Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Ішкі тәртібінің Ережесі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж МКҚК

директорының          «___»_____________2018 жылғы

бұйрығымен бекітілген

 

 

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы  «Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі»  МКҚК

Ішкі тәртібінің Ережесі

( әрі қарай- колледж)

 

1 Жалпы ережелер

1.1 Осы ішкі тәртіп Ережесі 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына  сәйкес;  Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы  2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің және колледж жарғысы – білім алушылардың білім беру мен тәрбиелеу, интеллектуалды, рухани-адамгершілік, шығармашылық және кәсіби дамуына жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау,  олардың білім беру қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру, барлық қатысушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен міндеттерін орындау мақсатында колледж жұмысының ішкі тәртібін реттеу үшін жасалды.

1.2 Колледждегі еңбек және оқу үрдісі  Ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға негізделген. Бұл ережелер студенттер мен колледж қызметкерлерінің мінез-құлық нормалары мен іс-әрекеттерін анықтайтын негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.

1.3 Қазақстан Республикасы Заңының «Білім туралы» 47-бабы 14-тармағына сәйкес колледж білім алушылары осы ішкі ережелерді орындауға міндетті.

1.4 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабы 18-тармағының негізінде колледждің білім алушылары міндеттерін бұзғаны үшін оларға осы ішкі ережелерде көрсетілген тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

2 Жұмыс уақыты және оқу уақытын ұйымдастыру

2.1. Колледжде 5 күндік оқу аптасы белгіленген.

2.2. Колледж қызметкерлері үшін аптасына 40 сағаттық  бес күндік жұмыс аптасы қарастырылып сәйкесінше келесі жұмыс  тәртібі белгіленген:

-Жұмыстың басталуы – 9.00;

-Жұмыстың аяқталуы – 18.00;

-Түскі үзіліс – 13.00 – 14.00;

2.3.Оқытушылар мен студенттер үшін келесідей жұмыс уақыты мен оқу уақыты белгіленген:

- оқу уақыты 8.00-ден басталып,  және оқу үдерісінің негізінде сағат 19.20 –те  аяқталады.

2.4. Колледжде оқу сабақтары 8.00-ден 19.20-ке дейін өтеді.

2.5 Сабақтар арасындағы үзіліс - бес минут (2. орта білімнен кейінгі Техникалық және кәсіптік, білім беру ұйымдарының түрлерінің жұмыс тәртібі. Параграф 1. Колледждің 18 бабына сәйкес сабақтың барлық түрлері үшін академиялық сағат 45 минутты құрайды, үзіліспен 5 минут, 2 академиялық сағат өткеннен кейін 10 минут). Күніне екі рет он бес минут үлкен үзіліс беріледі.

 2.6. Оқу күндері - дүйсенбі мен жұма аралығы болып белгіленген.

Мереке және демалыс күндері сабақтар өткізілмейді.

Қорытынды және аралық аттестациялар директордың бұйрығымен бекітілген оқу үрдісінің белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2.7. Сабаққа қатысу міндетті болып табылады. Сабақтан босату медицина қызметкерінің қорытындысы негізінде  және топтың кураторы, бөлім меңгерушісі, оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасарынің келісімімен болған жағдайда студенттің жазбаша өтініші бойынша жүзеге асады.

 2.8. Оқу кестесі семестрге құрастырылып және басталғанға дейін бір аптадан кешіктірмей ілінеді.

Колледждің академиялық сағатының ұзақтығы - 45 минут, жұптық сабақтар - 80 минут.

Кешігу, сабақтан ертерек кету, сабақ өткізілетін жерден өз еркімен уақытша кетуге рұқсат етілмейді.

2.9. Топтағы оқу ұзақтығы әдетте 6-8 академиялық сағатқа белгіленеді.

2.10. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы оқу жылы үшін он бір апта, оның ішінде қысқы кезеңде екі апта.

2.11. Педагогикалық практика кестесі колледж директорының бұйрығымен бекітілген педагогикалық практиканың кестесіне сәйкес жасалады.

2.12. Сабақтар бір семестрге оқу бөлімінің меңгерушісімен құрастырылған және колледж директоры бекіткен оқу кестесі бойынша өткізіледі.

2.13. Оқытушылар семестр ішінде аптасына 2 сағаттан кем емес кесте бойынша қосымша сабақ жүргізеді. Сессия барысында консультациялар оқу бөлімінің меңгерушісі құрған және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

2.14. Әрбір топқа  белгіленген формада жасалған журнал жүргізіледі. Журнал оқу бөлімінде кафедра меңгерушісінің басшылығымен сақталады және оқытушыға сабақ басталар алдында ғана беріледі. Факультатив сабақтарының журналы кафедрада сақталады.

2.15. Бөгде тұлғаларға  директордың немесе директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасарының рұқсатынсыз сабаққа қатысуға жіберілмейді. Ата-аналар тарапынан оқытушылардың сабақтарына қатысу колледж әкімшілігіне  және кураторларға алдын ала ескерткеннен кейін ата-аналар жиналыстарында және ата-аналар күндерінде рұқсат ретіледі.

2.16. Әр айдың соңғы сенбісінде аудиториялар мен белгіленген аймақтарға тазалау жұмыстары жүргізіледі. Оны жүзеге асыру директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары мен топ кураторларына жүктеледі.

2.17. Әр күні сабақтан кейін бөлім меңгерушілері білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, қатыспағандарын жазып алып, талдау жасайды және айына екі рет апта сайынғы директордың орынбасарлары мен бөлім меңгерушілерінің жиналысында қорытындысын хабарлайды.

 2.18 Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз білім алушыларды түрлі іс-шараларға (дайындық, жарыстарға) босатуға қатаң тыйым салынады.

 2.19. Теориялық оқыту журналдарын толтыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру қызметінде білім беру ұйымы қолданатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

2.20 Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз оқытушылардың өзара келісімі бойынша сабақтарды ауыстыруына  қатаң тыйым салынады.

2.21 Барлық сабақтан тыс іс-шаралар директормен бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Колледждегі жалпы іс-шараларды өткізу кезінде топтардың кураторларының кезекшілігі міндетті болып табылады. Басқа қызметкерлердің кезекшілігі – бөлек кесте бойынша жүргізіледі.

2.22 Оқу үрдісінде денсаулық сақтау технологияларын енгізу, студенттердің денсаулығын сақтау және насихаттау мақсатында колледж директорымен бекітілген жоспар бойынша ай сайынғы денсаулық күндері өткізіледі.

2.23 Колледжде, сондай-ақ одан тыс жерде өткізілетін іс-шараларда студенттердің өмірі мен денсаулығына жауапкершілік директордың бұйрығымен тағайындалған оқытушыға жүктеледі.  

2.24 Сабақта ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат  берілмейді.

2.25. Білім алушылар ауырып қалған жағдайда дәрігердің анықтамасы  және кафедра меңгерушісінің жазбаша рұқсатымен сабақтан босатылады.

2.26 білім алушыларға оқу-тәрбие үрдісі кезінде колледж террриториясынан шығуға тыйым салынады (айрықша жағдайларда: үлкен үзіліс және т.б.).

2.27 Оқу үрдісіндегі демалыс уақытында еңбек демалысына шықпаған оқытушылар әдістемелік жұмыстар мен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және студенттерді оқуыту мен тәрбиелеуге байланысты жұмыстарға, жаңа оқу жылына немесе семестрге дайындық жұмыстарына қатысады. 

2.28. Оқытушының жұмыс уақыты сабаққа дайындалу мен студенттердің жазба жұмыстарын тексерген уақытын есептемегенде, оқу кестесімен, сонымен қоса мекеменің тәрбиелік және әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес  анықталады.

2.29. Оқытушылар ауырып немесе басқа себептермен жұмысқа шығуға қабілетсіз болған жағдайда кафедра меңгерушісіне немесе оқу бөлімінің диспетчеріне сабақ басталмас бұрын хабарлауға міндетті.

2.30. Колледж аумағында және 150 м радиуста колледждің іргелес аумағында темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады (тыйым салынған жерде темекі шеккені үшін айыппұл)

2.30 Басқа оқу орындарының білім алушыларын  ауыстыру білім беру ұйымдарының түрлері бойынша студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

2.31 Студентті колледжге қабылдаған кезде студент және (немесе) оның ата-анасы (заңды өкілдері) колледж жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына ие лицензия және ішкі тәртіп ережесімен  танысуға құқылы.

2.32 Жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру кәсіподақ комитеті мен колледж қызметкерлерімен келісім бойынша әкімшілікпен белгіленеді. Еңбек демалысының кестесі ағымдағы оқу жылының 1-ші сәуіріне дейін жасалады және барлық колледж қызметкерлеріне қол қойдыру арқылы жарияланады.

 

3 Колледж әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері

3.1. Оқу мекемесі дамуының негізгі бағыттарын, оның құрылымын айқындау, штаттық кестесін бекіту, лауазымдық міндеттерін бөлу.

3.2 Ұжым алдына перспективалық және ағымдағы жұмыс мақсаттарын қою, нәтижелерді бақылау.

3.3 Өкілетті органдардың алдында колледждің мүддесін қорғау, әр түрлі мемлекеттік органдарда оны ұсыну.

3.4 Белгіленген тәртіпте колледж Жарғысын әзірлеу  және бекітуге ұсыну.

3.5 Колледждің ішкі тәртіп Ережесін әзірлеу және бекітуге ұсыну.

3.6 Барлық қызметкерлерден өз міндеттерін, бұйрықтар және нұсқауларды, сондай-ақ ішкі нормативтік ішкі тәртіп Ережесін қатаң түрде және нақты орындауын талап ету.

3.7 Өз қаражаты шегінде қызметкерлердің жалақысы мен лауазымдық айлықақыларының ставкаларын белгілеу.

3.8. Лауазымдық жалақыға үстеме және қосымша ақыны, сыйақы беру тәртібі мен мөлшерін белгілеу.

3.9. Аттестация комиссия арқылы оқытушылардың, қызметкерлердің кәсіби жарамдылық дәрежесін анықтау, еңбегін бағалау және осы негізде педагогикалық жүктемесін көтеру немесе төмендету.  

3.10 Министрліктің Құрмет грамотасына, наградасына және құрметті атақтарға ұсыну өкілетті органдарға олардың жұмыстарын ұсыну арқылы жүзеге асады. Қызметкерлерді ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тарту. 

3.11 Колледжге сеніп тапсырылған мүлік, қаржы, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану.

3.12. Колледжге сеніп тапсырылған мүлікке, ғимараттар мен құрылыстарға зиян келтіргені үшін материалдық жауапкершілікке тарту, ал кейбір жағдайларда қызметкерлер мен студенттерді  әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы үшін  тиісті органдарға ұсыну.

3.13 Басқа ұйымдармен және мекемелермен және жеке азаматтармен қатынастарда заңды тұлға ретінде әрекет ету.

3.14. Білім беру үрдісінің кез келген қатысушысына және колледждің басқа қызметкерлеріне педагогикалық әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу үшін басқа да шаралар қабылдау және қолдану.

3.15 Кадрлық мәселелерді шешуде, туыстықтың, бауырластық пен жеке адалдығының белгілеріне басымдық бермей, меритократия қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету, колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздік атмосферасын қалыптастыру.

 3.16 Ұжымда  іскерлік және достық қарым-қатынастар мен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға жәрдемдесу.

3.17 Оқу үдерісінің кез келген қатысушысына және колледждің басқа қызметкерлеріне негізсіз айыптауға, дөрекілік фактілеріне, қадір-қасиетін қорлауға, қате және дұрыс емес әрекеттерге жол бермеу.

3.18 Оқытушылар мен  қызметкерлердің еңбегін лауазымдық нұсқаулық пен осы Ережеге сәйкес ұйымдастыру.

3.19 Нормативтік талаптарға сәйкес материалдық-техникалық  жабдықтармен қамтамасыз ету.

3.20 Оқу және еңбек үрдісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мекемінің жағдайына, жылу жүйесіне, жарықтандыруға, желдетуге, керекті құрал-жабдықтардың болуына жағдай туғызу.

3.21 Студенттерді қабылдау жоспарын орындау.

3.22 Оқытушылардың білім жетілдіруін қамтамсыз ету. Біліктілікті арттыру және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау.

3.23 Мәдени-тәрбиелік, дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарға қажетті жағдайларды жасау. Құқық бұзушылық, нашақорлық, ЖИТС, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегудің алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру. Нашақорлыққа, есірткіге, маскүнемдікке себеп болатын себептер мен жағдайларды анықтау және жою үшін мүмкін болатын шараларды қолдану.

3.24 Оқу жоспарларының орындалуын, оқу кестесін, емтихандарды, тестілеуді және консультация өткізуді қадағалау.

3.25 Қызметкерлер мен студенттердің еңбек қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптарына қатысты нұсқаулар мен нормативтік актілер бойынша білімдерін үнемі қадағалау.

3.26 Студенттердің жекелеген санаттарын уақытылы және материалдық көмекпен қамтамасыз ету.

3.27 Оқытушылар құрамы тарапынан педагогикалық этика ережелері мен ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы бұзылған жағдайда колледж оқушыларының құқықтарын сақтау үшін қамқоршылық кеңестің қарауына ұсыну.

 

4.Колледж қызметкерлері мен оқытушыларының құқықтары мен міндеттері

4.Колледждің педагогикалық қызметкерлері құқылы:

4.1. Кәсіби қызметі үшін жағдай жасауға;

4.2.Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтауға жататын педагогикалық қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

4.3 Педагогикалық практикада ғылыми және тәжірибелік зерттеудің тақырыбы мен нәтижелерін қолдану формасын еркін таңдауға;

4.4 Колледждің басқару органдарының жұмысына қатысуға;

4.5. Бес жылда бiр рет жұмыстан қол үзбей немесе қол үзіп біліктілігін арттыруға; 

4.6 Санатын көтеру, мансаптық өсу үшін мерзімінен бұрын аттестациядан өтуге;

4.7 Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін 56 күнтізбелік күн ақылы демалыс алуға;

4.8 Жеке педагогикалық қызметке;

4.9 Өзінің  кәсіби ар-намысын және қадір-қасиетін қорғауға;

4.10 Колледждің және оның қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдістемелік, патенттік, бағдарламалық, білім беру және ақпараттық технологиялар және т.б.) түріндегі зияткерлік меншіктің басқа түрлерімен бір деңгейде қорғауға;

4.11 Педагогикалық қызметтегі табысы үшін материалдық және моральдық көтермелеуге, ордендер мен медальдар, құрметті атақтар, белгілер мен дипломдармен марапатталуға;

4.12. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие  үрдісін тікелей жүзеге асыратын мұғалімдердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына реттеуші жүктеме жүктеледі:

1) 18 сағат

2) директордың жазбаша рұқсатымен педагогикалық жүктемесімен қосымша жұмыс атқаруға.

 Педагогикалық қызметкерлер міндетті:

4.13 Білім алушылардың Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім мен дағдыларды игеруін қамтамасыз етуге;

 4.14 Студенттердің жеке және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамытуды жүзеге асыруға;

4.15 Біліктілігін көтеру, соның ішінде үздіксіз өз білімін  жетілдіруге; 

4.16 Педагогикалық этиканың нормаларын сақтауға;

4.17 Өз қызметінде педагогикалық қызметкерлер:

1) білім алушыларды жоғары адамгершілікке тәрбиелеуге, ата-аналарына құрметпен қарауға, этномәдени құндылықтарға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға ықпал етуге;

2) Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерінің жоғары атағы беделін түсіретін іс-әрекеттерді жүзеге асыруға жол бермеуге;

3) өзінің қызметтік міндеттерін абыроймен және сапалы орындауға;

4) өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруді белсенді түрде жүзеге асыратын кәсіби дағдыларын үздіксіз жетілдіруге;

5) еңбек тәртібін қатаң сақтауға;

6) білім беру ұйымының мүлкіне мұқият қарауға және оны жеке мақсатта пайдаланбауға;

7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауды, өздерінің  мінез-құлқы бойынша адалдық, бейтараптық және әділеттілік үлгісін көрсету;

8) жеке немесе өзге де мақсаттар үшін қызметтік ақпаратты пайдалануға жол бермеуге;

9) ұжымда тұрақты және позитивті моральдық-психологиялық жағдайды жасауға жеке үлгі көрсету арқылы үлес қосуға;

10) қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскери киім стилін ұстануға міндеттенеді.

4.18. Педагогикалық қызметкерлер оқу үрдісіне қатысушылармен қарым-қатынаста:

1) жасына, жынысына, ұлтына, дiнiне, азаматтығына, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық, мүлiктiк жағдайына немесе өзге де мән-жайларына қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;

2) білім беру үдерісінің қатысушыларына қатысты қаржылық және басқа қорқыту фактілеріне жол бермеуге, әріптестері тарапынан мұндай әрекеттерге жол бермеуге  күш-жігерін салуға;

3) Өз  іс-әрекеттері арқылы қоғамның сын-ескертпелеріне жол бермеуге, оны толеранттылықпен қабылдауға, өзінің кәсіби қызметін жетілдіру үшін кемшіліктерді жоюға және  сындарлы сындарды қолдануға;

4) оқу үрдісіне қатысушыларға кәсіби қолдау көрсетуге;

4.19. Педагогикалық қызметкерлер әріптестермен қарым-қатынаста:

1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен дұрыс жүріп-тұруға;

2) басқа педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне ашық түрде күмән келтірмеуге.

4.19 Салауатты өмір салтын ұстану және оны студенттер арасында насихаттауға;

4.20 Студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастырушылық  және  әдістемелік басшылықты қамтамасыз етуге;

4.21 Колледж оқытушылары мен облыстың, республиканың, басқа да білім беру мекемелерінің оқытушыларының алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін зерделеуге;

4.22 Колледжішілік, аудандық, қалалық және республикалық іс-шараларға белсене қатысуға;

4.23 Студенттердің үлегріміндегі сәтсіздік себептерін анықтап, оларды білімдегі кемшіліктерін жоюға және оқу орнына бейімделуге көмектесуге;

4.24 Студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыста болуға;

4.26 Студенттер құрамын сақтау үшін үнемі жұмыстануға;

4.27 Бітірушілердің жұмыспен қамтылуын және кәсіптік өсуін бақылауға.

 

5.Студенттердің құқықтары мен міндеттері

Колледждің студенттері құқылы:

5.1 Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

5.1. Оқу жоспарына сәйкес өз қабілеттері мен талаптарын ескере отырып қосымша білім беру қызметтерін алуға;

5.3 Колледж басқару ісіне қатысуға;

5.4 Кітапхананың, ғаламтор желісінің ақпараттық ресурстарын еркін пайдалануға, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте оқулықтармен қамтамасыз етілуге;

5.5 Өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге, өзінің адамгершілік қадір-қасиетін құрметтеуге;

5.6 Оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметіндегі жетістіктері үшін көтермелеу мен марапаттауға;

5.7 Басқа аймақтардан қабылданған студенттерді колледж жатақханасында орын бар болған жағдайда орынмен қамтамасыз етуге;

5.8 Тегін және ақылы білім алу үшін кітапхана, аудитория, жабдықтар, құралдар, компьютерлік техника, аспаптар және басқа құралдарды осы мақсатта пайдалануға;

5.9 Оқу бағдарламалары мен жоспарын толықтай орындау үшін әкімшіліктен қажетті жағдай туғызуды, оқытушылардан сабақты сапалы өткізуді талап етуге;

5.10 Шығармашылықпен айналысуға, өнер саласындағы өз таланттарын ашуға, бос уақытты өз бетінше құру және дене бітімінің дамуына, асхана, жаттығу залы қызметтерін пайдалануға;

5.11 Білім алушылардың  жекелеген санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жеңілдіктер алуға;

Колледж студенттері міндетті:

5.12 Сабақтарға қатысып, білім алудағы мемлекеттік білім беру стандарттарының көлемінде білім алуға, дағдылар мен практикалық дағдыларды игеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

5.13 Денсаулық жағдайын күтіп, рухани және физикалық дамуға ұмтылуға;

5.14 Колледжге сабаққа басталудан 15 минут бұрын келуге;

5.15 Сабаққа келмеген жағдайда, кафедра меңгерушісіне немесе кураторға сабақта болмауы себептерін дәлелдейтін құжаттарды 3 күнтізбелік күн ішінде әкелуге;

5.16 Тәжірибелік жұмыс кезінде қауіпсіздік, өнеркәсіптік гигиена, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға;

5.17 Қоғамдық тәртіпті сақтауға;

5.18  Сабақ кезінде оқу тәртібін қатаң сақтау: оқытушының рұқсатынсыз сабақ кезінде орнынан тұруға, аудиторияда өз бетімен жүріп-тұруға, аудиториядан шықпауға, ұялы телефонды «дыбыссыз» режимге қоюға, оқытушының келісімінсіз аудио және видео құрылғыларын қолдануға болмайды;

5.19 Жатақханада тұру тәртібін және  санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді сақтауға;

5.20 Колледжде бекітілген  бірыңғай киім нормасын сақтауға: (жоғары жағы ашық түсті, төменгі жағы қою түсті; дене тәрбиесі сабағынан басқа кезде спорттық киімді киюге тыйым салынады, ұзын етекті юбка мен орамал тартуға тыйым салынады).

5.21 Студенттер мен тәрбиеленушілерге аурудың алдын алуға, денсаулығын нығайтуға, физикалық тұрғыдан жақсартуға, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қажетті шараларды қамтамасыз етуге;

5.23. Колледжде білім алушылардың денсаулық жағдайына жүйелі бақылау жүргізу, олардың денсаулығын қорғау, медициналық қызмет көрсету мақсатында медициналық пунктпен қамтамасыз ету;

5.24 Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес студенттерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүргізу;

5.25 Сабақ кестесі мен үзілістің ұзақтығы студенттердің тамақтануы мен белсенді демалысы үшін жеткілікті түрде құрылады.

Қатаң тыйым салынады:

5.26  Колледж ғимаратында және 150 м радиуста колледждің іргелес аумағында темекі шегуге;

5.27 Ғимарат дәлізінде және сабақ жүріп жатқан колледж аумағында нормаға сай емес лексиканы қолдануға, дауыс көтеріп сөйлеуге; 

5.28 Колледжге улы, есірткі заттарын, насвай, кальян, газ тәрізді, кез-келген қаруды, арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды әкелуге;

5.29 Есірткі, насвай, спирттік, энергетикалық сусындар қолдануға, колледжге алькоголь ішіп және есірткі шегіп келуге;

5.30 Басқа студенттер мен қызметкерлерге қарсы физикалық күш қолдануға;

5.31 Өзгелердің ар-намысы мен абыройын төмендетуге;

5.32.Өз тарапынан әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке (қарақшылық, ұрлық және т.б.) апаратын құқық бұзушылықтарға;

5.33 Құмар ойындарға қатысуға;

5.34 Арнайы қызметтерге қасақана жалған қоңырау шалуға;

5.35 Білім беру үрдісіне қатысы жоқ бөгде тұлғаларды колледжге алып келуге;

5.36 Оқу үдерісіне қатысатын кез келген қатысушыға және колледждің басқа қызметкерлеріне физикалық, психологиялық әсер етуге;

5.37 Колледждің мүлкін бұзуға, колледж ішінде  және аумағында қоқыс тастауға.

 

6 Ата-аналар немесе заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері

6. Ата-аналар (заңды өкілдер) құқылы:

6.1 Оқу және оқу орындарының түрін таңдауға. Ол үшін демалыс уақытында колледждің басшысына жазбаша өтініш беруі керек;

6.2. Баланың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға;

6.3 Ата-аналар студентке баға қойылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей қойылған бағамен келіспеу туралы өтініш беруге құқылы.

Ата-ана мен оқытушы арасындағы бағалаудың объективтілігі туралы қайшылық болған жағдайда, директордың бұйрығымен студенттің білімін тексеретін және тиісті бағалауды белгілейтін пәндік мамандар қатыстырыла отыра (әдіскерді қатыстыра отырып) тәуелсіз комиссия белгіленеді;

6.4 Баласының оқу үлгерімі мен тәртібі мәселесі қарастырылатын педагогикалық кеңеске қатысуға және талқылауға;

6.5 Колледждің басқару ісіне қатысуға, яғни жалпыколледжік ата-аналар комитетіне, Қамқоршылық кеңеске сайлануға немесе сайлауға құқылы. Жалпы колледждік және топтың ата-аналар жиналысына қатысып, өз пікірін айтуға;

6.6 Оқу үрдісінің барысы, мазмұнымен, білім алушының үлгерімімен танысуға;

6.7 Директордың немесе директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының және сабақ жүргізетін оқытушының келісімімен жасөспірім оқитын топтың сабақтарына қатысуға;

6.8 Студенттің оқу үлгерімімен танысуға;

7. Ата-аналар (заңды өкілдер) жауапкершілік алуға міндетті:

7.1 Балаларының техникалық және кәсіптік білім алуына жағдай жасауға және тәрбие беруге;

7.2 Студенттер келесі курсқа «шартты» ауысқан жағдайда педагогикалық кеңес шешімі бойынша белгіленген мерзім ішінде білім алушының академиялық қарыздарын жоюға;

7.3 Колледж жарғысын орындауға және колледждің ішкі тәртібін сақтауға;

7.4 Колледжде өткізілетін ата-аналар жиналыстарына қатысуға;

7.5 Білім алушылардың мемлекеттік меншікке мұқият қарауына.

 

8. Студенттерге арналған көтермелеулер  және тәртіптік жазалау шаралары

8.1. Студенттерге үздік, жақсы үлгерімі үшін және коллдж өміріне белсене араласқаны үшін, еңбекке ынтасы үшін мынандай көтермелеулер беріледі: алғыс жариялау, диплом, мақтау қағазы немесе құрмет грамотасы, бағалы сыйлықтар, оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі, ата-аналарына алғыс хат жіберу.

8.2. Студенттерге еңбек және оқу тәртібін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылады: ескерту, сөгіс, колледжден шығарылу мәселесін қарау үшін қамқоршылық кеңеске ұсыну.

8.3 Студент сабаққа кешіккен жағдайда, сабаққа жіберіледі, бірақ кафедра меңгерушісінен сол пән бойынша  келесі сабаққа рұқсат алуға міндетті.

8.4 Оқу және еңбек тәртібіне қатысты құқық бұзушылықтар бойынша ескеру, сөгіспен қоса алғанда кафедра жиналысында жүзеге асырылады. Аса маңызды құқық бұзушылықтар құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Қамқоршылық Кеңесте қаралады.

8.5 Жалған құжат көрсеткені үшін студент оқу орнынан шығарылады.

8.6 Колледжге қасақана материалдық зиян келтірген кезде студент: келтірілген зиян мөлшерін қалпына келтіруге міндетті және колледждің студенттер қатарынан шығарылуы мүмкін;

8.7 Колледжге қасақана емес материалдық зиян келтірген жағдайда  студент зиян мөлшерін қалпына келтіруге міндетті және  директордың бұйрығы бойынша колледждің ішкі есебіне қойылады.

 

9.Материалдық базаның және колледждегі санитарлық жағдайдың сақталуы

9.1 Оқу кабинетіндегі жиһаздардың сақталуына жауапкершілік арту мақсатында білім алушыларға тұрақты оқу  орнын бекіту.

9.2 Оқытушылар оқу жылы бойына  сабақтар арасында оқу кабинетін қабылдауды және жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Оқу кабинетіне және ондағы мүліктердің сақталуына сол кабинетте жұмыс жасайтын оқытушы толық жауапкершілік (соның ішінде материалдық та) алады.

9.3. Жиһазды, көрнекі құралдарды, оқу құрылғыларын, колледждің безендірілуін, стендтерді бүлдіргені үшін студент (немесе оның заңды өкілі) үш шарттың бірін орындайды:

 - бүлінген мүлікті қалпына келтіру;

- бухгалтерия мен маман анықтайтын зиян мөлшерін кассаға төлеу;

- жаңа меншікті өз есебінен сатып алу.

9.4 Колледж кітапханасындағы кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдарын бүлдіргені немесе жоғалтуы жағдайында студент екі шарттың бірін орындайды:

- жоғалған кітапқа тең дәрежедегі жаңа  баламалы кітап  сатып алу;

- Жоғалған оқулық, кітап немесе оқу құралының құнын төлеу.

 

10.Құқықбұзушылықтар

10.1. Әрбір құқық бұзушылық жағдайлар кафедра отырысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қатысуымен қаралады. Бұған куратордың мәлімдемесі, кезекші оқытушының, оқытушының, жәбірленуші студент  пен оның ата-анасының мәлімдемесі, соттан, ІІБ  түскен құжат және т.б. негіз болып табылады.

10.2 Егер студенттің есірткіге тәуелділігі, есірткіні сақтау немесе заңсыз саудамен айналысқаны, қылмыс жасағаны туралы фактілер мен дәлелдер болса, студенттің аты-жөні тиісті органдарға беріледі.

10.3. Колледждің, оқытушылардың, қызметкерлердің немесе студенттердің мүлкін ұрлап ұсталған студенттің ісі шешім шығару үшін колледждің Қамқоршылық кеңесіне қаралуға жіберіледі.

10.4 Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Кеңестің отырысына себепсіз келмеген студент директордың бұйрығымен колледжден шығарылады.  

10.5 Құқықбұзушылық бойынша оқудан шығарылған студенттер туралы бұйрық көпшілік білу үшін ілінеді.

10.6. Куратор студентке тағылған тәртіптік жаза туралы оның  ата-анасына үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.  

10.7 Оқу жылы мерзімінде кәмелетке толмаған студенттердің себепсіз сабақ жіберуіне ата-аналары ҚР ҚБтК 127-бабы 1, 2 тармағы бойынша жауапкершілік алып, айыппұл салынады.

10.8 Студент колледжден шығарылуы мүмкін:

а) өз еркі бойынша;

б) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;

в) оқу ақысын төлемегені үшін;

г) оқу тәртібін бұзғаны үшін:

  • академиялық демалыстан қайтып келмеу;
  • жүйелі түрде себепсіз сабақ жіберу; (семестрге жіберілген сағаттар саны 36 сағаттан аспайды);
  • колледжбен байланыс жоғалтқаны үшін (себепсіз ұзақ уақыт бойы болмауы);
  • оқу бағдарламалары мен оқу курсын қайта оқытуға қатысты білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшарт жасамағаны үшін (бұйрық шыққаннан бастап 10 күн ішінде);

д) ішкі тәртіп ережелері мен Колледж жарғысын бұзғаны үшін:

  • маскүнем күйінде сабаққа келу;
  • маскүнемдік күйін, есірткіге елтуді немесе басқа да уытты заттарға елту күйін туғызатын заттарды қолданғаны үшін;
  • колледж қабырғасында спирттік ішімдіктер ішіп, құмар ойындар ойнағаны үшін;
  • ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін;
  • колледждің мүлкіне залал келтіргені үшін;
  • жатақханада тұру ережелерін бұзғаны үшін;
  • колледжде қоғамға қарсы мінез-құлық көрсеткені үшін.

10.9. Сабақты себепті жіберуге мыналар жатады: емханадан анықтамамен куәланған медициналық тексеріс қорытындысы, шетелге іссапарға шығу, колледж әкімшілігімен келісілген облыстық деңгейдегі спорттық және басқа іс-шараларға қатысу, сонымен бірге форс-можорлық жағдайлар.

10.10 Студенттің оқу орнынан шығарылуы колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді.

10.11 Колледжден шығарылған студентке белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

10.12 Қайта оқу курсына қалдырылған білім беру грантының иегерлері оқу грантынан айырылады да,  оқуын ақылы негізде жалғастырады.

 

11. Сыртқы келбет

11.1. Колледждің әрбір білім алушысының сырт келбеті колледжде болған кезде, жыл мезгілдеріне қарай оқу немесе лауазымдық қызметін атқарған кезде, сабақ (іс-шара) өткізудің шарты және оның форматы жалпыға бірдей өзін-өзі ұстау нормасына, іскерлік стильге тән ұстамдылық, дәстүрлік, ұқыптылыққа сай болуы керек. 

11.2. Колледж органдардың және мүдделі тұлғалардың келісімімен аяқ киімге, киімге, шаш үлгісіне, аксессуарларға, зергерлік бұйымдарға, косметикаға және т.б. қатысты талаптарды анықтайтын сыртқы стандарттарды әзірлеуге және енгізуге құқылы.

11.3. Әрбір студент жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

     

БҚО Білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны».

 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 1066

Кеше 1197

Осы аптада 3508

Осы айда 5603

Барлығы 183122

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска