МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Балалар мен жанұяның бос уақытын ұйымдастыруға арналған мобильдік ойын алаңын құру. Орындаған: М.Қ.Нұғманов

Кіріспе

2010ж 29 қарашада мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2011-2015жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасы туралы»Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады. Балалардың дене белсенділігін арттырып,дұрыс тамақтанып,сыртқы жарақаттан(жарақат,суицид,улану)сақтаудың бірден-бір жолы балалардың бос уақытын тиімді өткізу.Ол үшін ойын алаңдарын тиісінше жоспарлау.

«Рекреация» сөзі (латынша «recreation» - қалпына келтіру, адамның рухани дене күшін қалпына келтіру) деген соз.

Урбанизация үрдісіне байланысты табиғатты пайдаланудың бір түрі ретінде дем алуды тиімді ұйымдастырудың басқару қажеттілігі туындады. Ғылымның жақсы саласы- рекреанология пайда болды. 

Рекрециялық және саяхат іс- әрекеті үрдісі функциясы әртүрлі болғанымен, олар бір- бірімен байланысты және бірі- бірін толықтырады. Басқаша айтсақ: демалып- танисың, танып демалсақ. Осыған байланысты екі әртүрлі функцияны жалпы бір қызмет көрсету саласына біріктіру тиімді. Туған өлкеге саяхат жасау- бұл қазақстандық патриотизм мен экологиялық  мәдениетті тәрбиелеу. Рекрециялық іс- әрекет көп ақпарат алған, қажыған, интинсифтік техналогия кезінде жас баланың шаршаған организімін қалпына келтіру. 

Жобаның ерекшелігі мынада: егерде «рекреация» деген сөзді табиғат территориясы деп түсінсек, рекреация деген сөз біздің сөйлемде бала ауруларының алдын алуға бағытталған табиғаттанудың саяхаттарын толықтырушысы іс- әрекет деп түсінеміз. 

Егерде, бұрынғы заманда, ұлттық парктер, заказниктер, табиғат ескерткіштері рекреациялық ресурстар болып табылса,қазіргі жасөспірім көгал, орман, өзен  жағасына мұқтаж болады. 

Ойын! Бұл сөз көптеген түсініктер береді. Ойын адамның болашақ өмірінің негізі. Жауынгерлік ойынға машықтанған Петр бірінші мәдениеті мен экономикасына халқының тұрмысына тың жаңалықтар әкелген ресейдің ұлы басшыларының бірі бола алды. Ойнай жүріп адамдар адамзаттық ең үлкен жаңалығы болып табылатын театрды ойлап тапты. Ойын «Не? Қайда? Қашан?» Көңілді, Тапқыштар Клубы т.б ойын бизнесінің ажырамас бөлшегіне айналды. Ойын – спорт пен кәсіптің бастамасы. Балалар да ересектер де дойбы мен шахматты, сатушы болуды, «Бүлікші – казактар» т. б ойындарды ойнаған? Ойнап жүр – және ойнай береді. Ойын – адамның дамуынаң ажырамас бөлігі.

Проблема. Бірақ қазіргі кезде балалардың көпшілігі компьютер алдында отырып компьютерлік ойындарды ойнайды. Дәрігерлер мен психологтар, педагогтаркомпьютерлік ойындар жақсы, ал ұзақ уақыт ойын ойнағанда зиянды екенін айтады. Ал өсу үстіндегі бала ағзасы қозғалыста болуы қажет. Компьютерлік ойынның баламасы – табиғаттағы, таза ауадағы дамытушылық ойындар болып табылмақ. Қаламыздағы балалар алаңы әлпеншек (качели) швед қабырғасы, турник пен құмсалғыш (песочница) сияқты ойын жабдықтарынан тұрады. Балдырғандар құмда ойнап, әлпеншек тепсе, ер балалар мини футбол добын қуады. Айта кетер болсақ – футболалаңы көптеген алаңдарда жоқ.

Көкейтесті проблема – халықтың әл аухатының өсуіне байланысты көпқабатты үйлердің аулалары жеңіл автокөліктің тұрағына айналуы болып табылады. Сондықтан балалар алаңын ұлғайтатын бос жер тапшы. Балалардың бос уақытын өткізетін жер шектеулі, демалыс саябағына барсаң, онда аттракционнан аяқ алып жүре алмайсың! Сонда балаларымыз қайда барып, нендей ойын ойнамақ?

Проблеманың шешімі: Осы проблеманы аз да болса шешу үшін мен мобильді ойын алаңын құруды ұйғардым.

Ойын алаңының негізі етіп  туристік техника (параллель және керме өткел, траверс, маятник т.б.) және ертедегі ойын түрлері алынады (қалаштық, асық, чижиктер, лапта т.б.)

Бұл жобаны «Педколледж» туристік үйірмесі  арқылы – (корпоративтілік) табысты шешуге болады.  

Жоба барлық жастағы мектеп оқушысына туристік техника негізінен және табиғаттағы қозғалыс ойындары бойынша оқытуға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

- Балалар мен жанұяның бос уақытына қызмет көрсетуге арналған «Ойнау» мобильдік ойын алаңын құру.

Жобаның міндеттері:

-Табиғатта өтетін ертедегі, көне ұлттық ойындарды жинақтап, оқып – үйрену және балаларды осы ойындарға кеңінен тарту;

- ойын барысында балалар мен олардың ата - аналарын далалық жағдайда туристік техника ережелері мен спорттық бағдарлау және тіршілік іс әрекеттердің қауіпсіздігі негіздері бойынша оқыту;

- Командаларға бөліну арқылы қозғалыс ойындары мен ата – аналармен бірлесе өткізетін ойын түрлерінің нұсқаларын іздестіру;

- оқушылардың ерешеліктерін ескере отырып, ер және қыз балаларға арналған жеке және коллективтік ойын түрлерін жинақтау;

Проблемаларды зерттеу.

Қала жағдайында балалардың көп бөлігі қапырық, дыбыс пен шуға толы ортада тұрып жатады. Балалар қала сыртына тек жексенбі күндері шығады. Онда да тұрақты шығуға мүмкіндік болмай жатады. Мәліметтер бойынша 2012 жылы қаламызда 31357 оқушы оқыған. Соның 2500 – аулалық клубтардағы тәрбиемен қамтылған. Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша«Балаларды бір мезгілді жанжақты әмбебап демалыстармен қамту мүмкін емес. Бұл жерде балалардың қызығушылығын ескере отырып жұмыстанған жөн. Мысалы: төменгі, орта буын сыныптарының балалары стационарлық лагерьде, ал одан үлкендері шатырлы немесе экспедициялық лагерьлерде дем алғанды ұнатады» деді.

Қозғалыс ойыны – бала өмірінің табиғи серігі, үлкен тәрбиелік күш беретін қуанышты эмоция көзі. Ертедегі уақытта ойындар тек көңіл көтеретін сипатта ғана емес емдік маңызы да болған. Ойын  барлық кесаптардан сақтайтын ең жақсы дәрі деп есептелінді. Ертедегі білгір емшілердің бірі – Рим дәрігері Клавдий Гален пациентінің біріне дәрінің орынына доп ойнын ойнауды ұсынған.

Қозғалыс ойындары бала бойында мінез бен ерік – жігер қалыптастырып, күші мен шығармашылылық инициативасын дамытып төзімділік пен тапқырлыққа, коллективтік сезімге тәрбиелейді. Сондай – ақ қозғалыс ойындары баланың қоршаған айналасын тез бағдарлауына жағдай жасайды. Ойындар баланың ұтымды ойлауына мәжбүрлеп, тез арада қарсыласының әрекетіне жауап беруге жетелейді, ақыл ойының дамуына көмектеседі.

Тірі табиғат аясында болу әр адамға мықты денсаулық сыйлайды. Егер қозғалыс ойындарын туристік техника мен спорттық бағдарлаумен біріктіре өткізсе, сонымен қатар оларға зерттеушілік танымдық іс-әрекеттер элеметтін қоса жүргізсек ұтарымыз көп болмақ. Біздің ойын алаңымызда балалар мен олардың ата – аналары да ойнай береді.

Жобаның ыңғайлығы:

Балалар ойынмен каникул уақытында да, демалыс күндері де алдын ала берілген тапсырыстар бойынша немесе «Ойнау! Ойын аланыңа қатысуға рухсат беретін абонентті сатып алғаннан кейін қамтамасыз етіледі.»

Жобаның жүзеге асырылатын орыны.

Оқушы жастармен жүргізілетін ғылыми – зерттеушілік, экологиялық, сауықтыру жұмыстарының тиімділігін арттыру және балалардың тірі табиғат аясындағы демалыстарын талапқа сай ұйымдастыру мақсатында «ЭкоДАР білімдік – ресурстық орталығы», (Строкова Е.В. «Этюд» - жексенбілік мектебінің суретшісі, бағдарлама жетекшісі Орал қаласы шегінде табиғаты көрікті, Шаған өзенінің жағасынан 2012 жылдың, 26 желтоқсанында, аумағы 15 сотық жер үлескесімен бос тұрған үйге иелік қуқығы берілді. Осы жерде «ЭкоДАР білім – ресурстар орталығы» жас экологтардың «Ноосфера» атты Орал қаласы мен БҚО – ның қоғамдық күндізгі – сырттай мектебін ашуды жоспарлап отыр. Келісім шарт 3 жылға жасалған. Біздер балаларды Подстепное селосы 2км, Орал қаласына 6 км қашықтықтағы «Достық» үйірмесінің оқу полигонына апарып, сыныптар арасында кең ауқымды жарыстар өткізбекпіз. Бұл жер табиғаты тамылжыған, жасыл желекке оранған жер бедері көпшілік бұқаралық іс – шараларды өткізуге өте ыңғайлы, ұзын жолдың бойына жақын орналасқан, өзен жағасындағы берік емен ағаштарын біздер параллельді және аспалы көпірлерді құрастырғанда тірек ретінде пайдаланамыз.

Біздің жобаның артықшылығы

- Командының мобильдігі. Біздің жабдықтар (жіптер, фалдар, түйіндер – обвязка т.б.) жеңіл және жылдам құрастырылады.

- Қажет болған жағдайда біздің команда кез келген лагерге (далалық, тұрақты, мектеп жанындағы лагерлер мен т.б.) алдын ала дайындықсыз –ақ балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес туристік жарыстар мен конкурстарды өткізуге немесе оқыту үшін қызмет көрсете алады;

- Балалардын туристік техника негіздерімен танысып, білуі олардың болашақ мамандығын таңдай білуіне де көмектеседі.

- Тірі табиғат аясындағы демалыс, таза ауадағы ойындар, туризм техникасы бойынша өткізілген шұғылданыстар балалар денсаулығын жақсартып, тұлғаның экологиялық мәдениетін, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыруға негіз береді.

Жобадан күтілетін нәтижелер:

Жобаның жүзеге асуы төмендегі проблемаларды шешеді:

Біріншіден: Табиғатпен достастықта, мақсатты ұйымдастырылған ойын қызметі баланың денсаулығын нығайтуда тиімді әсерін берері сөзсіз;

Екіншіден: Ұлыттық ойындармен танысу арқылы өзге ұлттардың мәдениетін біледі, көне халық ойындарын меңгерумен қатар олардың мәдениетіне деген құрметі қалыптасады.

Үшіншіден: Команда алдындағы жауапкершілік, коллективизм, достың ықыласы, шынайы қарсыластық сезімдері қалыптасады.

Төртіншіден: Жанаұялық демалыс кезінде ішкі отбасылық қарым – қатынас беріктігі нығайып, «Әке мен бала» арасында болып қалатын түсініспеушіліктер ішінара шешімін табады.

Бесіншіден: Бала болашақтағы өмірінде қолданылатын арқанды күрмеп байлауға үйренеді, туристік техникаларды меңгереді. Күн сәулесінен зақымданғанда, күйгенде, үсік шалғанда, жарақат алған жағдайларда, өрт кезінде алғашқы көмек көрсету икем – дағдылары мен кәсіпке бағдарлау мәліметтерін алады.

Жобамызды жүзеге асыра отырып, біздің алаң арқылы әр түрлі жастағы 500 ден астам балалардың демалысын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Басшыларымыздың көмегі арқасында біз алғаш рет туристік – ойындық қызмет көрсету бағытындағы балалар бизнесін ұймдастырмақпыз. Жобаның «сынақ мерзімін» (апробирование) өзіміз бен жақындарымызбен өткізіп «жақсы», «жаман» жақтарың анықтап, іске кіріспекпіз!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кварталнов В. А. Основа туристической дейтельности.   Москва 1995.

2. Лихачев Б. Т. Филосовия воспитания.  Москва 1995.

3. Иванов Ю. И. Играт на здоровье.  Москва 1991.

4. Храбовченко В. В. Экологический туризм.  Москва 2003.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 112

Вчера 150

На этой неделе 511

В этом месяце 2791

Всего 177176

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска