Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Кітапхана

Рухани байлықты оқырмандарға жеткізуде, оқырманның кітапханға деген қызығушылығын арттыру нәтижесінде оқу жылының соңындағы мәліметтерге сүйінсек кітапханаға - 2025 оқырман жазылып, қайта тіркеуде өткен, оның ішінде күндізгі бөлімде оқитын оқырман саны - 1472, сырттай бөлімде - 506 , оқытушылар - 112 оқырманға қызмет көрсеткен. Кітап беру саны - 82204 дана кітаптар мен баспасөз басылымдары қолға пайдалалануға берілсе, кітапханаға оқырмандардың келу саны - 59127 оқырманды құраған.

Жыл сайынғы оқу жылындағы көрсеткіштер мен салыстырған да оқырмандардың келу саны - 991 оқырманға көбейіп отырғаның көрсетеді. 1курс студенттерімен жұмыс жүргізу барысында, кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыруда «Кітапханалық сабақтар» барлық топтармен өткізіледі. Күнделікті кітапхананы 260-270 дейін студент, оқушылар пайдаланады, оның дәлелі күнделікті келу тізімі есебі.

Білім алушылардың оқулықтар мен электрондық басылымдармен нормативке сай қамтамасыз етілуі барысында коллдеж әкімшілігі кітапхана қорының сапалы және көлемді жабдықталуына мән беруде.

Кітапхананың кітап қоры отандық, ресей («Фолиант», «Алматы кітап» «Мектеп», «Атамұра», «Жазушы», «Академия» , «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Пед. шеберлік орталығы» т.б.) жергілікті «Оптима», «Жәңгір- хан», «Кітап», «Білім- образование» кітап-сауда орталықтарынан мемлекеттік сатып алу негізігнде толықтырылады.

Кітапхананың сандық көрсеткіштері

Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры - 48566 мың дана кітап қоры жинақталып, құрамында оқулықтар, оқу- әдістемелік құралдар, көркем әдебиет, анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, электронды оқулықтар, көрнекіліктер құрайды.

Қордағы орыс тіліндегі әдебиеттер - 4642 дана, ағылшын тіліндегі кітаптар - 2836 дананы құрайды.Кітап қорындағы оқулықтар саны - 27283 дананы, оқу-әдістемелік құралдар саны - 1580, жалпы білім беру бағытындағы пәндерге арналған кітаптар саны 7648 дана, жалпы кәсіптік пәндерге арналған оқулықтар саны - 1203дананы, арнайы пәндерге арналған кітаптар саны - 3031 дананы құрайды.

Оқулықтар және оқу- әдістемелік әдебиеттердің саны бір білім алушыға шаққанда 28,4 бірлікті құрайды.

Сонымен қатар, оқу – іздену үрдісінде оқырмандар негізгі оқулықтармен қатар, қосымша құрал ретіндек мерзімді басылымдарды пайданатындықтан жыл сайын кітап қорын түрлі республикалық, облыстық, мерзімдік баспасөз басылымдарымен жабдықталады, аталған жылы 34 атаулы баспасөз баслымдарға жазылып оқырмандарға насихатталуда. Оның ішінде республикалық - 8 газет, облыстық - 6 газет, 20 журнал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Түрлі педагогикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарға жазылу ұйымдастырылды. 

Кітап қорының жабдықталуы.

Техникалық және кәсіптік білім беру орындарына қойылатын басты талап, білім алушылардың оқулықтар мен электорндық басылымдармен нормативке сай қамтамасыз етілуі болып табылатын болса, коллдеж әкімшілігі кітапхана қорының сапалы және көлемді жабдықталуына мәселесіне ерекше көңіл бөлуінуде.

Кітапхана қоры отандық, жергілікті кітап сауда ортаылқтарынан сатып алу, кітап авторларымен жаңа үрдісті қолдануда, яғни ол интернет желісі мен электорнды поштаны пайдалану арқылы ірі баспалар мен кітап - саудалау орталықтарынан интернет кітап - дүкендеріне кіруге, қажет оқулықтардың тізімімен танысып тапсырыс бергуе мүмкіндік алуы. Соның нәтижесі аталған оқу жылында кітап қоры - 2042 оқулықпен толытырылып пайдалануда. Жалпы кітап қорындағы жаңа оқулықтар саны қордың 38% құрайды.

 

Кітапхананың сапалық көрсеткіштері

Кітапханаға оқырмандарды тарту жұмыстары және оқырманға кітап беру саны жылдан жылға көбеюде.

Сандық мәліметтерге сүйенсек, оқу процесіне пайдалануға оқырманға қолға беріліп отырған кітап саны мен баспасөз басылымдары - 82209 дана болса, кітапханаға оқырмандардың келу саны - 59132 құрайды, келім саны - 29,8 оқылым саны - 40,9, айналымдық - 1,9, кітаппен қамсыздандыру саны - 22,2 дананы көрсетіп отыр.

Кітапханадағы көпшілік шаралар

Кітапханада оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуда, ол оқырмандарды дәстүрлі және электорнды тасымалдағыш құралдарымен қамтамасыз ету, кітапханалық – библиорафиялық үрдістерді автоматтандыру негізінде өзіндік ресурстарға мүмкіндік беру, қорды насихаттау және білімді – жастардың рухани ой- өрісін , патриоттық, педагогикалық, эстетикалық және мәдени тәрбиесін дамыту,. Білімге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында даталы күндерге арналған, заман талабына сай жаңа технологиялар арқылы ғаламтормен жұмыс жасауға бейімдеу мақсатында, оқырмандардың ойын ұшқырлайтын жоспарға сай іс- шараларды оздыруда, атап айтатын болсақ, ақын –жазушылардың шығармаларына арналған оқырман конференциясы, поэзия сағаттары, әдеби сазды, портрет кештері, пікірталас, тұрақты кітап көрмелері, өнегелі әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, мәдени- мұраларын жалпы әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттау, тақырыптық бибилиографиялық шолулар т.б. жұмыс түрлері жүргізіледі.

Әр оқу жылының басында дәстүрлі түрде 1 – курс студенттеріне арналған кітапханамен таныстыру сабақтары жүргізіледі. Бұл сабақтар 1- курс студенттерін «Кітапхананы пайдалану Ережесін» таныстырумен қатар, оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

19 қыркүйек күні «Тіл татулық тірегі»- атты тақырыбында 1п КШИ, 2п КДО топтарымен ұйымдастырылған танымдық кеш өтті.

Жыл бойына кітапханада

Т.Ахтановтың туғанына- 95 жыл (1923-1994)

С.Торйғыровтың туғанына -125 жыл (1893-1920)

Х.Есенжановтың туғанына -110 жыл (1908-1974)

Көрмелер шығарылып кітаптар ұсынылып насихатталып отырылды.

Адам кітап оқу арқылы өзінің құлазыған көңілін көтере алады. Көтеріңкі көңіл- күй қашанда адамға қуат беріп, бойын сергітеді.Қазіргі заман талабына сай өркениетті қызмет көрсетіп жаңа технологиядар таныстыру мақсатында

OR- код бағдарламасымен таныстырылып оқырман арасында көрсетілді. OR- код «Шұғыл жауап» - бұл мобильді телефон камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді (бар код)

штрих код.

Ғаділова.Б. -1п КШО Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»

Серікова. Ж- 2а МК Н.Келімбетов «Үміт үгім келмейді»

Мұхатрова.Ш.- 1а КШК Ақбай «Жанша» кітаптарын жаңа технологиямен таныстырды.

Ақпараттық – бибилиографиялық жұмыс.

Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау. Арнайы жабдықталған электронды оқу залы, жаңа электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары, кітапхана қорындағы сұраныстағы оқулықтарды электронды түрде ауыстыру мүмкіндіктерін жолға қойылуда.

Анықтамалық – библиографиялық жұмысты заманауи технологияға сәйкес жүргізу бағытында «Кітапхана ісі» бағдарламасына кітап қорын енгізу, электрондық қор базасы жасақтау жалғасын табуда. Бағдарламада оқу, оқу- әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бойынша анықтама, жаңадан келіп түскен оқулықтар туралы мәлімет алуға болады.

14 мың данаға жуық басылымдармен, 100-ге жуық мақала тақырыптарымен танысып, «Web-құрамдас» бөлігіндегі іздеу ұяшығына атауды енгізу арқылы қажетті оқулықты іздеп таба алады.

Оқытушылар мен білім алушылар үшін бағдарламаға қолжетімділік кітапханадағы 6 компьютер арқылы ұйымдастырыллған. Кітапханада 70-ке жуық оқулықтардың электрондық нұсқауларын колледж оқытушылары мен студенттерінің қолдануына қолжетімділік ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, жаңадан түскен кітаптарға көрме жасалып оқырмандармен, кафедра оқытушылары арнайы таныстырылды.

Жаңа кітаптарға шолу

Сонымен қатар, кітапханада күнделікті техникалық жұмыстар жүргізіліп отырылады. Атап айтатын болсақ, жаңа түскен кітаптарды өңдеу, жөндеуге іріктелген дана кітаптармен жұмыс жүргізу.

 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 1312

Кеше 1197

Осы аптада 3754

Осы айда 5849

Барлығы 183368

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска