдебиеттерді оқу және талдау; педагогикалық училищелердегі мамандар даярлау тәжірибесін, және олардың мектептегі іс - әрекетін зерттеу және талдау; педучилищелердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын салыстырмалы талдау; жаңа типті оқу орны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық үрдісін модельдеу.; педагогикалық эксперимент және оның нәтижелерін өңдеу; автордың өзінің оқытушылық, Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі ретіндегі, директордың оқу- өндірістік істер және оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, педколледж директоры ретіндегі тәжірибесін талдау.

Зерттеу жұмысының кезеңдері және процедуралары.

Зерттеу кезеңдер бойынша жүргізілген. 1988-1990 жылдары керекті әдебиеттерді және педучидщлищенің тәжірибесін зерттеу негізінде зерттеудің бастапқы ұстанымдары, проблемасы, мақсаты, гипотезасы, нысаны, пәні,міндеттері, сонымен қатар теориялық ережелері және бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды жүйелі өзгертудің негізгі бағыттары анықталған. 1991-1993 жылдары, яғни зерттеудің екінші кезеңінде жаңа типті оқу орны педагогикалық колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың біртұтас педагогикалық үрдісін модельдеу жүзеге асырылған, сонымен қатар колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесін қайта құруды жүзеге асыру кезеңін реттеуші нормативтік құжаттар дайындалды.

Үшінші кезеңде(1993-1995жж.) педагогикалық эксперимент жүргізіліп, педагогикалық колледжде мамандар даярлаудың негізгі бағыттары сынақтан өтті.

Зерттеу базасы: ҚР –ның, Орал педагогикалық училищесінің, қазіргі педколледждің, Орал қаласының №17, №11, Зеленов ауданының Камен орта мектебінің, БҚО Шыңғырлау және Бөрлі ауданы оқу бөлімдерінің жанындағы ерексектерге білім беру орталықтарының оқу -бағдарамламалық құжаттары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: педаколледж жағдайында мамандар дайындауды жүйелі түрде қайта өзгерту, жетілдірудің негізгі бағыттары теориялық және эксперментальдық тұрғыдан негізделді.

Зерттеудің практикалық маңызы педколледж жұмысының практикасында 0307 - «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша оқу жоспарлары жасалып, сынақтан өткізілуімен анықталады. «Бұл мамандық бойынша білім алушыларға «Ағылшын тілінің мұғалімі», «Көркем еңбек және бейнелеу іс - әрекеті мұғалімі», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімі деген қосымша мамандықтар беріледі. Жаңа оқу жоспарына бейімделген педагогика, психология, жеке әдістемелер, оның ішінде бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі бойынша эксперименталдьдық бағдарламалар, педаколледждерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары дайындалды.

Зерттеу нәтижелерінің шынайлығы және негізділігі оның ғылыми- теориялық базасымен қамтамасыз етілді.

Қорғауға зерттеудің төмендегідей ережелері ұсынылды:

• Педколледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дайындығын жетілдірудің дидактикалық негізі оның мақсатын, мазмұнын, ұйымдастырылуын, технологиясын, құралдарын, басқару және құрылымын өзара байланыста жүйелі өзгертумен сипатталады.

• жасақталған және сынақтан өткен нормативтік құжарттар(біліктіліктің сипаттамасы, оқу жоспарлары, бағдарламалары), оқу құралдары (бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесісі үлгісінде) педколледждегі мамандар даярлауды жетілдіруді дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге көмектеседі.

Зерттеудің сынақтан өтіп (апробация) нәтижелерінің енгізілуі: зерттеудің негізігі нәтижелері Орал педучилищесінің, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының, Орал облыстық білім беру басқармасының, мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының әдістемелік кеңестерінде , мұғалімдердің тамыз мәслихаттарында (1990 – 1995 ж.ж.), Республикалық ғылыми практикалық конференцияларда(Орал қаласы - 1990 ж.; Арқалық-, 1991 ж. Ақтау-1993ж., ; Алматы қ-1995 ж.; Шымкент – 1995 ж.), мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бастауыш мектеп педагогикасы, бастауыш мектептегі математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедраларында, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру проблемалары институттарында талқыланды. Жасақталған нормативтік құжаттар Қазақстан Ресубликасының Білім беру министрлігінде талқыланып, бекітілді.Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі бойынша жасақталған бағдарламаны және оқу құралын (типтік және негізгі) Білім министрлігі педагогикалық колледжде қолдануға ұсынды. Зерттеуші жасаған оқу үрдісін жетілдіретін, жаңартатын, кіріктіретін 10 бағыт бойынша тәжірибелік педагогикалық жұмысты қамтитын оқу - әдістемелік кешен жұмыс жасауда.

Бастауыш сыныптың мұғалімдерінің жұмыс практикасына барлық тілдерде оқитын мектептер үшін бастауыш сыныптарға арналған математика пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен енгізілді. Онда зерттеудің негізгі ережелері практикада жүзеге асты.

Диссертацияның құрылымы. Кіріспе зерттеудің ғылыми аппаратына арналған. Онда зерттеудің көкейтестілігі негізделеп, нысаны, пәні, мақсаты, гипотезасы, міндеттері, әдістері анықталған., жетекші идеяларға, теориялық деректерге, зерттеудің жаңалығына және практикалық маңызына, этаптарына және процедураларына, зерттеу базасына, апробацияға және оның нәтижелеріне сипаттама берілген.

Бірінші бөлім. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жетілдірудің теориялық және практикалық алғы шарттары». Бұл бөлімде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін қайта құрудың әлеуметтік - экономикалық алғы шарттары қарастырылған, орта оқу орындарындағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жағдайы талданған, педколледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жүйелі өзгертудің теориялық алғы шарттары және мәні негізделген.

Екінші бөлім. Педколледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауды жетілдіру бойынша педагогикалық экспериментті ұйымдастыру. Бұл бөлімде екі өзара байланыста бағытта өткізілген педагогикалық эксперименттің мазмұны және әдістемесі сипатталады.: педколледжде болашақ мамандарды дайындаудың дидактикалық үрдісін сипаттайтын нормативтік құжаттарды апробациялау; математиканы оқыту әдістемесі үлгісінде бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық үрдісін жетілдіру.

Қорытындыда зерттеудің негізгі қортындылары баяндалып, онда қойылған проблемаларды зерттеудің болашағы көрсетілген.

Қосымшаға педагогикалық эксперименттің бастапқы материалдары енгізілген.

Сонымен зерттеу нәтижесінде Шалқыма Хайроллақызы төмендегідей қорытынды жасаған.

1. Педагогикалық колледж бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауды қосымша мамандық берумен ұштастыратын жаңа типті оқу орны

2. Оқу орны ретіндегі педколледждің мақсаттық қызметі және мәртебесі аяқталмаған жоғары білімі бар бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаумен анықталады. Негізгі мамандық бойынша және аз комплектілі мектептер үшін мұғалімдер дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Педагогикалық кадрларға деген сұраныстарға байланысты қосымша мамандықтардың көп нұсқалы болуы.

3. Қосымша мамандығы бар бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың біртұтас педагогикалық үрдісті жетілдіруді қарастыратын жүйелі өзгертудің педагогикалық маұсатқа сайлығы теориялық тұрғыдан негізделіп, экспериментальдық тұрғыдан дәлелденді.

4. Бастауыш сынып мұғалімдерін қосымша мамандықтар беру арқылы дайындау педагогикалық кадрларды дайындаудың көп деңгейлік жүйесіне өтуді жүзеге асыруға қажетті база және қолайлы жағдай жасайды

5. Педколлеждің жұмысы нормативтік құжаттармен (оқу жоспарлары, бағдарламалары, біліктілік сипаттамасы, жарғы ) реттеледі, ал қосымша мамандығы бар бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың тиімділігі студенттің кәсіби дайындығының қалыптасуын дидактикалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты.

Қорытындылар негізінде төмендегідей ұсыныстар берілген

• педколледж жағдайында мұғалімдер даярлауды екі бағытта жүзеге асырған тиімді: негізгі мамандық бойынша - бастауыш сынып мұғалімі және қосымша - негізгі мектептің қандай да бір пәнінің мұғалімі;

• теориялық, ғылыми - практикалық, әдістемелік және практикалық дайындық деңгейін көтеру үшін педколледжегі біртұтас педагогикалық үрдістің жүйесін өзгертуді меңгеру, қолдану және тарату;

• педколледж қызметкерлері қосымша мамандығы бар бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың гипотетикалық моделі, сонымен қатар нормативтік құжаттар(жарғы, оқу жоспарлары және бағдарламалары, біліктілік сипаттамасы) қолданылуы мүмкін;

• педколледждің мамандар даярлау үрдісінде жаңа оқу жоспарлары және бағдарламаларына сай жасалған оқулықтар мен оқу құралдарын, оның ішінде бастауыш сыныптағы математика және оны оқыту әдістемесі бойынша жасақталғандарын қолдануға болады.

Зерттеу болашағын Шалқыма Хайроллақызы бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық колледждерде және педагогикалық жоғары оқу орындарында бакалавриат деңгейінде дайындауды дидактикалық тұрғыдан негіздеп, мақсатын айқындау және сол арқылы негізгі мамандық бойынша дайындықтың бірдей деңгейін қамтамасыз ету деп біледі. Сонда ғана педколледждің қабілетті түлектері ғылым бакалавры атағына ие болып, ірі университеттердің магистратурасында білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 196

Вчера 198

На этой неделе 1064

В этом месяце 9100

Всего 186619

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска