МИССИЯ КОЛЛЕДЖА -подготовка специалистов с высоким уровнем личностных и профессиональных качеств, способных внести вклад в развитие педагогического потенциала Казахстана с учетом лучших отечественных и зарубежных практик.

Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронная почта: altin.uralsk@mail.ru

Уважаемые пользователи сайта!

Блог директора создан для преподавателей, сотрудников, студентов, родителей и связей с общественностью колледжа. Вы можете задать мне свои вопросы и направить свои мысли и предложения. Открытое и свободное обсуждение вопросов поможет развитию нашего колледжа, плодотворной работе руководства.

Уверена, что данная площадка станет важным механизмом эффективного обмена информацией и реализации поставленных задач, учитывая возможности решения многих проблем в нашей общей работе.

Мы постоянно открыты для обратной связи, и все заявления и предложения обязательно будут рассмотрены. Ни одна проблема не останется без нашего внимания.

Математика мамандығы бойынша арнайы пәндерді оқытуда жобалау технологиясы элементтерін қолданудың кейбір әдістері Оқытушы: Жұматова М.С.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

 

Математика мамандығы бойынша арнайы пәндерді оқытуда жобалау технологиясы элементтерін қолданудың кейбір әдістері

(Әдістемелік  баяндама)

 

Жұматова Мария Сағынбайқызы математика кафедрасының  оқытушысы

Слайдты жүктеу №1,

№2 Бұралым

№3 Алтын қатынас

Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж 1997-2002 жылдары жүргізілген «Білім мазмұнын ақпараттандыру негізінде оқу пәнін интеграциялау» эксперимент жұмысының нәтижесінде Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығының ғылыми-эксперименттік алаңына айналды. 1999 жылдан бастап білім беру мазмұнын ақпараттандыру лабораториясы ашылды. Колледждің оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп, электрондық оқу залы ашылды, электрондық оқулықтармен жұмыс жасалды. 2008 жылдан бастап колледжден бастап құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар  жасақталуда.

Қазіргі уақытта біздің колледжде  жұмыс істеп жүрген оқытушылар ақпараттық құзыреттілікті, коммуникативтік құзыреттілікті, проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында жұмыстануда.

Жобалау оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология студентердің  іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта студенттер ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Студенттердің ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

Түсіндірме  сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы–оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында  АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін  көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі» - деген екен  Хилпатрик.

Бұл технологиялық оқудағы оқытушы мен студенттің іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. П.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның авторлық моделі бойынша жаңа қоғам мұғалімінің ролін талдайық.

Оқытушының  іс-әрекеті:

Студенттің  іс-әрекеті:

-құзыретті жеке тұлғаға қарай бағыттаушы, нақты мақсат қоюшы.

-Студент-оқыту субъектісі.

- ақпарат, бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

- оқушылардың өз идеяларын  ұсыну  мен түсіндіруге, топтық жұмыс үшін берілген тапсырмаға сәйкес жауап беруге дағдыландырады.

 Студенттің  жетістігін құптаушы.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

- Проблеманы шешуге ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Ойшыл, талапкер еңбектің иесі.

-Мақсаттарға жетелеуші.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

 «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін».

                                                                       Конфуций

Жоба атауы: «Фибоначчи тізбегі және Алтын қатынас»

Жоба өзектілігі: Қазіргі жаңа формацияда жұмыс істеп жүрген оқытушының алдында тұрған негізгі проблемалары:

1. Студентті іздене білуге үйрету. 

2. Студентті ойлауға үйрету. 

3. Студентті өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. 

Студенттер өзбетімен білім алуға, оны практикада қолдану іскерлігін дамытуға бағытталған. 

Жоба мақсаты: математика сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта студенттердің жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау.

Жоба міндеті:

1. Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

2. Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау.

3. Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

Жоба типі: ақпараттық, шығармашылық

Жоба әдістері: ақпарат қорларын зерттеу, салыстыру, индукция, дедукция

Жоба технологиясы: АКТ, проблемалық

Зерттеу нысаны: арнайы әдістеме

Зерттеу пәні: алгебра пәніндегі арифметикалық, геометриялық прогрессия тақырыбы

Жобаның мазмұны:

1.Табиғаттағы Фибоначчи сандары

2. Алтын қатынас

Жобаның нәтижесі:  

9-сыныптың «Алгебра» пәнінен «Арифметикалық, геометриялық прогрессия» тақырыбын оқытуда қолданылатын электрондық көрнекі құралдар.

«Британ» және 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу барысындағы зерттеулерді басшылыққа ала отырып, жобалау технологиясының орындалу кезеңдеріне сай оқытушы мен оқушының  іс-әрекеттерімен таныстырып өтейін.

«Арифметикалық, геометриялық прогрессия» тақырыптарын оқыту әдістемесімен таныстырылды, сабақ барысында студенттерге өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдану іскерлігін дамыту мақсатында, итальян ғалымы Леонардо Фибоначчи еңбегі жайлы мағлұмат берілді,  математика мұғалімі тобын білім деңгейлеріне байланысты  екі топқа бөліп, «Табиғаттағы Фибоначчи сандары», «Алтын қатынас» моножоба түрінде қысқа мерзімді (2 жұма) жоба дайындау  тапсырылды. 

Іздену кезеңі:

Аналитикалық кезеңі

Оқытушының  іс-әрекеті:

Студенттің  іс-әрекеті:

-          Ақпаратты Интернеттен қарастыру.

-          Ақпараттар қорын ұсыну:

  • Академик И. К. Кикоин басшылығымен шығатын 1972 жылғы №3 «Квант»  журналы.
  • Ағылшын тіліндегі оқулықтар: Malkiel, Burton G. [1996], A Random Walk Down Wall Street, W.W. Norton & Company
  •  Eng, William F. [1988]. The Technical Analysis Of Stocks, Options & Futures, Probus Publishing
  • Занимательная математика: В. Кессельман — Москва, АСТ, Астрель, 2008 г.- 224 с.

-          Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша, 1-топ: Табиғаттағы Фибоначчи сандары, 2-топ: Алтын қатынас  бағытындағы ақпараттарды талдау және жүйелеу.

-          Кітаптан, Интернеттен алған ақпараттарын топпен  бірігіп жүйелейді.

 

 

 

 Практикалық кезеңі

 

Оқытушының  іс-әрекеті:

Студенттің  іс-әрекеті:

-          Студенттердің жұмыстарды орындау барысын қадағалайды.

 

-          2 топ өз тақырыптары бойынша практикалық жұмыстарын орындайды.

-          1-топ:Табиғаттағы Фибоначчи сандарын іздестіріп, гүлдер жапырақтар санын, аралар тармағын, жапырақтар тізбегін анықтайды; ананас бүршіктерін сағат тілі бағытымен, сағат тіліне қарсы және тіке тұрғандағы орналасу  құрылымдарын анықтайды;

-          2-топ: екі қатар тұрған Фибоначчи сандарын бөлгенде «Рһі» атты сан шығатынын, алтын төртбұрыштың заңдылықтарын формуламен анықтайды. Студенттер қолдарына өлшеуіш құралды алып, адам қолының әр буынын есептеп, алтын қатынас құрайтынына көз жеткізеді. Адамның бет әлпетіндегі алтын қатынасты анықтайды.

 ПРЕЗЕНТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

1-топ жұмысы: Табиғаттағы Фибоначчи сандары

Мақсаты: а) ақпараттық: табиғаттағы Фибоначчи сандары туралы ақпарат беру, талдау, қорыту, құрылымдау,  тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинақтау;

ә) коммуникативтілік:   табиғаттағы Фибоначчи сандарының негізгі құрылымын анықтауды жүйелі түрде  жұмыс  істеуді қалыптастыру,ауызша және жазбаша тілін дамыту;

б) проблеманы шешу: күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекеті арқылы проблема қою және шешу нәтижесінде өз қызметіне баға бері іскерлігін дамыту.

 2-топ жұмысы Алтын қатынас

Мақсаты: а) ақпараттық: алтын қатынас  туралы ақпарат беру, талдау, қорыту, құрылымдау,  тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинақтау;

ә)коммуникативтілік:   алтын қатынастың незізгі құрылымын анықтауды жүйелі түрде  жұмыс  істеуді қалыптастыру, өз ойын нақты айта білу;

б) проблеманы шешу: б) проблеманы шешу: күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекеті арқылы проблема қою және шешу нәтижесінде өз қызметіне баға бері іскерлігін дамыту.

 Бақылау. Бағалау. 

Бағалау критерийі (1-10 ұпай):

Критерийлер

1-топ

2-топ

1.       

Жобаның мазмұны мен  жүйелiлiгi.

8

8

2.       

Жұмыстың рәсiмделуi, дизайны.

9

9

3.       

Қорғаушының компьютерлік сауаттылығы, мәдениеті.

9

9

4.       

Проблеманы шешу құзыреттілігі.

8

9

5.       

Қорғаушылардың коммуникативтік құзыреттілігі.

9

9

 

Қорытынды ұпай.

43

44

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – студенттердің қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы студенттер болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі жан-жақты сауатты маман  ретінде көрсете білуге бейімдеу.

Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, студентті ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Студенттерге  дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі.

Жоба нәтижесі 9-сыныптың «Алгебра» пәнінен «Арифметикалық, геометриялық прогрессия» тақырыбын оқытуда қолданылатын электрондық көрнекілік  құралдар ретінде пайдалануға ұсынылды.

Осы жобаны негізге ала отырып, «Математикалық биллярдтар» , «Тікбұрышты бильярдтағы геометрия мен физика», «Бақытты  сандар»тақырыптарын ашуға болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. А.Б Василевский «Методы Решения Геометрических задач» издательства «Вышэйшая школа» Минск 1969

2. Квант №3 1972 Научно-Популярный Физико-Математический журнал. Академии наук СССР и академии педогогических наук СССР Главный редактор академик И. К. Кикоин

3. Ф.Ф Нагибин. Е.С Канин  «Математическая шкатулка» Издательства «Москва просвещение» 1988

4. Квант Научно-Популярный Физико-Математический журнал. Редактор академик И. К. Кикоин №7  1973

5. В. Кессельман «Занимательная математика» издательства Москва, АСТ, Астрель, 2008 г.- 224 с..

6. Malkiel, Burton G. [1996], A Random Walk Down Wall Street, W.W. Norton & Company

7. Eng, William F. [1988]. The Technical Analysis Of Stocks, Options & Futures, Probus Publishing

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 433

Вчера 1370

На этой неделе 4245

В этом месяце 6340

Всего 183859

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска