МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

12 жылдық білім беру жағдайында дене тәрбиесі мұғалімінің функционалдық міндеттерін қалыптастыру. Б.Қ.Набидоллин

Б.Қ.Набидоллин – Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің

«Дене тәрбиесі және спорт » кафедрасы меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарына»; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік , саяси жаңғырудың жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне ЮНЕСКО – ның ұсыныстарына сәйкес 12 жылдық білім беруге Тұжырымдама әзірленуде.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси , экономикалық және әлеуметтік жағдайы , әлемдік білім кеңістігіне кіруге Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды атап айтқанда,  орта білім мазмұны мен құрылымын , мақсаттарын қайта құруды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа 12 жылдық оқыту модулін кезекпен өткізу жоспарын  енгізіп, мемлекеттік білім стандартына ену уақытын 2015 – 2016 оқу жылына белгіледі.Мектеп оқу бағдарламасын құрастыру , Назарбаев зияткерлер мектебінің біріктірілген ұжымына және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мамандары әр аймақта болып, жаңа жоба пректосын   талқылау жұмысын Орал қаласының Назарбаев зияткерлер мектебінде өткізді. Бұл Астана қаласының жұмыс тобымен кездесуге барлық аудандық білім және қала оқу - әдістемелік орталықтарының жетекшілері, оқу орындарының басшылары қатысты. Біріктірілген Назарбаев зияткерлер мектебінің аға менеджері Жанабай Абуовтың айтуы бойынша тіл және әдебиет пәндері біріктіріледі, «Тарихты тану және білу», «Тарихи ұлы тұлғалар және мәдени қайраткерлер», «Зерттеу дағдылары», «Адам» сияқты ғылымға кіріспе және дүниетану пәндері бірнеше бөлімдер мен тараулардан тұрады. 

Бейнелеу өнері, музыка және технология пәндері біріктіріліп жаңа «өнер» пәні болып аталады. Тағы да бір жаңа ақпараттық – коммуникациялық  технология пәні енгізілді. Бастауыш және орта сыныптарды оқыту бес жылдан созылады. Оқытудың 11 және 12 жылдарында, яғни жоғарғы сыныптарда , екі негізгі бағыт бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасы жүргізілуі мүмкін: жаратылыстану – математикалық және қоғамдық – гуманитарлық бағытта.  12 сынып ЖОО дайындық курсы ретінде болады. Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні орыс сыныптары үшін де міндетті түрде мемлекеттік тілде өткізіледі. Екі тереңдетіліп оқытылған  пән бойынша емтиханды, оқушы өзінің таңдауы бойынша тапсыруға құқылы. 

- Тек білім беру – бұл жеткіліксіз. Біздер өз білімдері мен дағдыларын мектеп бітіргеннен кейін шығармашылық тұрғыда қолдана білетін түлектерді дайындауымыз қажет. «Мектепте  не үйретуіміз керек?» деген сұрақты қоймай, керісінше «Мектепте не үшін оқиды?» деген сұрақты қою қажет.Уақыт бір орында тұрмайды, әлем тез өзгереді , сондықтан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында біздің болашаққа жол қазақстандықтардың  жаңа мүмкіндіктерді пайдаланумен байланыстырады.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде, өзін - өзі белсенді етуге дайын , өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

 

Білім беруде күтілетін нәтижелер құзырлығы :

1.Құндылықты – бағдарлы құзырлылық – өзінің  Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға беру.

2.Мәдениеттанымдық құзыреттілік – адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени – демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

3.Оқу – танымдық құзіреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу – танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсіну ізденушілік – зеттеушілік әрекет дағдыларын игеру.

4.Коммуникативті құзыреттілік – түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда  шешім қабылдау.

5.Ақпараттық – технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгере білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық обьектілердің көмегімен жеткізуді  жүзеге асыра білу.

6.Әлеуметтік – еңбек құзыреттілік – бұл құзырет әлеуметтік – қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда  жеке басына және қоғам мүддесіне  сәйкес ықпал  ете білуді қарастырады.

7.Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзыреттілік – нақты әлеуметтік – қоғамдық  жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.

 Дене тәрбиесі және спорт саласын дамыту нәтижелеріне жету құзыреттіліктері:

Ақпараттық құзыреттілік:

- бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгере білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық обьектілердің көмегімен жеткізуді  жүзеге асыру, дене тәрбиесі және спорт атауларын қолдана білу қабілетін дамыту;

Коммуникативтік құзыреттілік:

- түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда  шешім қабылдау, рухани адамгершілік білімдерін қалыптастыру;

Проблеманы шешу құзыреттілігі:

-өмірлік маңызы зор дене қасиеттерінің дамуына әсер ететін жаттығуларды орындау, әр түрлі қиындықтарды жеңе білу; білім беруде  білім алу дағдылары менбағдарлама мазмұнын меңгеру;

Шынығу, сауығу құзыреттілігі: 

- дене шынықтырудың негізін меңгеру, оқушының күн тәртібі ережесін сақтау;

- өзіне және айналысатын орындарға қойылатын тазалық талаптарын білу;

- өін - өзі сауықтыру және қауіпсіздік ережелерін білу; өмірлік маңызы бар дағды мен қабілетті мегеру;  

- циклдік жұмыстар қиындығы мен өмірлік бірнеше кедергілерден өту;

Спорттық – эстетикалық құзыреттілік: 

- адамның дене қабілетінің сапасы мен оның дамуы туралы білу;

- әуен жетегінде ырғақты және көркем гімнастика жаттығуларын орындауды мегеру;

- дене шынықтырудағы дағдыны қалыптастыратын және нығайтатын жаттығулар жинағын білу;

Спорттық – құқықтық құзыреттілік:

-  дене шынықтыру сабағындағы тәртіп пен ережені білу; жарыстар мен ойындардағы ар – намыс кодексін білу;

Спорттық – ақпараттық құзыреттілік: 

- бағдарламада қарастырылған теориялық мәліметтер негізін игеру;

- Әлем және Қазақстан спортының тарихын, дене шынықтырудың тарихы негізін білу;

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабы. Білім беруде оқушының дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет.

 

12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі  және білім беру деңгейіне ерекше мән бере отырып, олардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық , педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып мынадай сатыларға бөлеміз:

1-саты 

Жалпы орта білім беру (1-5 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 5 жыл

2-саты 

Жалпы орта білім беру (6 – 10  сыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 5 жыл

3-саты 

Жалпы орта білім беру (11 – 12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы – 2жыл

Жалпы орта білім беретін мектептердің басты міндеті «білімді, дарынды, тәрбиелі және бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге бейім , өз мүддесін , сол сияқты қоғам мүддесін қорғауға дайын тұлға қалыптастыру» болып табылады. 

12 жылдық білім жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін кіруді мақсат еткен қазіргі заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқытудың басты мақсаты -  баланың білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, өзіне ғана тән қабілетінің даму мүмкіндігіне жол аша отырып қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті , өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге өз қалауымен қоғам талабына сай өзін  көрсете білуге бейім, жоғарғы білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық оқуға көшуде Қазақстан мектептерінің мақсаты:

- әлемдік деңгейге көтерілуіне жағдай жасау

- кәсіптік білім беру 

- жеке тұлғаны дамытуға ықпал ету

 

12 жылдық білім беру моделі бастауыш мектепте білім берудің құрылым мен мазмұнын жетілдіру білім мен тәрбиенің жаңа мазмұнын және жаңа тәсілдерін жобалауды талап етеді. Мектептерде денсаулық пен салауатты өмір салтын түсінігін қалыптастыру іс - әрекеттері балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуына зор ықпал етеді: 

•Дене бітімін қалыптастыру 

•Санитарлық ережелерін сақтау

•Балалардың психологиялық – физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқу процесін тиімді ұйымдастыру 

 •Қозғалыс белсенділігін арттыру

Мектептердегі оқу – тәрбиелік процестің басты міндеті қарым – қатынас пен іс - әрекет және әлеуметтік құнды қарым – қатынасты жақтаушы болып табылады. Ең маңыздысы оқушы өзіне арналған оқу - жаңа іс - әрекет түрін меңгереді. 

Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын дене дайындығын ескеруді , оқу сатылары бойынша оқу материалдарын қайта бөлуді , оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді. 

Жақында өткен үкімет сағатында Спорт және дене шынықтыру істер агенттігінің төрағасы  қазақстандықтардың дені сау ұлт болып қалыптасуын қамтамасыз ету үшін бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау аса маңызды екендігін ерекше атады.                                                                 

 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде білім беруді жаңарту,   студенттердің жауапкершілікті түсінуі мен оларға кәсіби деңгейінде білім беруге жаңа талаптар қойылуда. Осыған байланысты « Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы оқытушылары құзіреттілікке жеткізетін жаңа сабақ үлгісі жоспарымен жұмыс істеуде. Сабақ жоспарлары ақпараттық, комммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттілігіне бағытталып құрастырылып,  барлық  облыстық, қалалық мектептерде жұмыстануда. 

Диплом алды машық кезінде колледж студенттері сабақ өткізуге қажетті құжаттарды әзірлеп портфолио жинақтап оны қорғайды. Бұл жұмыс студенттердің машыққа деген қызығушылығын , жауапкершілігін арттыруға маңызы өте зор.  

12 жылдық оқуға көшу шығармашылық, зерттеу тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа модель болып табылатын Қазақстандық білім беруді модернизациялаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік тудырады.  12 жылдық білім беру моделі секілді оқытудың жаңа технологиясын тәжірибеге енгізу ісі бастапқы оқыту жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады. Сондай – ақ тиімді бағыттың бірі – балаларға білім берудегі жеке іс - әрекеттік тәсілді жүзеге асыру , яғни бұл бағыт баланың нәтижелі дамуына тұлға болып қалыптастыру мүмкіндігін арттыруға , қазіргі заманғы динамикалық қоғамда оның бейімделуіне ықпал етеді. 

 Түйін

 Қазіргі кезеңде балаларды мектепке  және мектептен тыс мекемелерде оқыту  - заман талабына сай жалпы білім беретін орта мектептерде оқушының жеке тұлғасын дамытуға жаңа оқу үлгісін таңдауға спортқа деген құлшынысын арттыру.

 Әдебиеттер

1.12 жылдық білім №6,№7,№8 2006ж

2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы

3.Дене шынықтыру жалпы орта білім беретін мектептің 1-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы, Астана 2013

4.Қ.Дүйсенбин, З.Алибарова Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы, Алматы,2003

5. «Дене тәрбиесі негіздері» Уақбаев Е. Алматы 2000

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 429

Вчера 1370

На этой неделе 4241

В этом месяце 6336

Всего 183855

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска