МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Сабақ тиімділігін арттырудағы акт мүмкіндіктерінің маңызы. Оқытушы: Есенова Л.С.

САБАҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АКТ МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Есенова Ляззат Сайкомовна

Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің педагог – психологы

Дерексөз

Атаулы мақалада АКТ мүмкіндіктерінің сабақ тиімділігін арттырудағы жолдары атап көрсетілген. АКТ өткен сабағына қысқаша сипаттама беру арқылы  жеткен нәтижелерін көрсете алған. АКТ тиімділігін сипаттап, кеңінен қолданудың маңызын жазған. 

Аннотация

В статьи подчеркивает способов повышения эффективности возможностей обучения в области  ИКТ. С кратким описанием уроки ИКТ, показала  достигнутые результаты, ээффективность ИКТ, а также важность использования.

Сommentation

This report describes the useful using sides of ICT during lessons. The article emphasizes ways to improve learning opportunities in ICT. A brief description of the ICT lessons, showed progress, results, the effectiveness of  ICT, as well as the importance of using.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу – заман талабы.

 «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деп  Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Менің ойымша қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болу керек деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған  білім алушылар. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда.  Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

Осыны негізгі мақсаттарымның бірі ретінде тиек етіп, өзімнің жұмысымда жүзеге асырып келемін. Күнделікті сабақта АКТ мүмкіндіктерін кеңінен қолдану арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:

- Уақытты үнемдеуге;

- Бір мәлімет іздеу арқылы жаңа мәліметпен танысуға;

- Компьютерлік сауаттылыққа;

- Шапшаңдылыққа;

- Тұлғаішілік қарым – қатынасты жүйелеуге;

- Жаңа форматтағы сабақты ұйымдастыруға;

- Аз уақытта көп ақпараттар жинауға;

- Кіріктірілген мәліметтер алуға;

Өзімнің өткізген «Балада қиялдың дамуы» тақырыбыдағы онлайн сабағымда жоғары атап көрсеткен нәтижелер толық көрінді. Сабақта студенттермен жүргізілген жеке, топтық, ұжымдық формадағы жұмыстардың барлығы да АКТ мүмкіндіктерімен байланыстырылып өткізілді.

Үй тапсырмасын сұраған сәттен бастап колледжің желілік папкасына салынған тапсырмаларын тексерудің өзі АКТ қолдануды көрсетеді. Әр студент оқытушыны іздемей – ақ, желілік папкасына материалдарын салып қояды.

Жаңа білімді хабарлауға дайындық бөлімінде https://www.youtube.com/watch?v=T0hoH_vxKls сілтемемен алынған сергіту сәтінің өзі интернет желіс арқылы алынған роликті қараумен өтті.

Қиялды дамыту жаттығулары а) "Менің көңіл-күйім" өткізілді.  Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі адамның бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек. Не істер еді?

Жүргізуші қатысушылармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. 

Тапсырманы флипчартта орындап, ерекше табиғат көрінісін сипаттады. Осы жұмыс арқылы студенттің ақпараттық сауаттылығымен қатар сөздік қоры да байқалады.

Өздерінің қиял деңгейлерін анықтауда компьютерге арнайы бағдармламен салынған әдістемені орындау арқылы жүзеге асырылса, білімді жинақтау үшін автоаттандырылған тест арқылы жұмыс ұйымдастырылды. 

Жалпы сабақтарда видеороликтер қолдану, презентация дайындау қызығушылықпен жұмыстануға түрткі болады, әр презентацияны дайындауда компьютердің түрлі бағдарламаларын меңгеріп, безендіруде эстетикалық талғам қалыптасады. Видео-сабақтарды  қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады.

Презентациялар бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді.

Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы  лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері - 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік  меңгеруге көп уақыт қалады. Видео-сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше видео-сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. [1]

Мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 

• оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;

• уақытын үнемдеуге көмектеседі;

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігі  туындайды;

• қажетті ақпаратты жедел  алуға  мүмкіндік береді;

• экономикалық тиімді;

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде көп көмегі бар;

• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. [2]

Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.

Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс — тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.

Студенттің өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы- қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық–коммуникация- лық технологияларды пайдалану маңызды болмақ.[3]

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға тоқталатын болсақ, комму-никация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс- әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу- тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан- жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. 

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://www.rusnauka.com/17_APSN_2013/Pedagogica/5_140668.doc.htm

2. http://bilimdiler.kz/ustaz/5559-akparattyk-kommunikaciyalyk-tehnologiyalardy-paydalanu-arkyly-sabaktyn-tiimdiligin-arttyru.html)

3. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу / Құрманалина Ш.Х. // Орал.- 2003. - ақпан.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 81

Вчера 469

На этой неделе 550

В этом месяце 8586

Всего 186105

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска