Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

РЕСУРСТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ

2019 жылы коллледж жанынан «ресурстық-әдістемелік орталық» ашылған болатын.

Мақсат: Колледж студенттеріне және педагогикалық ұжымға ақпараттық-әдістемелік және техникалық қолдау көрсетіп, инновациялық немесе цифрлық білім беру технологияларын кіріктіру болып табылады.

Төмендегі бағыттар бойынша қолдау білдіріп келеді:

1. Колледжде техникалық-әдістемелік көмек ретінде виртуалдық семинарлар түсірілімін жасау және бейнесабақ видеороликтермен қамтамасыз ету;

2. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың жолдарын кеңейту;

3. Әлеуметтік желі мен ақпараттық жүйелердің жұмысын дамытып, бақылауға алу;

4. Компьютерлік құрылғылар және интернет желісімен қамтамасыз ету;

5. Қол жетімді цифрлық кітапхана базасын жасақтау;

1.1. Оқытушылар мен студенттерге ақпараттық-техникалық қолдау негізінде мамандықтарда пайданылатын ақпараттық бағдарламалар және цифрлық платформалар бейне нұсқаулықтар жасалды. Негіздеме: http://pedcollege.kz/ru/vertualnyj-seminar Аталған бейне нұсқаулық негізінде оқытушылар мен студенттер оқыту платформалық жүйеге кіру және пайдалану бойынша толық консультация алады. «ресурстық-әдістемелік орталық» қызметкері (монтаждаушы) оқытушылардың мамандықтар бойынша бейнесабақтарын түсіріп, әрлендіру жұмыстарын жүргізеді. Негіздеме: http://pedcollege.kz/ru/online-lesson .

2.1. Жаһанша колледжі оқыту процесінде ең үздік цифрлық платформаларды пайдаланып келеді. Олар - College SmartNation, microsoft teams, jitsi meet, office365, zoom, google қосымшалар (Google duo, hangouts, google classroom, youtube, google forms, google disce т.б ). Негізгі оқыту процесі «SmartNation» жүйесінде жүргізіледі. Білім алушылардың сабақ қатысуы, оқытушылардың сабақ беру және контент сапасы мониторинг түрінде талданып отырады. Қалған платформалармен мұғалімдер сабақтарын түрлендіріп өткізеді. Негіздеме: https://college.snation.kz/ru/zko/control/monitoring/activity .

3.1. «Ресурстық-әдістемелік орталық» колледжді, қоғамды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырып немесе хабарландырып отырады. Қолданылатын әлеуметтік желілер: facebook, instaqram, teleqram, youtube (Жаһанша каналы). Өткізілген іс-шаралар жүйелі түрде әлеуметтік желілерге салынып отырады. Негіздеме: аталған әлеуметтік желіге Жаһанша колледжі деп жазса болғаны.

4.1. Қазіргі таңда колледж оқытушылары мен студенттерін оқуда жағдай жасау үшін 210 компьютер (оның ішінде 59 моноблок, 30 нетбук, 18 ноутбук оның ішінде 1 ультробук, 1 трансформер, 3 I-Pad, 3 сервер (орталық сервер, 1С сервері, платонс сервері), 1 видео өңдеуге арналған компьютер) және 7 интерактивтік тақта, ActivTablet, Activout интерактивтік құрал-жабдықтары, 3 сенсорлық дисплей, интерактивтік проекторлары, 20 дана мультимедиялық проекторлар, 3 жылжымалы экран, 1 сенсорлық киоск, 3D форматта жұмыс жасайтын «Eureka» интерактивтік кешенімен жабдықталған трибуна, колледждегі іс-шаралады оқытушылардың бейнесабақтарын немесе бейнероликтерін түсіруге арналған 1 данадан фото және бейне камерасы оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылуда. 60 Мбит/с және 30 Мбит/с жылдамдықты барлық компьютерлерді интернет желісімен қамтамасыз етіп отыр (WiFi).

5.1. Цифрлық кітапхана базасы жылдан жылға жаңартылып келеді. Пайдаланушылар еркін кеңестікте кітаптарымызды пайдалану үшін «ресурстық-әдістемелік орталық» пен кітапхана бөлімі көлемді жұмыстар жүргізіліп келеді. Автоматтандырылған KABIS жүйесі қызмет жұмыс жасайды. «Web-құрамдас» бөлігіндегі іздеу ұяшығына атауды енгізу арқылы қажетті оқулықты іздеп таба алады. Қашықтан оқыту жағдайында College SmartNation оқыту платформасына студенттер және оқытушылар жие пайдаланылатын жалпы білім беретін оқулықтар, ғылыми кітаптар, көркем әдебиеттер, арнайы мамандықтар бойынша кітаптар, авторлық кітаптардың 200 астамы электрондық форматқа ауыстырылып салынды. Пайдаланушылар жеке ЖСН арқылы жүйеге кіріп қажетті кітаптарын жүктеп ала алады. Жалпы оқытушылар мен студенттер пайдаланатын кітаптар платформасы SmartNation кітапханасы, кitap.kz, KABIS, www.pedcollege.kz (электрондық кітапхана, цифрлық кітапхана, оқу-әдістемелік кешен, авторлық оқулықтар,) https://www.almatykitap.kz/.

Колледждің миссиясы, мақсаты мен міндеттерін сипаттайтын веб-сайты интернетте www.pedcollege.kz мекен-жайы бойынша орналасқан. Сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды. Оқырмандарға колледж туралы толық және сапалы ақпарат ұсыну, туындаған сұрақтарына көмекші assistant және виртуальды қабылдау жауап береді. Бұл бөлімді ақпараттық-әдістемелік орталық мамандары үнемі бақылап, сұрақтарды әкімшілік талдауға жіберіп отырады. Негіздеме ретінде көрсетілген сілтемеден немесе төмендегі кестеден көруге болады. http://pedcollege.kz/kz/blog.html

 

БИЖАНОВ
АКАН
МАЛИКОВИЧ
САГИНОВА
ГУЛЬМАРЖАН
АНАРБЕКОВНА
ДАРИБАЕВ
АРМАН
БАУРЖАНОВИЧ
ДУЙСЕНБАЙ
АЛИХАН
АНДРЕЕВИЧ
 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 597

Кеше 1197

Осы аптада 3039

Осы айда 5134

Барлығы 182653

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска