МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру А.М.Сагидуллина

А.М.Сагидуллина

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің математика  кафедрасы оқытушысы

Қазіргі заман - ақпараттық технологиялар заманы. Қоғамымыздың барлық саласында дерлік ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері кеңінен енгізіліп, пайдаланылып жатыр. Білім жүйесі де қоғамдағы жаңашыл бетбұрыстардан тыс қалмай, оң өзгерістердің барлығын дерлік мақсатына сәйкес, қажетіне қарай қолданып келеді. Осы ретте білім жүйесіне оқытудың жаңа инновациялық технологиялары енгізіліп отыр. Білім беру жүйесі қоғамды қалыптастырып дамытатын, өзгерістер енгізетін ресурстарды дайындаумен айналысады, сондықтан үнемі жетілдіріліп отыруы тиісті. Бұл ретте елімізде көптеген іс-шаралардың қолға алынғанына өзіміз де куә болып жүрміз. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі  күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. 

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын,  тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын  жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. 

Бүгінгі күнгі басты мәселе - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі пәні оқытушысы ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру тұрғысында кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологияларының ішіндегі АКТ технологиясын үзбей қолданып отырамын.  Өткені соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа жаңа педагогикалық технологиялар, компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа технологияларды қолданудың ерекшелігі –оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып математика сабағында компьютермен жұмыс істеу тиімді. Компьютер - технологиялық құралдардың бірі, оның көмегімен сабақты қызықты, тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп, нашар деген оқушының компьютермен жұмыс істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және шеше алмаған жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады. Мұндай сабақтар оқушылардың білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына және оны түсінуге, жаңаша шығармашылық тәсілдермен жұмыс істеуіне, ізденуіне сан алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

- интерактивтік тақта;

- мультимедия;

- Интернет кеңістігі;

- электрондық оқулық.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

- Студенттің еркін ойлауына мүмкіндік береді;

- Ақыл - ойын дамытады;

- Шығармашылық белсендігін арттырады;

- Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

- Тіл байлығын жетілдіреді;

- Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.

Электрондық-әдістемелік жүйе – оқытуды ұйымдастырудың мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік, нәтижелік бағалау компоненттері мен құрылымдандырылған пәнаралық  байланыста құрылған ашық қор. 

ЭӘЖ құрастырудағы педагогикалық технологияның негізі – модульдік технология.  

Ш.Х.Құрманалинаның авторлығымен жасақталған  «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесі педагогикалық колледждердің 0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі»  біліктілігі бойынша білім алушы студенттерді даярлауға арналған.  Ашық жүйе түсінігіне пәндік білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі, оқытушы мен оқушының өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты қосымша қоса алатын тестілер кіреді.  Тестілер арқылы білім алушы өзін-өзі бақылай, бағалай алады. Тапсырмаларға анықтамалық материалдар берілген, бұл материалдар арқылы оқушы өзін-өзі тексере алады. 

Бұл ашық, дамыту жүйесі педагогика, психология, математиканың теориялық негіздері мен бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі пәндерінің пәнаралық байланысында құрылған. «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі»,  «Шамаларды оқыту әдістемесі»,  «Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі»,  «Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі» саласында желілік, жүйелік және функционалдық жиынтықтан тұратын модульдерден құралады. 

 

ЭӘЖ  құрамына  «Бастауыш білім берудің мұғалімі» біліктілігі бойынша  мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, «Педагогика», «Психология», «Математиканың теориялық негіздері», «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» оқулықтары енгізілген.

Гипермәтін және интерактивті тапсырмалар бастапқы математикалық құрылымдардың құрастыру жолы арқылы, олардың бастауыш математика оқулықтардың мазмұнымен, монографиялар, түрлі теориялық тұжырымдамалар бар ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары, дидактикалық тапсырмалар мен компьютерлік математикалық ойындармен қанығу арқасында ядро идеяларын меңгеруді қамтамасыз етеді. Модульдің мазмұнына байланысты идеяда үлкен немесе кіші үлес салмағы болуы мүмкін. Тест тапсырмалары модульдің мазмұнына сәйкес құрастырылған. 

ЭӘЖ құрамындағы интерактивтік тапсырмалармен қатар берілген құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырып, ауызша сөйлеуін дамытып, эвристикалық қызметтің тәсілдеріне үйретіп, кеңістік туралы түсініктерін, ойлаудың әр түрлі тәсілдерін қалыптастырады.

Елбасы   атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте  қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. 

Іс тәжірибемізде, қала мектептеріндегі байқау практикасы кезінде студенттердің математика пәнінен АКТ-технологиясын қолданып өткізген сабақтарының нәтижесінде олардың кәсібіне дегең қызығушылықтары артып, кәсіптік құзыреттіліктері қалыптасып, мектеп оқушыларының да сабаққа деген қызығушылықтары, белсенділігі артып, шығармашылық даралығы қалыптастырылып, білім деңгейлерінің өскендігі байқалды. 

Сондай сабақтардың бірі - 4-сыныптағы математика пәнінен «Кездесу қозғалысына берілген есептер» тақырыбында берілген сабақты ұсынам. 

   

 Студенттерге терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

- оқытушы пәнді өзі жетік терең біліп, оны білім алушыларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет;

- оқытушы білім алушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр білім алушының жүрегіне жол таба білуі қажет;

- оқытушы әр білім алушыға, бүкіл топқа талап қоя білуі керек;

- оқытушы әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі;

- мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі;

- балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру;

- сабақта білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану;

- әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Әр оқытушы өз сабағын жаңаша ұйымдастыруы, білім алушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра отырып, кәсіби құзыреттілігін арттыруы керек. Әр сабаққа дайындық – оқытушы ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. 

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға, таңдаған кәсібіне бейімдеуге болады. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Білім алушының білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл.докт....автореф.: 21.05.05. - Қарағанды: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. - 40 б.

2.Құдайбергенова  К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – Алматы, 2007.

3.Құрманалина Ш.Х. Оценка качества профессиональной компотентности учителя. Алматы-2006.

4.Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация / Пер. с англ. – М., «Когито-Центр», 2002. – 396 с.

5.Сорокина Т.М. Развитие профессиональной компетенции будущего учителя средствами интегрированного учебного содержания // Начальная школа. – 2004. – №2. – С. 110-114.

6.Тұрғынбаева Б.А «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе»  Алматы-2005.

Түйіндеме

Мақалада тақырыптың өзектілігі дәлелдене отырып кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілеріне тоқталған, жаңа көзқарас бойынша білім берудің жаңа міндеттері аталған. Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолдары Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждегі кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру іс – тәжірибесінен мысалдар келтіріліп,  талдау жасалған.

Резюме

В статье рассматриваются теоретические и практические аспекты формирования профессиональной компетентности педагогические актуальные в данный момент, учитывая новые взгляды, приводятся задачи образования. 

Проанализирован опыт по формированию профессиональных компетентностей новыми педагогическими технологиями в педагогическом колледже им.Ж.Досмухамедова.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 174

Вчера 198

На этой неделе 1042

В этом месяце 9078

Всего 186597

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска